Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет238/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
құтты қылып, тірі жүргенімде намаз бен зекетті өсиет етті. 
(Сондай-ақ мені) анама мейірімді етіп, зорлықшыл, бақытсыз 
қылмады. Маған туылған күнімде, өлер күнімде және қайта 
тірілер күнімде (Аллаһтан) амандық болсын»
1
, – деді. 
Міне, Аллаһтың мұғжизасы! Жөргектегі нәресте ақида, иман, 
ғибадат, әдеп мәселелерінде теңдессіз сөздер айтты. Көпшілік 
алдында нәресте осы сөздерді айтқаннан кейін бұған біреулер 
сенді, ал біреулер сенбей, «Бұл – сиқыр шығар» деп күмән 
келтірді. Ал яһудилер Мәриямға мүлдем сенбей, оны салдақы 
деп, ал оның ұлы Исаны салдақының баласы деп атайтын болды. 
Олардың бұл қателіктерін әшкерелеп, Аллаһ тағала:
«Олар қарсы шығулары әрі Мәриямға зор жала 
жапсырған 
сөздері 
себепті 
(Аллаһтың 
лағынетіне 
ұшыраушылар)»
2
, – деген. 
Исаның балалық шағы 
Иса Бәйтул-Лахм деген жерде дүниеге келген еді. Ол нәресте 
кезінде сөйлегенімен, кейін бала сөйлейтін жасқа келгенше 
сөйлемеген делінген. Бала кезінен-ақ оның бойында мұғжизалар 
бой көрсеткен, ал яһудилер болса бұл баладан шындап сескенді. 
Бұл сескеністің басты себебі – Иса ержеткеннен соң, өздерінің 
пасық іс-әрекеттерінің әшкерелеуінен қорыққан-ды. Ұлының 
амандығына алаңдаған Мәриям көбіне яһудилердің дұшпандық 
әрекеттерге баруынан сескеніп, мүмкіндігінше қалада болмауға 
тырысты. Сондықтан Бәйтул-Мақдистің маңындағы бір төбені 
мекен етті. Олар мекен еткен төбе Құранда: «Мәриямұлы мен 
оның анасын бір ғибрат қылдық. Екеуін бір бұлақты, жайлы 
тепсең жерге орналастырдық»
3
, – деп айтылған. 
1
«Мәриям» сүресі, 18-33 аяттар. 
2
«Ниса» сүресі, 156-аят. 
3
«Муминун» сүресі, 50-аят. 


277


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет