Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет120/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
Уәзірдің әйелі бұл сұлулықтың сынағына шыдай алмай
Юсуфты түрлі тәсілдермен өзіне тарта бастады.
«(Юсуф) тұрған үйдің әйелі оның көңілін өзіне тартпақ 
болды да, есіктерді бекітіп: «Қане, кел бері!» – деді. (Юсуф)
«Аллаһтан пана сұраймын. Ол (күйеуің) – қожайыным. Мені 
жақсы 
орынға 
қойды. 
Шын 
мәнінде, 
залымдар 
құтылмайды», – деді»
Зинақорлық зұлымдыққа жатады. Аллаһ тағала оны істеген 
адамдарды құтқармайды. Юсуф оны әуелден-ақ қайтарды және 
оған бөтен ойы да болмады. Өйткені Аллаһ тағала оған даналық 
пен білім беріп, игілік істеушілерден деп атады. Сондай-ақ ол 
өзіне көрсетілген құрметке қарсы мұндай бұзықтық жасаған 
кісінің ешқашан табысқа жетпейтінін білетін. Аллаһ тағала:
«Расында, (әйел) одан ой қылды. Егер Раббысының 
дәлелін көрмесе, (Юсуф та) одан ой қылған болар еді. Одан 
жамандық пен арсыздықты бұруымыз үшін осылай (еттік)», – 
деген. 
Яғни уәзірдің әйелімен зина жасау Юсуфтың қаперіне де 
келмеді. Аллаһ тағала жамандықты оның ойына да келмейтін етіп 
қойған. Ол Юсуф туралы: «Өйткені ол ықыласты 
құлдарымыздан еді», – дейді. 
Бірақ уәзірдің әйелі алған бетінен қайтпай, Юсуфке жақындап
оған жабыса бастады және Юсуфтың қашқанына қарамастан, 
артынан жүгірді. Аллаһ тағала бұл оқиғаны баяндап: «Екеуі 
есікке жүгірді де, әйел оның жейдесін арт жағынан жыртып 
алып қалды», – деген. 
Яғни Юсуф есікке ұмтылды, бірақ есік құлыптаулы болатын. 
Ол есікті ашуға әрекет жасады, уәзірдің әйелі болса оған 
жабысып бері тартқанда, көйлегінің арқа тұсы жыртылып, 
әйелдің қолында қалып қойды. Сол сәтте есік сыртынан ашылып, 
ішке уәзір кіріп келді де, сәнденген, сұлуланған әйелінің Юсуфқа 
жабысып жатқанын көрді. «Екеуі оның күйеуін есік алдында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет