туады да: «Бұл кімнен?» – дегендерге: «Журайждан», – деп
айтады. Адамдар келіп, оның ғибадатханасын бұзып, өзін
масқаралап, тілдейді. Сонда Журайж дәрет алып, намаз
оқиды да, әлгі сәбиге келіп: «Әй, бала! Әкең кім?» – деп
сұрайды. Жөргектегі бала: «Пәлен деген қойшы», – деп жауап
қайырады. Адамдар Журайжға: «Ғибадатханаңды алтыннан
қайта тұрғызып берейік пе?» – дегенде: «Жоқ, лайдан
тұрғызыңдар», – деді. Сондай-ақ исраилдіктерден бір әйел
баласын емізіп отырғанда, жандарынан сымбатты бір
аттылы кісі өтеді. Әйел: «Тәңірім! Баламды осы секілді ет»,
– деп дұға қылады. Сонда бала емуін тоқтатып, әлгі аттылы
кісіге бұрылып: «Тәңірім! Мені оған ұқсатпа», – деп, қайта
бұрылып емшек емуін жалғастырады. Сосын олар бір күңнің
қасынан өткенде, әйел: «Тәңірім! Баламды мұндай етпе», –
деп дұға қылады. Сонда бала қайтадан емшек емуін
тоқтатып: «Тәңірім! Мені оған ұқсат», – дейді. Шешесі: «Не
үшін?» – деп сұраған еді: «Аттылы кісі – зорлықшыл біреу, ал
мына күң әйел – адамдар оны ұрлық қылды, зина істеді дейді,
бірақ ол ондай істемеген», – деп жауап берді», – деп айтқан
1
.
Ол жоғарыда айтылғандай, туылған сәтінде шайтанның
нұқуына ұшырамаған.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кімде-кім Аллаһтан өзге құдай
жоқтығына, Оның жалғыз, серігі жоқ екеніне және
Мұхаммедтің Оның құлы әрі елшісі екеніне, сондай-ақ Исаның
Аллаһтың құлы әрі елшісі, Мәриямға жолдаған сөзі мен рухы
екеніне, жаннаттың хақ екендігіне және тозақтың хақ
екендігіне куәлік берсе, Аллаһ оны жаннатқа оның сегіз
Достарыңызбен бөлісу: |