Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


жаратқанымда да дәнеңе емес едің», – деді»



Pdf көрінісі
бет234/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

жаратқанымда да дәнеңе емес едің», – деді». (Зәкәрия)
«Раббым! Маған бір белгі бер!» – деді. (Аллаһ): «Сенің белгің: 
сап-сау бола тұра, үш тәулік адамдармен сөйлесе алмайсың», 
– деді»
3

Сонымен, Аллаһ тағаланың кереметімен Зәкәрияның жұбайы 
құрсақ көтеріп, Яхияны дүниеге әкелді. Ол ержетіп әкесімен 
қатар пайғамбар болды. Аллаһ тағала оны сипаттап: «Ей, Яхия! 
Кітапты мықты ұста!» – деп оған сәбилігінде-ақ даналық 
берген едік. Әрі оған Өз қасымыздан жұмсақтық, күнәдан 
тазалық бердік. Өзі де тақуа әрі әке-шешесіне мейірімді 
болатын. Зорлықшыл, күнәкар емес еді. Оған туылған күні, 
өлер күні және қайта тірілер күні амандық болсын»
4
, – деген. 
1
«Әнбия» сүресі, 90-аят. 
2
«Әлі Имран» сүресі, 39-аят. 
3
«Мәриям» сүресі, 7-10 аяттар. 
4
«Мәриям» сүресі, 12-15 аяттар. 


271
 
 
Яхияның өлтірілуі 
Сонымен, Зәкәрия мен Яхия қауымдарының арасында 
пайғамбарлық міндеттерін жалғастырып жүрді. Сол тұста 
исраилдіктерді бір залым патша билейтін. Бірақ патшаның бұл 
екі пайғамбарға ешқандай қысасы жоқ еді. Бір күндері осы патша 
туған ағасының қызының сұлулығы мен сымбатына қызығып, 
үйленгісі келді. Қыз да патшаның бұл бейбастығына қарсы бола 
қоймайды, шешесі де келісімін береді. Десе де, олар мұндай 
некенің харам екенін өте жақсы білетін. Сондықтан олар Яхиядан 
рұқсат алғылары келеді. Осы ниетпен көптеген тарту-таралғылар 
жасап, Яхияның көңілін ауламақ боп пәтуа сұрады. Сонда Яхия 
жұрт алдына шығып, ағасының қызына үйленудің харам екенін 
жариялады. Бұдан соң жұрт сөзінен қорыққан патша ол қызға 
үйленуден бас тартады. Бірақ патша да, қыз да Яхияға тістерін 
қайрап қалады. 
Бір түні әлгі қыз патшаның алдында ән салып, би билеп, алуан 
түрлі қылықтарымен оны өзіне еліктіреді. Патша оны төсекке 
тартқысы келгенде, ол бұған тек өзіне үйленсе ғана келісетіндігін 
айтады. Патша: «Мен саған қалай үйленемін, Яхия бұған тыйым 
салды ғой?!» – дегенде, қыз: «Маған Яхияның басын әкел! Менің 
қалыңмалым сол болсын!» – деп шарт қояды. Мұнысымен 
қоймай, шартының сол сәтте дереу орындалуын талап етеді. 
Нәпсісі қозып, еліккен патша пайғамбарды өлтіруге әскер 
жібереді. Шабармандар Яхияны ғибадат орнында отырған 
жерінде өлтіріп, кесілген басын легенге салып, патшаға алып 
келеді. Сөйтіп, залым патша пайғамбардың басын легенмен әлгі 
салдақыға сый ретінде тартады. 
Міне, Исраил қауымының азғындығы. 
Бір риуаятта: мұнан кейін патша ел ішінде өзіне қарсы бүлік 
тууынан қауіптеніп, Зәкәрияны да өлтіртеді делінсе, басқа 
риуаятта ол өз өлімімен өлген делінген. Осылайша, әкелі-балалы 
екі ұлы пайғамбар азғындардың қолынан қаза құшты. Бұл кезде 


272


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет