Аллаһ тағала оған қайтадан дәулет берді. Пайғамбарымыз
(с.а.с.): «(Бір күні) Айюб (пайғамбар) жалаңаш шомылып жатқанда, (көктен) оның үстіне алтын шегірткелер төгілді. Айюб оларды киіміне жинап ала бастады. Сонда Раббысы оған: «Ей, Айюб! Сені көріп тұрғаныңа мұқтажсыз қылмап па едім?» – деп үн қатады. (Айюб): «Әрине, құдіретіңмен ант етейін! Бірақ мен Өзіңнің берекетіңе мұқтажсыз емеспін», – дейді», – деп айтқан
2
.
Яғни ол шегірткелерді Аллаһтың берекеті деп жинаған еді.
Сондай-ақ Аллаһ тағала оның әйеліне де жеңілдік беріп:
«Қолыңа бір топ ши алып, сонымен бір ұр. (Антыңнан) қайтпа!» 3 – деді.
Яғни Айюб жазылсам, әйеліме жүз дүре соғамын деп ант
еткен-ді. Сондықтан Аллаһ тағала оған жүз талшықтан тұратын
бір топ шиді алып, онымен әйелін бір рет қана ұруды әмір етті.
Сөйтіп, ол Аллаһтың алдындағы антын да орындады. Аллаһ
тағала:
«Айюб Раббысына: «Маған бір бәле келді. Сен – рақым қылушылардың ең рақымшылысың», – деп үн қатты. Сонда тілегін қабыл алып, ондағы науқасты айықтырып, сондай-ақ оған құлшылық қылушылар үшін ғибрат етіп әрі Өз алдымыздан мейірім ретінде отбасын және олармен бірге тағы сондай (еселеп) бердік» 4 ;
«Шынында, оны сабырлы көрдік. Ол не деген жақсы құл еді! Ол өте бойсұнғыш» 5 , – деген.
1
«Сад» сүресі, 43-аят.
2
Хадисті әл-Бұхари мен Ахмад жеткізген.
3
«Сад» сүресі, 44-аят.
4
«Әнбия» сүресі, 83-84 аяттар.
5
«Сад» сүресі, 44-аят.