бөлек, оқшау тұрған нәрсе емес, ол шығарманың өн бойындағы көркемдік шешімдерден
өріліп шығады, солардан туындайтын қорытынды-түйін ретінде көрінеді.
Өнер өмірден туатын болса, суреткердің өмірден
ең алдымен іздеп табары - өз
шығармасының тақырыбы. Ал «тақырып дегенің ұйықтаған балық сияқты қарнын жоғары
қаратып, өмірдің бетінде қалқып жүрмейді. Тақырып – тереңде, ағыс арасында, нағыз
тұнық және
тегеурінді иірімдер ішінде; оны сол арадан іздеп таба біл, дөңбекшіген
толқын, сарқырама сел астынан тауып алып шыға біл». Демек, тақырып табу – бір күннің
не бірер әрекеттің шаруасы емес, жазушының бүкіл қаламгерлік қимылының өн бойында
жататын, творчестволық процестің барлық кезеңдеріне бірдей ортақ жұмыс. Егер
творчестволық процестің үш түрлі (материал) жинау,
жиналған материалды қорыту,
қорытылған материалды жазу кезеңі бар десек, тақырып осынау үш кезеңнің өн бойында
тұтас желі тартып жатады.
Айталық, жазушы творчестволық процестің алғашқы кезеңінде өмірдің әр алуан
құбылыстарын зерттейді, тексереді. Әрине, бұл құбылыстардың ішінде ірісі де, ұсағы да,
маңыздысы да, маңызсызы да, күрделісі де, кездейсоғы да... – бәрі де бар. Осының бәрі –
болашақ шығарманың материалы. Бірақ осылардың бәрі суреткер санасында тасқа таңба
басқандай ап-анық жатталып қала бермейді. Ең керектісі ғана қалады, керексі ұмытылады.
Неге десеңіз – әр суреткер өмір құбылыстарын тек өз дүниетанымының тұрғысынан ғана
танып, қабылдайды. Оны өмірде болатын кез келген құбылыс
жаппай қызықтыра
бермейді. Ол өз мақсатына керек құбылысқа ғана қызығады. Болашақ көркем шығармаға
негіз болатыны да сол – суреткер қызыққан құбылыс.
Жазушы өз творчествосымен өмірге үн қосады, үн қосқанда өз табының мақсат-
мүддесіне сай үн қосады. Көркем әдебиеттің жұрт үшін әшейін көңіл көтеру, бой сергіту,
«рақаттану құралы емес, адам тіршілігінің заңды жағдайларының бірі» (Л. Толстой)
болатын себебі де осында жатыр. Міне,
осылайша, өмірге үн қосу әрекетінен келіп әр
жазушының әр шығармасының идеясы тумақ.
Егер
тақырып – жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея –
Достарыңызбен бөлісу: