Сонымен, әдебиеттегі шындықты, яки адам образын жасауға қажет өмірлік
материалды жинақтау(обобщение) тек типтендіру тәсілімен ғана жүзеге асады. Мұның өзі
типтілік проблемасы әдебиеттің жалпы мәні мен маңызына жағалай теліне беретін
жағыдай, жалаң уағыз емес, жаппай жапсырыла беретін жамау емес, терең творчестволық
сипаттағы орасан күрделі мәселе екенін аңғартады. Бұл туралы жоғарыда аталған
мақалада «типтілік пен партиялылықты теңдестіру, типтілікті
реалистік өнердегі
партиялылықтың көрінетін негізгі сферасы, ол тек қана саясилыққа саяды деп қарау-
әдебиет пен өнердегі құбылыстарды тарихқа қарсы тұрғыдан бағалауға итермелейтіні;
суреткердің жасаған заманы мен жағдайларын ескермей, оның дүниеге көзқарасының
сипатын терең талдамай, типтілік атаулының бәрінен партиялық позицияның көрінісін
табуға тырысу- әдебиет пен өнердің партиялық принципіндегі нақтылы тарихи мазмұнды
көмескілейтіні» дәл және әділ айтылған. Творчествоның психологиясы- тым табиғи нәрсе,
ол жасандылыққа көнбейді, жасампаздық жетегіне ермейді.
Шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың
немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын қалыптастырумен қатар
оның ішкі ерекшілігін
көрсетіп, мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек, оқшау
танытып тұратын, оның тек өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын
психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті
әрқашан оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласып, ұштасып жату себебі де
сондықтан деп білу керек.
Көркем бейне, яки әдеби қаһарман дейік, я болмаса шығарма геройы не кейіпкері
немесе персонажы дейік, бәрібір, осылардың бәрі- бір-ақ ұғым- образ. Бейнелеу-
образдылық болса, бейне- образ. Әдебиеттегң адам, сөздегі сурет,
шығармада өмір
шындығын жинақтау, адам мінезін даралау, сайып келгенде, осылардың бәрінің сарқып
құяр сағасы біреу, ол- образ. Ал « образ-эстетикалық мәні бар, ойдан шығару арқылы әрі
нақты, әрі жинақты жасалған адам өмірінің әсем суреті». Образ жасау- тек таланттыға тән
әрекет. Ал «талантты жазушының әр образы- тип» дейді Белинский. Демек, біз тип туралы
толғаймыз.
Жазушының өмірдегі ұсақ-түйек, кездейсоқ жайлардан аулақ биік талғамы арқылы
жтнақтау және даралау әрекетінен әдеби бейне туады. Әдеби бейненің өмірдегі
модельдерін өзгерте, құбылта, құрпылта келгенде суреккердің шығармасындағы әр
кейіпкердің болмыс- бітімінде бір адамның емес, бір алуан адамның сыр-сипаты жатады.
Сонда бұл белгілі бір әлеуметтік ортадағы бір топ адамның өкілі ретінде танылады. Тип
сыры осында.
Типтендіру проблемасы секілді типтің өзі де тым кесек һәм күрделі нәрсе. Неге
десеңіз, мінез, бітім, әрекет, ұғым, рух, парасат жағынан байыптап қарасақ, нағыз
суреткердің қолынан туған әрбір әдеби тип-әрі әбден жинақталған,
сондықтан өзі
секілділердің бәрінен ұқсайтын жалпы тұлға, әрі әбден дараланған, сондықтан өзінен
өзгелерге ұқсамайтын жалқы тұлға. Демек, типтің түрі мен мазмұнында «жалпы» мен
«жалқының» бірлігі жатыр. Оның көркем образ ретіндегі кесектігі де, күрделігі де
осындай деп білу керек.
Типтік образ жасаудың осы шарттарының бәрі, түптеп келгенде, көркем әдебиетте
ақиқат шындықтың ең негізгі заңдылықтарын көрсету үшін керек. Мәселен, әдебиеттегі
бір байдың образы өмірдегі бірнеше байдың, бәр кедейдің образы бірнеше кедейдің ең
елеулі ерекшеліктерінен құралады да, тип болады. Сол арқылы ақиқат шындықтағы
байлар ортасы мен кедейлер ортасыдағы тіршілік –тағдыр заңдылықтары танытылмақ.
Итбай мен Игілік, Амантай мен Дәркембай солай жасалған. Әйтпесе, дәл осындай адамдар
ақиқат өмірдің өзінде дәл осынау сом тұлға, мықты мінез қалпында болды деп ұғу қате.
Әрине, осыларға бәр жағы болмаса бір жағынан ұқсайтын итбайлар мен игіліктер,
амантайлар мен дәркембайлар болды, бірақ олардың бәрі мыналардан әлдеқайда шағын,
қораш, ұсақ, күйкі болатын. Ал әдебиеттегі әлгі үлкен Итбай-өмірдегі ұсақ итбайларды,
Игілік-игіліктерді, Амантай-амантайларды, Дәркембай-дәркембайларды түгел қамтып,
тұтастыра көрсететін биік шоқы-қарауыл төбе іспетті. Типтендіру бір адам арқылы
өмірдегі мың адамды бір-ақ қамтып көрсетеді. Адам бар жерде мінез бар. Ал өмірдегі
алуан түрлі мінездің әдебиетте жинақталған біртұтас типі бар. Өмірге қарап өнерді
бағаласақ, өнерге қарап өмірге де «үкім» айтамыз:зымиян болса-Құнанбай, сараң болса-
Қарабай, аңқау болса-Мырқымбай, жалқау болса-Судырахмет дейміз. Өмір мен өнердің
бұлайша астасуы, өнердің өмірге айналуы-ұлы құбылыс. Бұл құблыс сөз өнеріндегі тек
типтендіру тәсіліиен, нәтижесінде нағыз тип арқылы ғана болмақ.
Әдеби мінез жайшылықтағы мінезден анағұрлым терең, анағұрлым кең.
Образ түрлері:
1. Реалистік образ- әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі.
2. Романтикалық образ- әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі.
3. Эпикалық образ- кескін –кейпі,
мінез- құлқы, іс- әрекетімен тұтас көрінген әрі
толық жинақталған, әрі әбден даралған тип.
4. Драмалық образ- эпикалық не лирикалық образдар секілді қағаз бетінде емес, тура
өмірдің өз аясында – сахнада көзбе- көз, қолма- қол жасалатын көркем бейне.
5. Юморлық образ- күлкілі кейіпкер; юмор- өмірдегі кісі күлерлік құбылыстардың
өнердегі сәулесі .
6. Сатиралық образ- ұнамсыз тип. Сатирамен суреттелер құбылыс – керексізб кесір
құбылыс.
7. Фантастикалық образ- қиядан туған қаһарман, адамның ақиқатқа ұқсас арманында
бедерленген бейне. Әдебиеттегі адам образының бағзы замандардан күні бүгінге
дейін келе жатқан көне түрлерінің бірі.
8. Трагедиялық образ- әдебиетте тым әріден келе жатқан адам бейнелерінің бірі.
Трагедиялық құбылыстар өмідірде де , өнерде де юморлық не стиралық
құбылыстар қарама- қарсы: юмор мен сатира да күлкілі жайлар ажуә, мысқыл,
кекесін түрінде көрінсе, трагедияда қатерлі нәрселер қайғы , қорқыныш, қаза
түрінде көрінеді.
9. Геройлық образ- ұнамды кейіпкер. Адамға тән небір тамаша сипаттардың синтезі
секілді сом тұлға, өз дәуірінің ең аяулы асыл мұраттарынан туған тарихи тип.
Образ – ерекше нақты сезімдік сурет, бейне , форма, үлгі, өмірді суретшінің идеясын,
сезімін, қайғысын көрсететін мазмұн мен форманың бірлігі.
Образдың негізгі компоненттері: суруттілік, нақтылық, қорытушылық, адам өмірін
бейнелеуі немесе адамның бейнеленген затқа қатысы, эстетикалық мағынасы мен қиялы.
Әдеби шығарма не туралы жасалса да бәрібір, сайып келгенде, бәрі де адам, тек адам
туралы ғана сыр шертеді. Сөз өнерінде адамнан тыс, адам
тағдырынан тыс бірде-бір
өрнек- өмір суреті жоқ және болуы да мүмкін емес. Бұл ретте, көркем шығармаларда
суреттелетін табиғат көріністерін, яки пейзажды да әншейін бір уақытпен кеңестіктің
дерегі ретінде даралап қарамай, адам образын толықтыра түсетін тәсіл десек, ағат
айтқан болмаймыз. Өйткені адамның сыры мен сезімінен, өмір тіршілігі мен көңіл
күйінен тыс ешқандай пейзаж болуы мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: