Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет245/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
туады да: «Бұл кімнен?» – дегендерге: «Журайждан», – деп 
айтады. Адамдар келіп, оның ғибадатханасын бұзып, өзін 
масқаралап, тілдейді. Сонда Журайж дәрет алып, намаз 
оқиды да, әлгі сәбиге келіп: «Әй, бала! Әкең кім?» – деп 
сұрайды. Жөргектегі бала: «Пәлен деген қойшы», – деп жауап 
қайырады. Адамдар Журайжға: «Ғибадатханаңды алтыннан 
қайта тұрғызып берейік пе?» – дегенде: «Жоқ, лайдан 
тұрғызыңдар», – деді. Сондай-ақ исраилдіктерден бір әйел 
баласын емізіп отырғанда, жандарынан сымбатты бір 
аттылы кісі өтеді. Әйел: «Тәңірім! Баламды осы секілді ет», 
– деп дұға қылады. Сонда бала емуін тоқтатып, әлгі аттылы 
кісіге бұрылып: «Тәңірім! Мені оған ұқсатпа», – деп, қайта 
бұрылып емшек емуін жалғастырады. Сосын олар бір күңнің 
қасынан өткенде, әйел: «Тәңірім! Баламды мұндай етпе», – 
деп дұға қылады. Сонда бала қайтадан емшек емуін 
тоқтатып: «Тәңірім! Мені оған ұқсат», – дейді. Шешесі: «Не 
үшін?» – деп сұраған еді: «Аттылы кісі – зорлықшыл біреу, ал 
мына күң әйел – адамдар оны ұрлық қылды, зина істеді дейді, 
бірақ ол ондай істемеген», – деп жауап берді», – деп айтқан
1

Ол жоғарыда айтылғандай, туылған сәтінде шайтанның 
нұқуына ұшырамаған. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кімде-кім Аллаһтан өзге құдай 
жоқтығына, Оның жалғыз, серігі жоқ екеніне және 
Мұхаммедтің Оның құлы әрі елшісі екеніне, сондай-ақ Исаның 
Аллаһтың құлы әрі елшісі, Мәриямға жолдаған сөзі мен рухы 
екеніне, жаннаттың хақ екендігіне және тозақтың хақ 
екендігіне куәлік берсе, Аллаһ оны жаннатқа оның сегіз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет