Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«олар: «Расында, сендер себепті сәтсіздікке ұшырадық. Егер



Pdf көрінісі
бет140/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

«олар: «Расында, сендер себепті сәтсіздікке ұшырадық. Егер 
айтқандарыңнан қайтпасаңдар, әлбетте, сендерді таспен 
атқылаймыз. Сондай-ақ, сөзсіз, бізден жантүршігерлік қинау 
көресіңдер», – деді. (Елшілер): «Сәтсіздіктерің өздеріңмен 
бірге
1
. Берілген үгітті ырым қыласыңдар ма? Олай емес. 
Сендер – шектен шыққан елсіңдер», – деді».
Мұнан соң жағдай тіптен ушығып, пайғамбарларды бопсалап, 
ұрып-соғу арқылы қинауға дейін жетті. Сонда бір кісі өз еліне 
жақындаған азапты сезіп, асығып келді. Тарихшылар оны Хабиб 
ән-Нәжжәр деген ізгі кісі деп көрсетеді. «Қала шетінен біреу 
1
Яғни өз қылықтарыңнан. 


165
 
 
жүгіріп келіп: «Ей, қауымым! Елшілерге ілесіңдер. 
Сендерден ақы сұрамайтын кісілерге еріңдер. Олар тура 
жолда. Өзімді Жаратқанға неге құлшылық қылмайын? 
Сондай-ақ сендер де Соған қайтарыласыңдар. Одан өзгені 
тәңірлер етіп алайын ба? Егер Аллаһ маған зиян келтіргісі 
келсе, олардың қолдаулары маған ешбір пайда бермейді және 
олар мені құтқара да алмайды. Сөз жоқ, онда мен анық 
адасуда боламын. Күдіксіз Раббыларыңа иман келтірдім. 
Енді маған құлақ салыңдар», – деді»
Елі оны тепкілеп, жаншып өлтірді. Ибн Аббас (Аллаһ әкесі 
екеуіне разы болсын): «Олар оны жаныштап, кеңірдегін сыртқа 
шығарып жіберді», – деген. 
Аллаһ тағала:
«(Оған): «Жаннатқа кір», – делінді», – дейді. Ол сол сәтте 
жаннатқа кірді және ондағы бақытты өмірді көрген кезде: 
«Әттең! Раббымның мені кешіріп, ардақтылардан еткенін 
елім білген болса еді!» – деді»
Кіршіксіз таза ықыласымен Аллаһ жолында өлгені үшін оның 
барша күнәлары жуылды.
Сонда Аллаһ тағаланың әмірімен Жәбірейіл түсіп, бір ғана 
дауыспен оларды жер бетінен жоқ етіп жіберді. «Кейін оның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет