Сөз өнеріндегі шешуші нәрсе – сурет деу аз; сөз өнеріндегі шешуші нәрсе – жай сурет
емес, жанды сурет, яғни суретке, бейнеге адам тура «қолмен түртіп қалғысы келгендей»(
Горкий) тірлік дарытатын қимыл - әрекет.Сюжет пен композицияның сыр – сипатын, міне,
дәл осы ұғымның тұрғысынан тану қажет.
Сюжет ( французша sujet - зат) – көркем шығарманың мазмұнын ашып, мазмұнды
пішінге көшірудің негізгі түрі, жолы немесе тәсілі.Егер көркем шығарманың мазмұны
түрліше мінездер мен типтердің өзара қарым- қатынасынан
туған шындық, өмірлік
оқиғалар тізбегі десек, осының өзі сюжетте адамдар мен заттардың тұтасқан ішкі –сыртқы
қимыл – әрекет жүйесі ретінде ,кәдімгідей қозғалыс, белгілі бір даму үстінде
көрінеді.Сондықтан болса керек, «сюжет
дегеніміз,-дейді Горкий, -жалпы алғанда,
адамдардың өзара қарым-қатысы, байланысы, қайшылықтары, жек көру,жақсы көру, әр
характкрдің, типтің өсу, жасалу тарихы».Бұл - классикалық анықтама.Мысалыға:
Б.Майлиннің «Шұғаның белгісін»алып қарасақ, оның сюжетін
дәл осы анықтама
тұрғысынан пайымдап қарасақ, «Әбдірахман Шұғаға ғашық болады» деген фабулалық
мәліметтің мүлде жеткіліксіз екенін, демек, фабула тіпті де
сюжет бола алмайтыны
аңғару қиын емес.Егер фабула «Әбдірахманның Шұғаға ғашық болғаны» қысқа ғана
хабарлап тынса, сюжет осы ғашықтықтың құпия сырына, Әбдірахман мен Шұғаның өзара
қарым-қатынасына, олардың жан дүниесіне, түрліше сезім иірімдеріне, қимыл-әрекетіне,
олар кездескен кедергілер мен қайшылықтарға, олар түскен күрес-тартыстарға, осылар
арқылы қалыптасқанолардың адамдық тағдырлары мен болмыстарына,
ақыр аяғында
олардың әдеби қаһарман, типтік тұлға, қоғамдық характер ретіндегі «өсу, жасалу
тарихына»тереңдеп кетеді.Осыларды сюжеттек желіге көшіре суреттеу арқылы жазушы
өмірді өнерге айналдырып, өз қолымен өзгеше бір тіршілік дүниесін жасайды.
Сюжеттен пайда болған өзгеше тіршілік дүниесінің - әдеби қаһармандар әлемінің
«айрықша өз өмірі, өз тарихы, өз географиясы мен этнографиясы»
болатынын Гончаров
атап айтып, бұл әлемге ену оқырман үшін жаңалық ашу, жаңадан жер көріп, ел тану
тәрізді болатынын қызық дәлелдеген –ді.Бұған қарағанда, сюжет арқылы жасалған «тың
тіршілік әлемінде» өзінше бітім байқалады.
Сюжет жекелеген қимыл ғана емес, жүйелі әрекет, яғни желілі оқиға.
Сюжет пен фабуланы бөле қарап, параллель жасаушылар сюжетті - әрекет, фабуланы –
оқиға деп ұғатыны мәлім.Оқиғаны әрекеттен
бөлуге болмайтыны сияқты, фабуланы
сюжеттен бөлмей, екеуін бір ұғфмға сыйғыза тексерген Л. Тимофеев пен Л.
Щепилованың толғамдарында толып жатқан нанымды дәлелдер бар.
Фабула
– көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу, мазмұндау.
Сюжет дегеніміз өнер туындысының мазмұнына айналған өмірлік оқиғалардың өзара
байланысы, өрбуі, өрістеуі екені даусыз. Бір – бірімен қарым – қатынастағы адам
тұлғалары осынау өзекті оқиғалар арнасында, тұтасқан түрлі – түрлі әрекет үстінде,
шиеленіскен шытырман күрес, қақтығыс, қарама – қарсылық ішінде қалыптасады.
Сюжетті шығармалардың мазмұнында көбіне күрделі қайшылықтар, өмірлік тартыстар
желі тартып жату себебі де соған байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: