Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет239/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
Исаның пайғамбарлық міндеті 
Иса ержеткенде көркем мінез-құлықты, өте ізгі жігіт болып 
қалыптасты. Ол отыз жасқа келгенде пайғамбарлық беріліп, оған 
Інжіл түсті. Осылайша, ол Тәуратты растаушы кітаппен келіп
адамдарды Аллаһ жолына шақыра бастады. Аллаһ тағала: 
«Пайғамбарлардың ізінше алдындағы Тәуратты растаушы 
етіп, Мәриямұлы Исаны жалғастырдық. Әрі оған ішінде 
туралық, нұр болған, алдындағы Тәуратты бекітуші, сондай-
ақ сақтанушылар үшін тура жол, үгіт түрінде Інжілді 
бердік»
1
, – деген. 
Иса тарихтағы өзге пайғамбарлар сияқты белгілі бір қауымға, 
яғни исраилдіктерге жіберілді. Аллаһ тағала:
«Сондай-ақ Исраил ұрпақтарына елші етеді», – деп айтқан. 
Исаның ұлы мұғжизаларының бірі – жансыз мүсінге жан 
бітіру еді. Бұл мұғжиза Құран Кәрімде Исаның тілінде:
«Шын мәнінде, сендерге Раббыларыңнан мұғжизамен 
келдім. Сендерге құстың мүсіні іспеттес жасап, оны үрлеймін. 
Сонда Аллаһтың бұйрығынша құс болады», – деп айтылған. 
Сондай-ақ оның тағы бір ұлы мұғжизасы – тума соқырлар мен 
алапестерді жазу болатын.
«Аллаһтың рұқсатымен, анадан тума соқырды, алапесті 
жазамын».
Ол тума соқыр яки алапес адамды келіп сипаса, олар айығып, 
жазылып кететін. Бұған қоса, ол адамдарға үйлерінде не 
жейтінін, нені сақтап қойғандарын бұлжытпай айтып беретін. 
«Үйлеріңде не жеп, нені қойғандарыңнан хабар беремін. 
Расында, бұл жағдайда иман келтірген болсаңдар, сендер 
үшін, әрине, өнеге бар»
1
«Мәида» сүресі, 46-аят. 


278
 
 
Ал оның ең ұлы мұғжизасы өліктерді тірілту еді. «Өліктерді 
тірілтемін»
1
.
Деректерде оның төрт өлген адамды тірілткені айтылады. 
Сондай-ақ аятта да «өліктерді» деп көпше түрдегі сөз қолданған. 
Бұл – араб тілі грамматикасы бойынша мұндай жағдайдың үш 
яки одан көп қайталанғанының дәлелі.
Иса Тәураттың кейбір үкімдерін өзгертті және қауымын тек 
бір Аллаһқа ғана ғибадат етуге шақырды. Аллаһ тағала бұл 
жайлы Құранда Исаның тілінде:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет