П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий



бет18/31
Дата25.02.2016
өлшемі7.77 Mb.
#24316
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31

Әдебиеттер

  1. Қайдар Ә., Оразов М. Түркітануға кіріспе. - Алматы, 2004. – б. 358.

  2. Иванов С.Н. Н.Ф.Катанов - М, 1962.- с. 150

  3. Кокова И.Ф. Н.Ф.Катанов: Документально –публицистическое эссе. - Абакан, 1993. – с. 85

  4. Н.Ф.Катанов Автобиография и Библиография. // Составитель И.Л.Кызласов. – Абакан, 2000. – с. 50.

  5. Малов С.Е. Н.Ф.Катанов, проф. Казанского университета (1862-1922гг. К 95-летию со дня рождения // Қазақ ССР Ғылым Академиясының Хабаршысы. №5 -1958. – б. 6.

Р.К. Мухамбеткалиева, Ж.Т. Нугманова

ЗНАЧИМОСТЬ НАУЧНЫХ ТРУДОВ ПРОФЕССОРА Н.Ф.КАТАНОВА
В статье всесторонне рассмотрены роль и значение работ видного тюрколога Николая Федоровича Катанова, связанные с духовным укладом тюркоязычных этносов, отражающих их самобытность, традиции, этнографические особенности. Указана актуальность научного вклада Н.Ф.Катанова в контексте развития современной тюркологии.

Особое внимание уделяется роли ученого в ракурсе объединения тюркских государств для сохранения, защиты и развития национальных ценностей в условиях глобализации. Делается вывод об актуальности культурно-духовного развития Казахстана в контексте тюркской интеграции.



Ключевые слова: этнография, фольклор, культура, тюркология, биография.
R.K. Mukhambetkalieva, Zh.T. Nugmanova

THE IMPORTANCE OF PROFESSOR N.F.KATANOV’S SCIENTIFIC WORKS
The papercomprehensivelyreviewedthe role and significanceof a prominentturkologist N.F.Katanovin the development ofa spiritualway of lifeassociated withthe Turkic-speakingethnic groups, reflecting their identity, traditions, etnografichesikefeatures. Indicatedthe relevanceof scientificcontributions, N.F.Katanovin the contextof the modernTurkic.

Particular attention ispaid to the roleof the scientistfrom the perspective ofunificationof the Turkic statesfor the conservation, protection and developmentof national values​​in a globalized world. The conclusionon the relevance ofcultural andspiritual developmentof Kazakhstan inthe context of theTurkic integration.



Key words: ethnography, folklore, culture, periodization biography.

УДК 81.34 (574)



Р.Б. Сұлтанғалиева – фил.ғ.к.,

М.Өтемісов атындағы БҚМУ,

қауымдастырылған профессор

E-mail: R.Sultangalieva@mail.ru

Ж.Ғ. Мусина – магистрант,

М. Өтемісов атындағы БҚМУ
АЙТЫСТАҒЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҚЫРЫБЫНЫҢ

ЕЛБАСЫ БЕЙНЕСІМЕН БІРЛІКТЕ ЖЫРЛАНУ ДӘСТҮРІ
Аңдатпа. Мақалада тәуелсіздік, елдік, еркіндік тақырыбының айтыс өнерінде Елбасы бейнесімен бірлікте жырлану дәстүріне мәтіндік талдау жасау арқылы талпыныс жасалады.

Елбасы бейнесі айтыс өнерінде оның ел үшін атқарған іс-әрекеттері арқылы баға берушілік сипатта сомдалған. Сондай-ақ айтыскер ақындар тарих тағылымынан нәр ала отырып, Елбасы бейнесін өткен тарихи тұлғалармен қатар ала отырып, суреттеуге жол береді. Бұл Елбасының көркем әдебиеттегі образын жалаң суреттеуден құтқарып, шынайы бейнелеуге мүмкіндік береді. Айтыс өнерінің өзі тікелей халық алдында орындалатындықтан, реализмі басым болуымен ерекшеленеді.

Тәуелсіздік, еркіндік, азаттық идеяларының бүгінгі күнде аяғын нық басып, батыл қадам алып, әлемге танылуының арғы жағында Елбасының сарабдал саясатының тұрғандығын айтыс мәтіндерінде ашық та шынайы айтылады. Аталған мақалада осы мәселелер бүгінгі айтыс ақындарының өлең мәтіндеріне талдау жасау арқылы тұжырымдалады.

Түйін сөз: айтыс, дәстүрлі өнер, образ, идея, көркемдік тұтастық, тәуелсіздік тақы-рыбы, айтыс өнеріндегі еркіндік көрінісі, фольклор.
Айтыс өнері - атадан балаға мирас болып келген, халқымыздың рухани төл мәдениетінің бір бөлшегі. Халқымыздың төл сөз өнері. Айтыстың өмір-шеңдігін бүгінгі күнге жетіп, жаңа заманға сай, дамып, жетіліп отыруынан көреміз.

Дала демократиясының ерекше үлгісі болған айтыс қай кезде болса да халықтың талап-тілегін, мақсат-мүддесін орындап, ел үмітінің үдесінен шығып отырған. Басқа өнер түрлерінен ерекшелігі де сол айтыс сәтте айтылып, заматында өзінің тыңдарманымен қауышып жатады.

Айтыс қай кезде де идеологиялық құрал ретінде пайдаланылып, өзінің сол сипаты арқылы көркемдік ерекшелігін дамыта алды.
Қазіргі айтыстың тәуелсіздік алғаннан кейінгі мезгілде ерекше дамуы, халықтың ыстық ықыласына бөленуі сол айтыстың тек қана әлеуметтік өмір шындығын айтуында болды.

Айтыста сан алуан тақырып қозғалады. Әсіресе, егемендік алған жылдардан кейінгі айтыста тәуелсіздік тақырыбын жырлау, азаттықты ұлықтау, еркіндікті емірене жырлап, бабалар арманы мен боздақтарымыздың қанымен келген қасиетті ұғымды жырлауда айтыс өнері жауынгерлік танытты десек артық айтқандық боламас. Біз осы ғылыми мақаламызда қазіргі айтыстағы тәуелсіздіктің тақырыбының идеялық және көркемдік тұрғыда жырлану ерекшеліктеріне қатысты ой қозғап, сол арқылы айтыстағы Елбасы бейнесінің ашылуына мән береміз.

Әдебиеттану ғылымында қазіргі кезең әдебиетіндегі ұлттық идеялар, ұлттық сипаттағы мәселелер төңірегінде біршама сөз айтылып келеді. Айтыс та қазақ рухани мәдениетінің бір бөлшегі ретінде ұлттық мәселелерді осы тәуелсіздік кезеңімен байланысты қозғап келе жатырғаны шындық. Ал, тәуелсіздік туралы ұғымды қозғасақ, Елбасы туралы сөз қозғамай өте алмаймыз.

Мақаламызға қатысты тақырыпты саралағанде, біздің байқағанымыз, біріншіден, Елбасы бейнесі айтыс өнерінде оның ел үшін атқарған іс-әрекеттері арқылы баға берушілік сипатта сомдалған. Сондай-ақ, айтыскер ақындар тарих тағылымынан нәр ала отырып, Елбасы бейнесін өткен тарихи тұлғалармен қатар ала отырып, суреттеуге жол береді. Бұл Елбасының көркем әдебиеттегі образын жалаң суреттеуден құтқарып, шынайы бейнелеуге мүмкіндік береді. Айтыс өнерінің өзі тікелей халық алдында орындалатындықтан, реализмі басым болуымен ерекшеленеді.

Екіншіден, тәуелсіздік, еркіндік, азаттық идеяларының бүгінгі күнде аяғын нық басып, батыл қадам алып, әлемге танылуының арғы жағында Елбасының сарабдал саясатының тұрғандығын айтыс мәтіндерінде ашық та шынайы айтылады. Бұл тұжырымдарға нақты мысал ретінде айтыс туралы екі томдық жинақты талдау барысында көз жеткіздік.

Тәуелсіздік жылдарындағы айтыстардың бұрынғы айтыстардан өзіндік ерекшелігінің бар екендігін жеке мемлекет болып, өз тізгінімізді қолымызға алуымыз, тілімізге тиген еркіндік, ұлт ретінде еркіндігініміз, жалпы рухани бодандықтан босауымыздан іздесек болады. Айтыста ақындар халықтың жағдайын айтуға, ел мұңын билік басындағыларға жеткізуге, мәселелерді шешуге ат салыса бастағанын байқаймыз. Қоғамдық мәселе көкірегі ояу, көзі ашық бір де бір ақынды бей-жай қалдырған емес, ақындар шама-шарқы жеткенше қоғамдық мәселелерді көтеруге, олардың жағымды және жағымсыз жақтарын жеріне жеткізе айтуға тырысады.

Бүгінгі өткен әрбір күніміз, қазіргі тәуелсіз Қазақстаннның тарихи парақтары болып жазылып қалады. Өз еркіндігін алған еліміз 1991 жылдан бері қаншама қиындықты бастан кешіріп, жоқшылыққа шыдап бағып, бір ғана асыл мұратқа тәубе етіп келді. Ол – азаттық, еркіндік, тәуелсіздік болатын. Алғашқы еліміздің шынайы тәуелсіздік жолында қадам басқан кезден күні бүгінге дейін, бейбітшілік пен тыныштықта, баршылық пен молшылыққа халқын кенелту жолында тынбай, елің қамын ойлап, қайыспас қара нар тәрізді еңбектеніп келе жатырған Президентіміз Н.Назарбаев - тәуелсіз елдің тарихындағы мәңгі жасай беретін тұлға болып қалады.



Тұтас ұлтты бір шаңырақтың астына біріктіріп, шартарапқа танытқан Елбасының бекзат болмысы мен кесек мінезі, азаматтық пайымы өз халқының ғана емес, әлемдік қауымдастық тарапынан да әлдеқашан әділ бағасын алған. Қазақ елінің тарихындағы Тұңғыш Президенттің өмір жолы үлкенге үлгі, кішіге өнеге боларлықтай. Осы жиырма жылда Елбасының тұлғалық, азаматтық қадір-қасиеттері, қырлары өнер мен әдебиет саласын-дағы шығармашылық иелеріне алтын арқау болды. «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мерекесі болып белгіленді, бұл дегенің Елбасыға деген құрмет болса, екіншіден Елбасының қызметін жас ұрпақтың арасында дәстүрлі түрде насихаттаудың бірден-бір жолы деп ұғамыз.

Ғалым Нұрдаулет Ақыш: «Іс жүзінде 1989 жылдан бастап Қазақ­стан Республикасының бірінші басшысы болып сайланған Нұрсұлтан Әбішұлы осы жиырма жылдан астам уақыт ішінде өзінің қандай деңгейдегі басшы екендігін тек өз еліне ғана емес, сыртқы жұрттарға, халықаралық қауым­дастыққа жан-жақты таныта білді. Тәуелсіздігін енді ғана алған жас мемлекеттің басшысы болу үлкен сын болып табылатын­дығын ешкім жоққа шығара алмаса керек. Өз уақытында баспасөз беттерінде Елбасы туралы жарық көрген түрлі поэзиялық, прозалық туынды­лардың, эсселер мен көркем очерктердің маз­мұны, міне, осындай нақты пайымдауларға әкеліп саятын. Оларда Елбасының бейнесі негізінен қоғамдық ірі тұлға ретінде әр қы­рынан, әр түрлі адами индекстер тұрғысынан көрініп жататын. Елбасының азаматтық және саяси тұлғасын әр автор өз таным-түсінігіне лайық әр түрлі деңгейде сомдап келеді. Менің­ше, қаламгерлер ең алдымен Елбасының ауқымды деңгейдегі ұйымдасты­рушылық қабілетін, яғни, саяси тұлғасын, Қазақстанның патриоты, қазақ ұлтының жанашыры ретіндегі қырларын да ашып көрсет­кендері жөн-ақ», - деп атап өтеді өзінің газет тілшілеріне берген бір сұхбатында.

Н.Назарбаевтың нар тұлғасын айшық­таған көркем проза, поэзия, драматургия, кино туындылардың қатары жыл өткен сайын көбейіп келеді. Елбасымыздың адами, азаматтық келбеті бүгінгі қазақ прозасы, поэзиясы, драматургиясында зерттеу нысаны болуға лайық екендігі ақиқат. Елбасы­мыздың өмірі мен шығармашылық ғұмырынан алып жазылатын көркем шығар­маларға жүк болар тақырыптар әлі де жеткі­лікті. Ал, бүгінгі біздің тақырыбымыздағы айтыстағы Елбасы бейнесі туралы сөздің өзіндік ерекше-лігі бар. Айтыс өнерінің өзінде сахналы элементтің болуы, оның халық санасына әсер ететін эмоционалдық, драмалық күйінің молдығын көрсетеді.

Жалпы тарихи тұлғалардың көркем әдебиетте бейнеленуінің өзіндік дәстүрі бар. Айтыстың тарихына үңілсек, тарихи тұлғаларды жырлаудың дәстүрі қалыптасқанын көреміз.

Елбасы туралы айтыста біршама айтылып келеді. Зер салып қарасақ, айтыс ақындарының Елбасы туралы толғаныстары көбіне тәуелсіздік ұғымымен егіз аталып отыратынына көз жеткіземіз. Мысалы:

Армандап тәуелсіздік арда күнді,

Сары алтыннан сайладың балдағыңды.

Хан Кене, жүрегіңмен сүйіп өттің,

Қалың елің, қазағың ардағыңды.

Ұлтымды бодандыққа бермеймін деп,

Абылайлап қоздырдың аруағыңды.

Оң жағыңа ертіп ап қол бастадың,

Ағыбай, Наурызбайдай тарланыңды.

Шен таққан ақ патшаның өкілдерін,

Көрмеуші ең қарқылдаған қарғы құрлы.

Өз бауырың қырғызың тор құрғанда,

Өкініп шайнап едің бармағыңды.

Азаттықты аңсаған, кемеңгерім,

Алыстан болжапсың-ау алдағыңды.

Бүгін, міне, тәуелсіз қазақ болдық,

Нұрағаң орындады арманыңды! [2,34] – деп жырлаған Аманжол Әлтаев өз сөзінде біздің бүгінгі жетіп отырған тәуелсіздігіміздің жолында құрбан болған, қазағымыздың ханы Кенесары және оның қол бастаған батырларын, қырғыздың сатқындығын суреттей отырып, сол бабалар аңсаған азат күнді Кенесарыдай ханның ісін жалғасытырып, тәуелсіздікке қол жеткізудің көш басында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев тұр деген ойды ұғамыз. Айтыста Нұрсұлтан Назарбаев Елбасымызды ақын құр мақтамай, өткен тарихты айта келіп, сол бабалар аманатын орындаушы және сол аманат жүгінің өте ауыр да жауапты іс екенін аңғартып, біз секілді келешек ұрпақтың жарқын өмір сүруін меңзейді.

Ал мына бір Мұхаметжан Тазабеков пен Қуаныш Мақсұтовтың айтысында Елбасы туралы шумаққа назар салсақ, тәулесіздіктің алғашқы жылдарындағы ауыр кезеңдерді артқа тастап, жаңа-жаңа елдің жағдайы жақсарып келе жатырғанын және Н.Назарбаевтың президенттік мерзімінің екінші кезеңіне сайлауға түскенін көреміз. Мысалы, Мұхамеджанның Қуаныш ақынға айтқан сөзін келтірсек:

Жеті жыл артта қалды ырым қылар,

Тәуелсіздік жаныңды жылындырар.

Назарбайдың Президент немересі,

Ол да үміткер, әр сөзі – жұғымды бал.

Данышпан ел мұңайтпас Нұрсұлтанын,

Көп тірлік тындырды ғой тығын қылар.

Жаңадан кеп қосылған жолдастан да,

Ескі дос ертерек сырыңды ұғар.

«Үйренген хан иленген терідей» деп

Бекер айтты дейсің бе бұрынғылар[2, 137].

Мұқият зер салып оқыған адамға бұл жерде айтыстың үгіт-насихаттық жағын аңғару қиын емес. Жеті жылдық мерзімі өтіп, екінші рет сайлауға түскелі отырған Елбасымыздың тындырған, ел үшін жасаған әрекеттерін саралай келіп, тәжірибесі барын айтып, тек Қуаныш ақынды ғана емес, сөз астарымен барша халықты қолдауға шақырып отырғанын көреміз

Қазіргі айтыстарда өткен тарихтағы көрнекті тұлғаларымызбен қоса, бүгінгі көзі тірі ортамызда жүрген, ел үшін жаны тыныш таппай жүрген елбасыдан бастап, көптеген қоғам қайраткерлерінің нысанға алынуы заңды құбылыс. Тақырыбымызға сәйкес, Елбасының образын сомдауда айтыскер ақындар оның ел үшін атқарған іс-әрекеттерінің төңірегінде жырлай отырып, тарихи тұлғаның ертеңгі ұрпаққа үлгі болар әрекеттерін жырға қосады. Мысалы, Бекжан Әшірбаев пен Қуаныш Мақсұтовтың айтысында Қуаныш ақын Елбасының ел жалғыздығын, оның қызметіне барша ел болып, тілектес болуымызға шақырады.

Халықтың қуанышын ұқпайды ма,

Бағасын болашақтың нықтайды ма?

Нұрсұлтан жалғыз жүр ғой ел ішінде,

Бір өзі күллі елді мықтайды ма?

Ағайын, бірлік болмай - тірлік болмас,

Осыны мына Бекжан ұқпайды ма?[6]

Бұл үзіндіде елбасы туралы мақтау, көркем образды айшықты сөздер айтылмаса да, "жаяудың шаңы шықпас" дегендей, Елбасының жалғыздығы, оның саясатын жүргізуге барша халықтың көмегі қажет екені айтылады.

Ал, Бекжан Әшірбаев болса, өз сөзінде тәуелсіз азат елдің төрі - қазақтікі екендігін ашық айтып, көк бөрінің ұрпағы, ата-бабаның салт-дәстүрін аялаған ұрпақ ретінде шабыттана айтып, Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жүргізуге ат салысатын, кейбір әкім-қаралардың алаяқтығын ашына айтады:

Орнатпай есігіне ілгек іштен,

Диқаншы оралады түнгі егістен.

Бар малын сатуменен күнелтеді,

Су ішпес шөлдегенде кім кебістен?

Әкімдер ештеңеден қорықпайды,

Суретке Нұрекеңмен бірге түскен.

Тәуелсіз тәуліктері, тоны келте,

Аздырмас азат ұлды жолы демде.

Төрі ортақ, дәстүрі озық ел едің ғой,

Бабасы бұқа мүйіз, бөрі кеуде.

Аталар зираты бар заңды жерді,

Хақың жоқ қара шекпен төрі деуге[6].

Қазақ халқының қалыптасу, даму жолындағы тарихи оқиғалар, көрнек-ті адамдар, атамекен қоныстар туралы да қамтыла жырланады. Ақындардың жырларынан өзінің туып-өскен, өркендеген ата-бабаларын, үрім-бұтақ әулеттерін, атамекен қоныстарын ардақтаған перзенттік махаббатқа толы көңіл-күй әуендерінің бұлайша төгілуі – табиғи құбылыс. Өзінің әуелгі шыққан тегін, үрім-бұтақ әулеттерін, ағайынын, туысын, ата-баба қоныстарын ардақтай жырлау байырғы сақ, ғұн, одан кейінгі түркі өркениеті заманындағы әдеби мұраларындағы желісі үзілмеген тақырып екендігі мәлім. Ал, әкімдерді сынауы жалпы айтыстың сыншылдығын көрсетеді. Жалпы, сыншылдық, шынайы реализм айтыс өнерінің бірден-бір сипаты.

Сөзімізді түйіндей келсек, Елбасының өмірі мен шығармашылық ғұмы-рынан жазылған және жазылатын көркем шығар­ма­ларға жүк болар тақы-рыптар әлі де жеткілікті. Ал, айтыста өз кезегінде сахнада Елбасының шы-найы бейнесін жаңаша қырынан танытуға әлі де күш салады деп ойлаймын.


Әдебиеттер

1. Жолдасбеков М. Асыл арналар. – Алматы: Жазушы, 1990. – 338 б.

2. Қазіргі айтыс. 1-кітап. Құраст.: И.. Нұрахметұлы, С. Дүйсенғазин. – Астана: «Күлтегін» баспасы, 2006. – 312 бет.

3. Құлманова З. Айтыс – өнер майданы // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2000. қыркүйек. – 42-43 б.

4. Ахметов З. Идея // Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. – Алматы: Жазушы, 1998.

5. Әскербекқызы Ж. Көркемдік өріс. – Алматы: Таймас, 2008. – 296 б.

6. Қазіргі айтыс. 2-кітап. Құраст.: Н. Айтұлы, С. Дүйсенғазин. – Астана: «Күлтегін» баспасы, 2006. – 336 бет.

7. Жармұхамедов М. Қазақ поэзиясындағы айтыстың тегі мен дамуы. –Алматы: Мұраттас, 2001. – 231 б.

8. Жолдасбеков М. Қазаққа Алланың берген сыйы еді // Егемен Қазақстан. – 2008. 12-желтоқсан.

9. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. - Алматы: Жазушы, 2001.

10. Ақыш Н. «Елбасы бейнесінің өнер мен әдебиетте кейіпкер ретінде сомдалуы» // Егемен Қазақстан - 2012. 30-қараша.

Р.Б. Султангалиева, Ж.Г. Мусина

ТРАДИЦИЯ ВОСПЕВАНИЯ ТЕМЫ НЕЗАВИСИМОСТИ В ЕДИНСТВЕ

С ОБРАЗОМ ЕЛБАСЫ В ИСКУССТВЕ АЙТЫСА
В статье сделана попытка текстового анализа традиции воспевания темы независи-мости, государственности, свободы в единстве с образом Елбасы в искусстве айтыса.

Ключевые слова: анализ, айтыс, образ Елбасы, идея, художественность, темы незави-мости, единстово.

R.B. Sultangalieva, Zh.G. Musina

THE TRADITION OF CHANTING THE THEME OF INDEPENDENCE

IN UNITY WITH THE IMAGE OF THE PRESIDENT IN AITYS
The author of the article tried to analyze the themes of independence, peacefulness, freedom in unity with the image of the president in aitys.

Key words: analyze, themes, independence, peacefulness, freedom, unity, image, president, aitys.

УДК 82-7 (574)



Р.Б. Сұлтанғалиева – филол.ғ.к.,

М. Өтемісов атындағы БҚМУ,

қауымдастырылған профессор

E-mail: R.Sultangalieva@mail.ru
С. БАЛҒАБАЕВ ДРАМАТУРГИЯСЫНДАҒЫ ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ИНТЕРМЕДИЯЛАРДЫҢ КӨРКЕМДІК ИДЕЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

Аңдатпа. Мақалада С. Балғабаев драматургиясындағы әлеуметтік мәнді проблемаларға құрылған, әр түрлі характерлері бар, сан алуан күлкіге негізделген, жанр шарттарына толық жауап беретін әзіл-сықақ интермедияларындағы адамгершілік табиғатына жат құбылыстар, адам мінезіндегі олқылықтар дараланған мінездер арқылы талданып, сол арқылы табиғи күлкіге негізделген реалистік астар сөз болады. Драматургтың «Аспирант, әйел және жын», «Консультация» «Анау-Мынау», «Лекция», «О дүниеден оралған сиыр», «Хирург» «Қызды қалай айналдыруға болады?» интермедияларына талдау жасалады. Әр дәуірдің өз өзгешелігі мен ерекшелігі, өз болмысы, өз мәселелері болатыны заңдылық. Соған орай замандас бейнесін, бүгінгі қоғамның характерін жасауда да жаңаша тәсіл, тартысқа құрылған әзіл-сықақ интермедияларынан С. Балғабаевтың өзіндік көркемдік идеялық ерекшелігі аңғарылып отырады.

Түйін сөз: интермедия, комедиялық пьеса, водевиль, фарс, мелодрама, сахна, характер, ситуация, психологизм, характерлер тартысы, шарттылық амалдар, детальды ойнату, символ, идеал, персонаж.

Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, Д. Исабеков, Ш. Мұртаза, С. Балғабаев, Б. Мұқай, И. Сапарбай, Р. Отарбай, Т. Ахметжан Р. Мұқанова сынды бірқатар драматургтердің белсенді араласуымен көркемдік биік деңгейде қалыптаса бастаған қазіргі қазақ драматургиясы бүгінгі күнгі төл әдебиетімізде қалыптасқан, үнемі жаңару, толығу үстінде. Бүгінгі таңдағы ұлттық драматургиядағы даму, жаңаша тың тақырыптағы драмалардың көр-кемдік-идеялық ерекшелігін ашуда С. Балғабаев шығармаларының рөлі зор.

Сұлтанәлі Балғабаев жалпы қазақ драматургиясының, соның ішінде ХХІ ғасырдың соны тақырыптарының игерілуіне, жас ұрпақтың патриоттық рухын оятып, психологиялық дамуына сүбелі үлес қосқан, қазіргі заман драматургиясының қарыштап кемелдене дамуына еңбек сіңірген, қазақ драматургиясында өзіндік қолтаңбасы бар талантты драматург. Драматур-гияның өз ішінен бірнеше жанрларға қалам тербеген С. Балғабаевтың әзіл-сықақ интермедялары өзінше бір төбе.

Драматургтың «Аспирант, әйел және жын» пьесасы бүгінгі замандағы бақталастар ортасын танытатын туынды. «Аспиранттың үйі. Бөлмеде бір стол, диван, орындық. Қабырғада арзанқол кілем. Столының жанында Аспирант аяғын айқастырып жіберіп телефонмен сөйлесіп отыр» деп басталатын Сұлтанәлі Балғабаевтың «Аспирант, әйел және жын» аталатын бір актілі пьесасында пендешілікпен атаққа да, байлыққа да, баққа да құмар адамдардың характерлерін сипаттау барысында, халық өмірінің терең шындығын, іштарлық, көреалмаушылық сипаттарын дәл көрсеткен. Аспирант, әйел, жын ғана қатысатын бұл пьесада автор ең алдымен өмірде дос болғансып күндес болатын, ақылдаспақшы болып жат пиғыл ойлайтын адамдардың психологиясына үңілген. Яғни аспирант пен әйелдің атақ алудағы ең бірінші міндеті – достары Айранбай мен Гүлзипадан қай жеріміз кем деген мақсатты ұстануы. Драматургтың шебер тілімен кестелеген екі кейіпкердің (әйел мен жын) арасындағы тұздығы тұшымды диалогында болған үстіне бола берсін деген ашкөздікті байқататын тұсына көз жіберіп көрейік. Мысалы, интермедияның басталуындағы көріністе:



Әйел. Ендеше бар ғой... қалай десем екен?!

Жын. Айта беріңіз, әміршім...

Әйел. Айтсам... өзі... жағдай былай ғой... Ел қатарлы өмір сүргіміз келеді...

Жын. Өте дұрыс айтасыз...

Әйел. Бірақ енді... өзің де көріп тұрсың... Ақша жетпейді... Жұрттың әйелі болса...

Жын. Не бұйырасыз, әміршім?!

Әйел. Кандидаттың әйелі болғым келеді [1, 194] - десе, интермедияның дамуында күйеуінің кандидаттық дәрежесін місе тұтпайтын әйелі енді оның доктор дәрежесіне көтерілгенін қалайды. Ол оқиғаның дамуындағы көріністен айқын байқалады. Мысалы:

Әйел. Айтпақшы, сен бәрін қой да әлгінің өзін доктор етсейші...

Жын. Кімді?

Әйел. Әлгіні... Біздің үйдегі Мырқымбайды...

Жын. Өзі Мырқымбай болса қалай доктор болады?!

Әйел. Е... енді болады ғой... Сүйеуші болса әбден болады. Оның үстіне, міне ақша да жетпей жатыр...

Жын. Апырмай, ә?!

Әйел. Өтінем. Жасаңызшы?!

Жын. Жарайды, қоймадыңыз ғой. Жасайын, құдіретті әміршім [1, 199]. Бұл тұста күйеуінің ғылым докторы болғанын, егер ол сол дәрежеге жетсе, атақ-абыройда, ақшада, дәрежеде сонда болады деп ой түйген әйелінің арманы орындалады. Яғни, күйеуі бірден ғылым докторы болады.

Оқиғаның байланысында, «...іші тар адам нақ өз дұшпанына қастық қылғандай, өзін-өзі кейістікке ұшыратады» (Демокрит) яғни, профессор болған Айранбайдың атақ-дәрежесін көре алмайтын аспиранттың әйелі оны күндейді. Мәселен, оны төмендегі мысалдан анық аңғаруға болады:



Әйел. Анаң қарашы! Тағы да ұйықтап кетті. Маубас! Адам болмайтын маубас! Енді қайтсем екен, ә?! Айналайын, біздің шалды профессор етпесең күн көре алатын түріміз жоқ...

Жын. Тым ертелеу емес пе, әміршім?! Біраз күте тұрсақ қайтеді?!

Әйел. Нені күтеміз?!

Жын. Доктор болғаны жақында ғана... Ыңғайсыз шығар?..

Әйел. Несі ыңғайсыз?! Жаман Айранбай профессор болғанда... бұл неге бола алмайды... [1, 206]. Драматург осы тұста аспиранттың әйелінің бойынан кездесетін көре алмаушылықтан туындайтын күншілдікті, қызғаншақтық қасиеттен туындайтын жат пиғылдардың барлығын айқын көрсетеді.

Алдымен әйел, аспирант күйеуінің ғылым кандидаты, кейін ғылым докторы болғанын қалады, одан соң профессорлық дәрежесін менсінбей, енді оның тіпті академик болғанын қалайды. Мысалы, интермедияның шарықтау шегінде:

Әйел. Әй қойшы! Сені де жын дейді -ау! Бір профессордың өзін жасай алмайсың! Айтпақшы Айранбайдың үйіне звандайыншы. Ә-ау! Гүлзипа-мысың?! Халің қалай?! Жақсы... жақсы күйеуің қалай?! Жас жігіттей шапқылап жүр ме?! Профессор болса да, қартайған жоқ па?! Не?! Профессор емес?! Сонда кім?! академик?! Ой сұмдық-ай! Естідің бе, өзі академик... өзі жап-жас...

Жын. Кейде ондай болады...

Әйел. Жақында «Мерседес» алыпты... Енді әйелімен бірге сайраңдап жүрген көрінеді...

Жын. Академик болғасын алады ғой енді...

Әйел. Біз неге академик болмаймыз?! Біз неге «Мерседес» алмаймыз?! [1, 208] - деген қызғанышты сезімінен оның достарымен бақталас екені анық байқалады. С. Балғабаев осы интермедиясының шешімін дүниеде ақшамен, атақпен, бақ-дәулетпен сатып алуға, орын толтыруға болмайтын жалғыз нәрсе бар, ол – уақыт дегенге әкеліп саяды.

Пьесаның күретамыр тартысына қатыспағанмен қысылтаң, қиын-қыстау кезде көрінетін жын бейнесі автордың тапқан жетістіктерінің бірі. Себебі жынның құдірет күші арқылы аз күннің ішінде аспиранттан профес-сор атағына дейін көтерілу, аяқ астынан мол қаражатты болу бұл тек ғана адам қиялынан туындайтын түсінік ғана. Автордың шеберлігі оқиғаның соңын қайтадан жынның көмегімен алғашқы аспиранттық кезіне айналдыруында.

Интермедия – сахнада драмалық шығармаларының көрінісі арасындағы ойналатын қысқа комедиялық пьеса немесе көрініс [2, 357].

Драматургтың «Лекция», «О дүниеден оралған сиыр», «Анау мен Мынау», «Қызды қалай айналдыруға болады», «Консультация», «Өтірік айтпайтын адам», «Күйеуге тиген еркек», «Хирург» сынды әзіл-сықақ интермедиялары бар.

«Драматургияның басқа жанрларына қарағанда, комедия финалы көбіне тартыстың жағымды шешімімен, жамандық жеңіліп, жақсылық үстем болған баянды күймен аяқталады.

...Комедия жанры поэтикасының шарттылығы бойынша жағымсыз кейіпкерлер түптің түбінде бармақ шайнап, қателігін мойындайтыны, жеңіліп тізе бүгетіні, сөйтіп адал ниет, ақ тілек, әділ іс салтанат құратыны» [3, 218] - деген екен. Әрине бұнда драматург Сұлтанәлі Балғабаев бүгінгі заман тақырыбына жазылған драмаларындағы қоғамдық, адами ірі мәселелерді өткір тартыс аясында бейнелесе, сонымен бірге өмірімізде ұшырасатын кейбір жағымсыз жайларды күлкіге айналдыра отырып, қатты сынға алады.

Сұлтанәлі Балғабаев «Консультация» интермедиясында шамадан тыс шіренуден шығатын, негізсіз күпініп кісімсулерінен, орынсыз одыраң қылық-тарынан туындайтын күлкілі де қызықты әрекеттерінің шым-шытырығында әлек болып жүретін пьеса кейіпкерлерінің (көзілдірікті әйел мен көрші әйел) әрқайсысының жеке-жеке тағдырымен ішкі өзіндік иірімдерге толы өмірі психологиялық қайшылықтармен шынайы ерекшеленген. «Әрбір ән сияқты әр комедияның да өз уақыты, өз дәуірі бар» (С. Сервантес). Интермедияның идеясы өзінің олқылығын байқамаса да, өзгенің сәл кемшілігін әңгіме етуден тайынбайтын замандастардың пенделік қасиеттерін әшкерелеу арқылы жаңа қоғам жастарының арасында ақжүректі, таза еңбекті сүйетін, адал іске жаны құмар, ұсақ әңгімеге араласпай, ірі істердің жанынан көрінер азамат тұлғасын қалыптастыру арқылы қоғамды түзетуді көздейді. Оқиға көзілдірікті әйелдің үйіне көрші әйел келуінен бастау алады. Өз ісінің маманы, әлемнің соңғы жаңалықтарынан хабары бар көзілдірікті әйелдің мамандығы – электрик. Интермедияға да арқау болатын оның мамандығы.

Міне, осыншалықты күлкілі жағдай барысында жүзеге асқан интер-медия кейіпкерлері қазіргі қоғам адамдарының мінез-құлықтарын нақты ашып береді.

Кезінде мойындамай, рухани жадап-жүдеп жүрген пұшайман адамға сәтімен айтылған марапат – ол адамның омырауына алтын таққанмен бірдей деген идеяны қамтитын Сұлтанәлі Балғабаевтың «Анау-Мынау» атты әзіл-сықақ интермедиясының қысқалығына қарамастан, заман талабына сай өзекті тақырыпты қозғайды.

«Комедияда әр алуан әрсіз әрекеттер баяндалады, келеңсіз кісілер, олардың кесірлі қылықтары мен кесірлі мінездері сықақ етіледі» (әл-Фараби). Драматург бұл пьесасында ХХІ ғасыр мансапқа құмартып күн кешкен дәуірін қатты сынға алған атақ-дәрежесіне қол жеткіземін деп жүргенде алдына қойған мақсат-мүддесінен адасқан жандардың жан дүниесін қатты әжуамен сынға алады. Осындай күрделі құбылыс бұл пьесада да көрініс береді.

Комедияның күші – күлкіде, күлкінің күші – шындық пен табиғилықта. Шыншыл һәм табиғи күлкі терең мазмұнды тартыстан туып, толыққанды юморлық, не сатиралық образдарға көркем жинақталып, парасатты биік идеяға шебер бағындырылғанда ғана комедия жалаң водевиль, жеңіл фарс, арзан мелодрама сипаттарынан аулақ, бұл жанрдың шын мәніндегі шынайы шығармасына айнала алады [4, 332] -деген пікірінің драматургтың әзіл-сықақ интермедиясына да қатысты екені ақиқат. Себебі «Анау-Мынау» интерме-диясы күлкінің күші арқылы қоғамдағы шындықты қатты сынға алады. Оқиға небәрі екі кейіпкердің қатысуымен өтеді. Интермедияның өзегімақтауды жаны сүйетін басшы ағасы мен мақтай білетін інісі арасында жүзеге асады. Оқиғаның басында Анау: «... Мікеңнің азаматтығы бүкіл жанынан, болмысынан байқалады» [8, 234]-деген мақтауынан жеке басының қамы үшін, күні үшін еш жамандықтан тайынбайтын Анау бейнесінің протиптерін автор қазіргі өз қоғамымыздан да көруге болатындығын аңғартады.

Сұлтанәлі Балғабаевтың «Лекция» аталатын әзіл-сықақ интермедиясы – ХХ ғасыр дертіне айналған маскүнемдіктің адамзатқа тигізер әсерін астарлы кескінмен тамаша баяндайды.

Пьесаның идеясы Әмір Теміровичтің «Маскүнемдік – дерт» атты тақырыпта оқитын лекциясына саяды. Завклуб пен лектор арасында өрбитін оқиға желісі жас оқырмандары мен көрермендерін адамгершілікке, салауатты өмір салтын сақтауға үндейді. Драматургтың басты мақсаты локтор Әмір Теміровичтің оқыған лекциясымен астасып жатыр.

Лектор: «Құрметті жолдастар! Маскүнемдіктің дерт екенін бәріңіз де жақсы білесіңіздер. Ішкілік деген адамның асқазанын бұзады. Бауырын шірітеді. Жұмыс қабілетін төмендетеді. Тіпті көп ішіп кеткен адам семьясына да ие бола алмай, абыройынан айырылып, алиментчик болып кетеді. Сондықтан да маскүнемдікке қарсы күрес ерте заманнан бері аяусыз түрде жүргізіліп келеді... Мысалы бір кезде Қытайда маскүнемдікке салынып, арақ ішкен адамның жон терісін сыпырып, таспа тілетін, бірақ жұрт ішуін сонда да тимаған. Ертедегі Египетте ішкіштердің басын шауып тастап отырған, бірақ маскүнемдер сонда да азаймаған. Азаймақ түгілі қайта көбейген. Индияда алкачтарды өлімші етіп соққыға жыққан, бірақ олар есін жинай салып қайтадан бөтелкеге жүгірген» [1, 228].

Лектордың сыры – бір-ақ сыр. Дүниедегі маскүнемге айналған жандардың арын құрбандыққа шалып, денсаулығы мен отбасын аяқ асты ететін жағдайға душар боларын сездіру.

Пьесадағы ең басты кейіпкер – лектор Әмір Темірович. Тіпті күллі идея, мақсат оның қатысуына, соның мән-мағынасын ашуға құрылған десе де болғандай. Драматург лектор бейнесіне көп мағына, идея сыйғызуға күш салған.

Дүние үшін, мал үшін жаны мен арын құрбандыққа шалар адамгер-шіліктен гөрі пендешілігі басым жандардың ішкі жан дүниесіне, болмысына куә ететін Сұлтанәлі Балғабаевтың «О дүниеден оралған сиыр» атты интермедиясы қасиет-сипатымен, түсінік дүниетанымымен оқырмандарды өзіне баулитын шығарма. Интермедияның түп қазық идеясы – қоғамға, адамгершілікке жат моральды аяусыз әшкерелейді. Бөлім меңгерушісі мен қызыл сиыр шығарманың басты кейіпкері. Интермедия тартысы – әділетті көксеген қызыл сиыр мен өмірдің бар қызығы, дүниенің бар шырыны қу құлқынының қамын ойлайтын бөлім меңгерушісі арасында. Оқиға желісі бойынша мал басын, одан түсер пайда, сауылған сүтті есепке алып отырған бөлім меңгерушісі – Айранбай Қиқымбаевқа о дүниеден қызыл сиыр қоңырау шалады. Бір жыл бұрын қыста арам қатқан сиыр өзінің өлгендігі жөнінде акт жасатып, біржолата есептен шығартуын өтінеді. Дегенмен, пендешілігі басым Айранбай Қиқымбаев қызыл сиырды өлген тізімнен шығармағаны былай тұрсын, тіпті бұзаулатып қойғандығы да белгілі.

Сұлтанәлі Балғабаев кейіпкерлердің ішкі жан дүниесіне үңіліп, әрқайсысының ерекшеліктерін ашуға көңіл бөлген. Драматургтың шебер тілімен кестелеген екі кейіпкердің диалогына көз жіберіп көрейік.



«Қызыл сиыр. Айреке-ау, енді айып етпеңіз... Мен қашан бұзаула-ғанымды әлде де түсінкіремей тұрмын...

Бөлімше меңгерушісі. Туһ, өзінің не қылған кеще сиырсың, айттық қой биыл көктемде деп... Бөлімшеміз төл алуын жоспарын орындай алмай жатқанда бұзаулағансың. Тура бір бұзау жетпей тұр еді... сол кезде сен...сен әйдік еркек бұзауды сарт еткіздің ғой... Рахмет саған, сол үшін!

Қызыл сиыр. Рас айтасыз ба?

Бөлімше меңгерушісі. Рас айтпағанда ше?! Тіпті сен бізге төл алудан ғана емес, сүт сауудан да сұмдық көмектесіп тұрсың. Тоқсандық жоспарымызға қауіп төнгенде... бар болғаны екі-ақ күн қалғанда сен лақ еткізіп төрт жүз литр сүт бере салдың ғой...

Қызыл сиыр. Кәдімгі сүт пе?

Бөлімше меңгерушісі. Сен сияқты сиырдан қай бір жөнді сүт шығушы еді. Әрине, ептеп ашыған. Бірақ өйтіп-бүйтіп жүріп есепке кіргіздік қой...

Қызыл сиыр. Ойпырмай, менен қыруар пайда көрген екенсіңдер де!

Бөлім меңгерушісі. Қайдағы пайда?! Сен үшін бақташыға ай сайын бес жүз теңге ақша төлейміз. Бұзаушыға, сауыншыға кеткен шығын тағы бар.

Қызыл сиыр. Е, солай ма? Өйтіп әуреге түскенше шығарып, біржолата құтылмайсыз ба? Оның үстіне мойныма мініп, пәле болдың деп бақташым да мазамды алып барады...

Бөлімше меңгерушісі. Өй, өзің бір әр нәрсені айтып, адамның басын қатыратын заржақ неме екенсің. Жарайды енді...бара бер, бірдеңесін ойластырамыз... [1, 233].

Драматургтың «О дүниеден оралған сиыр» атты интермедиясының түп қазық идеясы – қоғамға, адамгершілікке жат моральды аяусыз әшкерелеу. Автор әжуа мен мысқыл тәсілі арқылы бүгінгі қоғамның біз білмейті қараңғы тұстары күлкі найзасына ілген.

Интермедияның астары заман өзгеріп Мынау өлгеннен кейін, Анаудың қолына билік тиіп, сол билікті ұстап қалуды мегзейді. Бұл интермедиядан диалог, бірер ситуация, оқыс жағдай тудыратын күлкіден қоғамдық мәні зор күлкіге ауысамыз.

Сұлтанәлі Балғабаевтың «Хирург» атты интермедиясының айтпақ идеясы: өлім – жау, дәрігер – қолбасшы, күрес тактикасын жақсы білген дәрігер ғана жеңе алатындығын жеткізген. Оқиға тек екі адамның, яғни Жәкен – қызметі белгісіз кісі және Мәкен – мединституттың соңғы курс студенті арасында жүзеге асады. Автор ең алдымен әзіл-сықақ интермедия-ларына өмірлік жағдайлардың бірін сәтімен таңдап алған. Ал денсаулық сақтау саласындағы түрлі құйтырқы әрекеттер, парақорлық, білмсіздіктен шыққан маман екі күннің бірінде кездесетін жағдай. Оқиға барысында оқуға көкесінің көмегімен түскен Мәкеннің мамандығына бейім емес екенін, оның негізгі өзі қалаған мамандығы телемастер екендігін оның: «Оны білемін аға! Сізді жұрттың бәрі адал, принципшіл деп мақтайды. Бірақ со жолы маған көмектеспей-ақ қоюыңыз керек еді. Онда мен қазір дырдай телемастер болып жүретін едім» [1, 249] –деген өз сөзінен аңғаруға болады. Оқиға соңында оқуға түсуге өзіне көмектескен көкесі Мәкенге эксперимент болып келуімен аяқталады. Оқиға тартымдылығымен, әрі мысқыл арқылы қоғам шындығын өзгеріссіз жазғандығымен ерекшеленеді.

Әзіл-сықақ интермедиялардың тақырыбы – бір алуан күлкі, отбасылық жағдайлардан, махаббат шырғалаңдарынан, бозбалашылық қызықтардан туындап жатады. Бұл орайда автордың «Қызды қалай айналдыруға болады?» атты интермедиясында нағыз махаббат шырғалаңына тап болған жігіттің басынан кешкен оқиғасы баяндалады. Қыз, қыздың жеңгесі, жігіт арасында өтетін оқиға жігерсіз жігіттердің қазіргі қоғамда да кездесетіндігін және ескі салт-дәстүрдің үлгісін қатты әшкерелейді. Драматург кейіпкер-лердің ішкі дүниесіндегі қайшылықтарды шеберлікпен көрсеткен. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Қоғамдағы болып жатқан құбылыстар сөзссіз әсер етеді. Мысалы: Оқиға оқырманын күлкіге қарық қылып, көрерменін кейіпкерлер шынайы әрекеттерімен баурап алары сөзссіз.

«Кейіпкердің мінезі көптеген жеке бейнелермен, белгілі әлеуметтік топқа қосылатын түрлі адамдардың бейнелерімен құралады... Бір жұмыс-шының, топтың, дүкенші саудагерлердің портретін дұрыс суреттеп жазу үшін топ, жұмысшы саудагерлерді қадағалап қарауымыз керек» (М. Горький) [5, 204].

Баршамызға мәлім, әр дәуірдің өз өзгешелігі мен ерекшелігі, өз болмысы, өз мәселелері болатыны заңдылық. Соған орай замандас бейнесін жасауда да жаңаша тәсіл, тартысқа құрылған әзіл-сықақ интермедиялардың легіндегі ерекешеліктер С. Балғабаевтың өзіндік ерекшелігі.

Бір қарағанда әзіл-сықақ интермедиялары қарапайым оқиғаға құрылған болып көрінуі ықтимал, бірақ тереңірек үңіліп, ой жүгіртсек қоғам өміріндегі аса маңызды әлеуметтік құбылыстың жай-жапсарын көрермен қауымға етер әсері мол. Драматург жеке адамның тағдыры арқылы бүгінгі өмірдегі әлеу-меттік қайшылықтарды, кейіпкердің философиялық толғанысын, шынайы шындықтың құпиясын қарастыруда ұмтылған іштей тартысы арқылы барған.

С. Балғабаевтың әзіл-сықақ интермедиялары жанрлық формалары жағынан сан алуан болып келеді. Күлкі тудырудағы ситуация, психология ерекшеліктері, характерлер тартысы, шарттылық амалдар, затты, детальды ойнату, тілдік сипаттамалар, неше түрлі көркемдік құралдар еркін қолданылған.

С. Балғабаевтың әзіл-сықақ интермедиялары атының астарлы, символ-ды мәні бар, кейіпкерлер есімі олардың әлеуметтік ортасының моралінен, идеалынан жақсы хабар береді. Персонаждар тілі лексикалық, синтаксистік, интонациялық жағынан дараланып берілген.

Әлеуметтік мәнді проблемаларға құрылған, әр түрлі характерлері бар, сан алуан күлкіге негізделген, жанр шарттарына толық жауап беретін С. Балғабаевтың әзіл-сықақ интермедиялары қазіргі қазақ драматургиясының дамуына үлкен әсер етті. Драматургтың интермедияларында адамгершілік табиғатына жат құбылыстар, адам мінезіндегі олқылықтар – махаббат тұрлаусыздығы, жағымпаздық, парақорлық, зиянқорлық дүниеқоңыздық күлкі болады. Бұнда дараланған мінездер бар, табиғи күлкіге негізделген реалистік астар бар.

Осындай пьесаларды оқып немесе театр сахналарынан көру арқылы барлық қауым өкілдері жаманнан жиіркеніп, жақсыдан үлгі алып өсері даусыз. Яғни ұлттық драматургия жанрына астарлы оймен, көркем сөз шеберлігімен үн қосқан С. Балғабаев пьесаларының қазақ театры сахнасында орны мәңгілік болары ақиқат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет