Өзіндік жұмыс Орындаған: Тақырыбы: Сыныптағы жұмысын жоспарлау әдістемесі мен техникасы. Мақсаты: Тәрбие жұмысын болжау, жобалау және құрастыру дағдыларын игеру


Конференция түрлері, оны өткізу әдістемесі



бет8/12
Дата17.02.2023
өлшемі76.68 Kb.
#469705
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Өзіндік жұмыс

3.9 Конференция түрлері, оны өткізу әдістемесі

Оқырмандар конференциясы- мектеп оқушыларының оқудан тыс кездерінде қызықты әдеби- көркем шығармалары мен ғылыми – көпшілік әдебиеттерінің оқуға деген ынтасын дамытудың аса маңызды тәрбие формасы.
Мақсаты: кітап жайлы оқушылардың қызығушылығы мен ойын танып білу, эстетикалық талғамы мен сенімдерін қалыптастыру, көркем-әдеби шығармаларын оқуға және оқи білуге дағдыландыру.
Міндеті: оқылған кітаптарды ұжым болып талқылау, оның мазмұнын, автордың ойын дұрыс түсінуге тәрбиелеу, жеткіншектерді сөйлей және ойлай білуге үйрету.
Сынып жетекшілеріне конференцияның өткізу барысында оқышылардың дара психологиялық ерекшеліктерін, рухани қажеттілігін, жалпы эстетикалық мәдениет дәрежелерін, адамгершілік қасиеттерін, сенімдерін танып білуге мүмкіндік туғызады.
Конференция тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасының бірі ретінде оған ұзақ мерзімді, әрі тыңғылықты дайындықты қажет етеді, оны аяқасты өткізуге болмайды.
Конференцияның табысты өтуінің бірден – бір шарттары:
1. Конференция тақырыбы немесе көркем-әдебиет шығармасын таңдаудағы кездейсоқтық.
2. Конференцияны өткізу орнының үйлесімсіздігі.
3. Конференцияны өткізу және оған дайындық барысында оқушыларды белсенді немесе белсенді емес деп топқа бөлу.
4. Конференция немесе оның тақырыбын талқылау барысында белсенді пікір алмасудың болмауы.
5. Конференцияның тақырыбы немесе онда көтеріліп отырған мәселелер оқушылардың күнделікті өмірінен алшақ болуы.
6. Конференцияны ұйымдастыру барысында оның сапасына, мазмұнына мән бермей сан қуалау басымдылығы т.б.
Дайындық барысында оқушылардың өзара пікір алмасуы, жазба жұмыстарын жүргізуінің өзі – конференцияның бастамасы, ал оны өткізу кезеңі - қорытындысы боп табылады.
Конференцияны өткізу барысында сынып жетекшісі кіріспе сөз сөйлеп, оның жұмысын бастайды. Онда таңдап алынған кітап жайлы, оның мақсаты, маңыздылығын айта келе, қатысып отырған қонақтарды таныстырып өтеді. Оқушылардың назарын нақтылы мәселелерге аударып, оны талқылауға бағыт бағдар береді. Ең негізгісі, оқушылардың қысылмай-қымтылмай өздерін жақсы сезінуге, ойларын бүкпей еркін айтуға, пікір алмасу барысынды өзара достық сезім, бірін-бірі құрметтеу жағдайында өткізуге қол жеткізу. Сынып жетекшілері, әдетте 2 немесе 3 оқушыны алдын-ала дайындап, ақыл-кеңес беріп қояды. Конференция жұмысын бұлай ұйымдастыру, кейбір жағдайда уақытты үнемдеуге, оның жұмысын нәтижелі ұйымдастыруға оң ықпалын тигізеді.
Конференция соңында сынып жетекшісі қорытынды сөз сөйлеп, оның жұмысына баға береді. Кейбір көлеңкелі тұсқа өзінің көзқарасын білдіреді. Мұндай жағдайда тек менікі дұрыс деген қорытынды аулақ болған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет