159
Бұл да
болса ашық дұға емес еді, бар болғаны тек өзінің
жағдайын жеткізді. Аллаһ тағала басқа бір аятта:
«(Мұхаммед!)
Құлымыз Айюбты есіңе ал. Сол уақытта ол Раббысына:
«Мені шайтан бейнет пен азапқа ұшыратты», – деп үн
қатты»
1
, – деген.
Яғни ол бейнет пен азапты шайтанға теліп, Аллаһты бұдан пәк
етіп көрсетті. Сондықтан дұға еткенде:
«Жамандық саған тиісті
емес», – деп айтылады.
Айюбтың сауығуы
Аллаһ тағала оның үндеуіне
жауап қатып, оны бәледен
арылтты. Құдірет Иесі:
«Оған: «Аяғыңмен жерді теп. Міне,
саған шомылатын әрі ішетін салқын су», – (дедік)
»
2
, – деген.
Ғұламалар: «Айюб суға шомылған
уақытта оның сыртқы
науқасы, ал ішкенде ішкі науқасы жазылды», – дейді.
Бұл Аллаһ тағаланың берген нығметі еді. Оның денсаулығы
қалпына келіп, әуелгідей сап-сау қалпына келді.
Әйелі келгенде
оны танымай: «Сен Аллаһтың бір сырқат пайғамбарын көрмедің
бе? Аллаһпен ант етемін, сен оның сау кезіндегіге қатты ұқсайды
екенсің», – деп сұрады. Айюб: «Мені танымадың ба?» – деді.
«Сен кімсің?» – деді әйелі. «Мен – Айюбпын», – деді пайғамбар.
Аллаһ тағала оған отбасылық игілігін де қайтарды. Ибн Аббас
(Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын):
«Аллаһ тағала онымен қоса
әйелін де осындай үлкен сынақтағы зор шыдамдылығы үшін
құрметтеп, оған жастығын қайтарды. Ол Айюбке жиырма
алты ұл-қыз туып берді», – деген.
«Бізден бір рақымшылық, сондай-ақ ақыл иелеріне үгіт
ретінде оған отбасын және олармен бірге тағы сондай (еселеп)
бердік»
1
.
1
«Сад» сүресі, 41-аят.
2
«Сад» сүресі, 42-аят.