Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет247/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
Аллаһ тағала одан мүлде Пәк. Ол бір істің болуын қаласа, тек 
қана оған «бол» дейді. Сонда ол болады»
1

«Барлық мақтау бала иемденбеген әрі мүлкінде еш серігі 
болмаған, сондай-ақ әлсіздіктен көмекшісі болмаған
2
 
Аллаһқа лайық», – деп айт және Оны асыра ұлықта»
3
;
«Олар: «Аллаһ бала иемденді», – десті. Расында, өрескел 
нәрсе сөйледіңдер. Аллаһқа бала таңғандықтарынан көктер 
шатынай, жер жарыла, таулар құлап түсе жаздайды. 
Негізінен, Аллаһқа бала лайықты емес. Көктер мен жердегі 
әркім Аллаһқа құл болып келеді. Расында, Аллаһ оларды 
түгендеп, бір-бірлеп санын біледі. Сондай-ақ олардың 
барлығы Оған жеке-жеке келеді»
4

«(Мұхаммед!) «Ол Аллаһ – Жалғыз. Аллаһ Мұңсыз. Ол 
тумады да, туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес», – деп айт»
5

– деген.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«Аллаһ тағала: «Адам баласы Мені орынсыз жалғаншыға 
шығарды және орынсыз тілдеді. Мені жалғаншыға шығарғаны 
– «Ол мені алғаш жаратқандай қайта тірілтпейді» деп 
айтқаны, Маған оны қайта тірілту алғаш жаратқандағыдан 
да оңай. Ал Мені тілдегені – «Аллаһтың баласы бар» деп 
айтқаны, Мен – Жалғызбын, Мұңсызбын. Тумадым, 
туылмадым және ешкім Маған тең емес», – деді»
6

1
«Мәриям» сүресі, 34-35 аяттар. 
2
Яғни Аллаһ тағала әлсіздер сияқты көмекшіге мұқтаж емес. 
3
«Исра» сүресі, 111-аят. 
4
«Мәриям» сүресі, 88-95 аяттар. 
5
«Ықылас» сүресі. 
6
Хадисті әл-Бұхари жеткізген. 


287


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет