143
көшіп:
«Әйеліңе жамандық ойлаған біреудің жазасы – абақты
немесе жантүршігерлік азап», – деді».
Яғни уәзірдің оны өлтіруінен қорқып,
дереу жазасын өзі
айтты. Өйткені ол Юсуфты ұнататын. Сонда Юсуф та басын
арашалап:
«Ол көңілімді өзіне тартпақшы болды», – деді».
Сонда
«Әйел жағынан бір айғақ: «Егер (Юсуфтың)
жейдесі алдынан
жыртылса, әйел рас айтты да, ол өтірікшілерден болмақ. Ал
жейдесі артынан жыртылса, онда әйел жалған айтты да, ол
рас айтушылардан», – деп куәлік берді».
«Сонда оның жейдесінің артынан жыртылғанын көрген
күйеуі: «Міне, бұл сендердің (әйелдердің)
қулықтарың.
Расында, сендердің (әйелдердің)
қулықтарың зор», – деді».
Сосын уәзір:
«Юсуф, мұны қоя сал!
1
» – (деп
, әйеліне)
: «Сен
күнәң үшін кешірім тіле! Расында, сен қателесушілерденсің»,
– (деді)
».
Бұл ар-намысына көңіл бөлетін адамның сөзі емес-ті.
Бұл
хабар тарап кетіп, әйелдер уәзірдің әйелін өсек қыла
бастады.
«Қала әйелдері: «Уәзірдің әйелі қолбаласына көңіл
қойып, оны махаббат билепті. Әлбетте, біз оны ашық адасуда
көреміз», – десті». Әйелдер оны басқа-басқа,
қызметкер құлға
көңіл қойғаны үшін айыптады. Бұл әңгіме уәзірдің әйеліне жетті.
«Ол әйелдердің өзін сөз қылғанын естігенде, шақыру жіберіп,
оларға сүйеніп отыратын төсек әзірледі де, әрбіреуіне пышақ
беріп, (Юсуфқа)
: «Шық, оларға көрін!» – деді. (Жеміс кесіп
жеп отырған әйелдер)
көрген сәтте оны зор көріп (естері
шығып)
, өз қолдарын турады. «Уа, Аллаһ! Мынау адам емес,
бұл – құрметті бір періште ғой», – десті». Сонда уәзірдің әйелі:
Достарыңызбен бөлісу: