203
ЕКІНШІ КЕЗЕҢ
Исраилдіктердің Мұсаға құдай жасап бер деп өтінуі
Исраилдіктер Мысырдан кеткеннен кейінгі оқиғалар Сина мен
Палестина
аралығындағы
мекенде
өрбиді.
Жоғарыда
айтылғандай, Исраил ұрпақтары үлкен тауқыметті бастарынан
өткере жүріп, Аллаһтың рақымшылығымен мысырлықтардан
құтылды. Аллаһ тағала бұл жайлы Құранда:
«Сендерді перғауынның сыбайластарынан құтқардық.
Олар сендерді ауыр азапта ұстап, ұлдарыңды бауыздап,
әйелдеріңді тірі қоятын еді. Міне, мұнда сендерге
Раббыларыңнан зор сынау бар»
1
, – деген.
Алайда олар Мысырдан шыққан соң,
көптеген ұлы
мұғжизалардың куәгерлері ретінде Аллаһқа деген сенімдерінің
артуының орнына, иман мәселесінде ауытқуларға ұрына бастады.
Олар Шам сапарында жолай пұт-мүсіндерге
табынатын бір
қауымның қасынан өткен-ді. Исраилдіктер бұл пұт-мүсіндерге не
үшін табынатындықтарын сұрағанда, оған табынушылар «бұлар
пайда келтіреді, қысылтаяң кездерде олардан шапағат сұраймыз»
деген секілді әңгімелер айтты.
Сонда кейбір тар ойлайтын
исраилдіктер бұған сеніп қалып, Мұсаға
бізге сондай тәңірлер
жасап бер деп өтініш жасайды. Исраилдіктердің бұл
надандықтары мен Мұсаның оларға қайтарған жауабын Аллаһ
тағала:
Достарыңызбен бөлісу: