Тақырыптық конференция- белгілі бір нақтылы тақырыпқа негізделе отыра, көкейкесті мәселелерді шешуге арналады. Оның ауқымы кең. Конференцияның тақырыбы анықталып, мақсаты белгіленген жағдайда, оқушыларға қажетті әдебиеттерді оқу ұсынылады.
Конференцияны өткізу қарсаңында:
v Тақырыпқа сай көрме ұйымдастырылып, оған қажетті жабдықтар қойылады.
v Қабырға газеті шығарылады.
v Алдын-ала баяндама әзірленеді (ол жазба және ауызша сөйлеу мәдениетін дамытуға көмектеседі).
v Хабарландыру ілінеді (онда конференцияның өткізу мерзімі мен орны, тақырыбы белгіленеді).
v Ұыймдастыру органы сайланады.
v Стол үстіне гүл шоғы мен тақырыпқа сай кітаптар қойылады.
Тақырыптық конференция көбінесе жоғары сынып оқушыларымен ұйымдастырылады, соған сәйкес оның жұмысын өткізуді оқушылардың өзіне тапсырған жөн.
Конференция соңында сынып жетекшісі немесе жүргізуші қорытынды сөз сөйлейді. Атқарылған жұмыстарға баға беріп, конференция жұмысының жетістігі мен кемшілігіне тоқталып, маңыздылығын атап көрсетеді.
Баспасөз конференциясы– балаларды байқағыштыққа, оптимистік көтеріңкі көңіл-күйге баулиды, қаралып отыпған мәселенің мән-мағынасын ұғынып, білуге, әрі оны жүйеге келтіріп ауызша айтып беруге дағдыландырады.
Баспасөз конференциясы арнаулы орындарда өткізіледі. Сахнада конференцияға қатысушыларға алдын ала арнаулы орын әзірленеді. Конференцияны жүргізуші жауапты хатшы оның жұмысын ашып береді де, оған қатысушы арнайы шақырылған немесе өздері ұйымдастырған қонақтарды таныстырып, сұрақ қоюшыларға кезекпен кезек сөз беріп, ретімен жүргізіп отырады. Соңында оның жұмысын қорытындылайды.
3.10 Саяси хабарламаны өткізу әдістемесі
Саяси шолуға арналған хабарда бір-екі жұма ішінде біздің еліміз бен шетелдерде болған оқиғалар туралы хабар беріледі, мысалы, бұл хабарды мынадай жоспар негізінде өткізуге болады:
1. Бір аптадағы әлемдегі саяси жағдайларға қысқаша сипаттама.
2. Біздің еліміздегі, республикамыздағы ең маңызды, ең көрнекті табыстар, жаңалықтар туралы хабар.
3. Халықаралық жағдайдағы негізгі оқиғалар туралы хабар.
4. Шетелдердегі жастар өмірі туралы хабар.
5. Қорытындылар.
6. Тапсырмалар, кеңестер, ұсыныстар.
Саяси хабарлама аптасына бір рет өткізілуі тиіс. Саяси хабарламаның өтілуі, мерзім ұзақтығы:
v I – II сыныптар үшін – 5 – 10 мин;
v III – IV сыныптар үшін -10 – 15 мин;
v V – VII сыныптар үшін – 15 – 20 мин;
v VIII – XI сыныптар үшін – 20 – 30 мин;
Саяси хабарламаны ауызекі журнал, дөңгелек стол басындағы әңгіме, баспасөз конференциясы, саяси радио хабары секілді формаларда өткізуге болады.
Саяси хабарлама оқу жылының барысында ғана емес, сонымен бірге оқушылардың жазғы демалысы кезінде де, өндіріс бригадалары, жазғы еңбек тынығу лагерлерінде өткізіп отыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |