келеді.Гегель, бәрінен бұрын әдеттегі әр трлі жағдау суреттеліп, келе-келе ол
«шытынауға», «қақырауға» тиіс те, «... соның салдары тұлданған тайталастарға апаратын
ала ауыздыққа көшуі керек»,-дейді.Әрине, осылардың қай-қайқасысында да шындық бар:
«Тынық Дон» ә дегеннен Григорий мен Аксиня арасндағы ашыналық себеп болған алыс-
жұлыстан емес, әншейін өзен көркінен,
хутор көріністерінен, балық аулаудан, күнделік
тіршілік қарбаластарынан басталады.
Сюжеттің оған өзек болған өмірлік тартыстың әрбір иінінде, бұрылысында оқырманға
керегі-дәлел (мотивировка):образ үшін психологиялық дәлел, оқиға үшін логикалық
дәлел.Ол жоқ жерде-образ да жасанды, оқиға да жадған.
Дала әміршісі Құнанбайға қарсы Абайды ашық тартысқа, бітімсіз күреске әкелген осы
жайлар еді.Бұл-әке мен бала арасындағы әлдеқалай араздық емес.Бұл – таптық сипаттағы
ірі тартыс, дүниеге екі ұдай көзқарастың, ескі мен жаңаның тартысы.
Осының бәрі-сюжет арқауындағы күрделі тартысты заңды дамытып жатқан көп-көп
психологиялық дәлелдің кейбір құпия сырлары ғана;
оны және өзге емес, эпопея
авторының өзі талдап, тарата түсіндіріп отыр.
Бұдан шығатын қорытынды: сюжеттің жаны мен жүрегі – тартыс.Ал тартыстан
сюжет құрап, қалыптастыратын – композиция.
Композиция (латынша composito – құрастыру, қиыстыру) бірер сөзбен айтқанда,
көркем шығарманың құрылысы, оның үлкен – кішілі бөлім – бөлшектерінің бір – бірімен
қисынды түрде қиюластырылып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық –
бірлігі.Шығарманың құрылысы шымыр болуы, бас – аяғы, жеке тараулары жинақы келуі
жекеленген бөлім – бөлшектерінің орынды жалғасуына байланысты.Л.Толстой: көлемді
шығармада алдымен үлкен ірі бөлімдердің пропорциясы, өзара қатынас – байланысы
ұтымды, мағыналы болуы қажет деген пікір айтқан.Онан кейін ұсақ бөлшектерді реттеп
орналастыру, айшықтауға мүмкіндік болады дейді.
Әдеби шығарманың композициялық құрылысының
ұтымдылығы сөз болатын
мәселелерді, суреттелетін жағдайларды, кейіпкерлердің іс - әрекетін талғап, таңдай білу,
оларды екшеп, сұрыптап алу, қисынын тауып қиюластыра білу шеберлігіне жалғас келеді
және, түптеп келгенде, бұл жазушының қандай шиеленіскен жағдай болса да түйінін
тауып, ақ пен қараны ажыратып, не нәрсенің мәнді, маңызды екенін терең түсінетін
көрегендігіне байланысты болады.
«Өлең бе, драма ма, картина ма, ән бе, симфония ма, бәрібір, - дейді Л.Толстой, - әйтеуір
нағыз көркем шығарманың мән – мазмұнына зақым келтірмей небір шумағын, небір
көрінісін,
небір фигурасын, өз орнынан алып, басқа жерге қоюға болмайды».
Осының бәрі – шебер құрылған композицияның нәтижесі.
Композиция, сөз жоқ, сюжетпен тығыз байланысты:сюжет те, композиция да әдеби
шығарманың мазмұнын көркем жинақтап, мазмұнды пішінге көшірудің құралы,
тәсілі.Бұлар да мазмұн мен пішін, не тақырып пен идея секілді біріне – бірі көшіп
отыратын нәрселер.Сюжет – сюжет болу үшін оның барлық кезең – кезеңі түп – түгел
белгілі бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет.
Біріншіден, сюжет кез келген көркем шығармада бола бермейді, яғни композиция
барлық шығармаларда түгел болатыны – оның сюжеттен бір өзгешелігі. Екіншіден,
композиция сюжеттің өрбу кезеңдерін жүйеге түсіріп қана қоймайды,, сюжеттен тыс
нәрселерді де өзара қиюластырып, белгілі бір арнаға салады. Сюжетті шығармалардағы
оқиға желісін, адамдардың арақатынасын, образдар жүйесін қалыптастыруда ешқандай
стандарт жоқ.Әр суреткер өз шығармасының сюжетін өз қалауынша құрады.Демек,
сюжеттің композициялық бітімі де әркімде әр түрлі болуы мүмкін.
Әр шығарманың архитектоникасы әр түрлі.Сөйте тұра, бұл атылғандардың бірі де
сюжеттің табиғи басталуы (экспозиция), байланысы (завязка), дамуы (ситуация),
шарықтауы (кульминация), шешімі (развязка) болатынын жоққа шығармайды.
Сюжеттің басталуы (латынша exspositio – дәйектеме). Оның кіріспесі іспеттес;
мұнда әдеби қаһарамандар өзара қарым-қатынасқа
көшпес бұрынғы хал-жағдайды,
тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі.
Сюжеттік байланыс - адамдар арасындағы әрекеттің басы, тартыстың басталуы
іспеттес, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі.
Сюжеттік даму адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыл-әрекетінен туған түрліше
жағдайларға
шиеленістерге байланысты.Шығарманың фабуласы да бірінен-бірі туатын әр
алуан ситуациядан, интригадан құралады. Бұлар жоқ жерде сюжеттік даму да, фабулалық
оқиға да жоқ.
Шарықтау шегі( латынша - шың) – сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы;
адамдар
арасындағы
қимыл-әрекеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері; шығармадағы
драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі.
Шешім (развязка) – суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған
«үкімі»; адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі;
түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже; оқиғаға қатысушылардың ең ақырғы
хал-күйі; күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.
Сонымен,сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан
қиысиырып тұратын нәрсе – шығарманың композициясы.
Ал композициялық шеберлік – шығармадағы барлық бөлшекті бір ғана бүтінге
тұтастыру, бәрін бір ғана нәрсеге – негізгі идеяға - бағындыру.
Композицияның құрамына сюжеттің кезең-кезеңдері ғана емес, сюжеттен тыс
нәрселер де кіреді. Солардың бірі –
пролог(грекше – алғы сөз) – көркем шығармадағы
кіріспелердің бірі. Мұнда кейде сюжетке дейінгі бірнеше оқиға баяндалады.
Прологпен қатар тоқтала кеиеитін бір нәрсе -
эпилог (грекше – соңғы сөз) – көркем
шығарманы қорытудың бір түрі.: тартыс аяқталып, өзекті оқиғалар біткен соң, сюжеттік
шешімнен кейін келіп, басты қаһармандардың одан арғы хал-*күйінен қысқаша мәлімет
береді де, сол арқылы автордың негізгі идеясын толықтыра, кейде тіпті тереңдете түседі.
Әдебиеттер:
1. Қабдолов З. Сөз өнері. А., 1992ж
2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. А., 1959ж
3. Абрамович Г. Введение в литературовведение. М., 1976ж
4. Байтұрсынов А. Шығармалары. –Алматы, 1996.
5. Тимофеев Л.И. Основы теории литературы. Москва,1976.
6. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. Алматы, 1994.
7. Әдебиеттану терминдер сөздігі. – Алматы: Ана тілі, 1998.
8. Базарбаев М. Өлең – сөздің патшасы. – Алматы, 1996.
9. Нұрқатов А. Идея және образ. Алматы, 1962.
10. Дербісалин Ә. Әдебиет туралы толғаныстар. Алматы, 1990.
Достарыңызбен бөлісу: