шариғатымызда сөзден де тыйылатын оразаға тыйым салынған.
Бұған дәлел: бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) күн астында тұрған
кісіні көріп, адамдардан: «Бұл кім?» – деп сұрайды. Адамдар
оған: «Бұл – Әбу Исраил, ол ораза тұтып, отырмастан аяғында
тік тұруға, көлеңкелемеуге және сөйлемеуге ниет еткен», – деп
жауап берді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) адамдарға: «Оған
айтыңдар: отырсын, көлеңкеге барсын, сөйлей берсін және
оразасын аяғына жеткізсін», – деді
1
.
Демек, оразаның мұндай түрі біздің дінімізде ғибадат болып
саналмайды.
Бір-бірінің артын ала келген уахилардан кейін Мәриямның
көңілі тынышталып, ерік-жігерін жинақтап, нәрестесін алып
Бәйтул-Мақдиске келді. Оны көрген бетте адамдар өзара
«Мәриям?.. Баламен бе?..» деп күбірлей бастады. Оларға
осыншалықты діндарлығымен танылған Мәриямның жасырын
босанып келуі тосын жағдай еді. Адамдар оның айналасына
жиналып қалды.
– Ей, Мәриям!.. Сен бір аса ауыр (күнәлі) нәрсемен келіп
тұрсың ғой?! Ей, Һарунның қарындасы! Сенің әкең жаман
кісі емес еді, шешең де арсыз емес-ті, – десті.
Олардың «Һарунның қарындасы» деулерінде Һарун
пайғамбар мақсат тұтылып отырған жоқ. Мәриямның ізгілігімен
танылған Һарун атты ағасы болатын. Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Олар (балаларына) алдыңғы пайғамбарлар мен ізгілердің
есімдерін қоятын», – деген
2
.
Мәриям оларға ешқандай жауап қатпай, қолындағы сәбиді
меңзеді. Адамдар: «Біз құндақтағы кішкентай нәрестемен
қалай сөйлесеміз?» дегенде, нәресте тілге келіп:
«Расында, мен – Аллаһтың құлымын. Ол маған Кітап
берді және мені пайғамбар етті. Ол мені қайда болсам да
1
Хадисті әл-Бұхари жеткізген.
2
Хадисті Муслим, ән-Нәсәи, әт-Тирмизи және Ахмад жеткізген.
276
Достарыңызбен бөлісу: |