«Естіген нәрсесінде Аллаһтан сабырлы ешкім жоқ. Олар «Оның баласы бар» дейді, ал Ол оларды кешіріп, ризық береді» 1 , – деген.
Аллаһ тағала және:
«Расында, «Аллаһты Мәриямұлы Мәсих» дегендер кәпір болды. Егер (Аллаһ)Мәриямұлы Мәсихты және оның шешесін де, тіпті біртұтас жердегілерді жоқ етуді қаласа, Аллаһтан құтқаруға кім кепіл?» – де. Көктер мен жердің және екеуінің арасындағылардың иелігі Аллаһта. Ол қалағанын жаратады әрі Аллаһ – әр нәрсеге толық күші Жетуші» 2 ;
«Расында, Мәриямұлы Мәсихты «Аллаһ» дегендер кәпір болды. Негізінде, Мәсих: «Ей, Исраил ұрпақтары! Аллаһқа құлшылық қылыңдар! Менің Раббым әрі сендердің Раббыларың! Ал кім Аллаһқа ортақ қосса, расында, Аллаһ оған жаннатты харам етеді. Оның орны – тозақ оты. Сондай- ақ залымдар үшін жәрдемші жоқ», – деген. Сондай-ақ «Аллаһ үшеудің үшіншісі» дегендер кәпір болды. Бір Құдайдан басқа құдай жоқ. Егер олар бұл айтқандарынан тыйылмаса, олардан қарсы келгендерге күйзелтуші азап кезігеді. Сонда да Аллаһқа тәубе етіп, кешірім тілемей ме? Аллаһ – аса Кешірімшіл, өте Мейірімді. Мәриямұлы Мәсих – тек пайғамбар ғана. Одан бұрын да пайғамбарлар өткен. Оның анасы шыншыл еді. Екеуі де тамақ жейтін. (Мұхаммед!) Қара! Оларға аяттарымызды қалай ашық баян етеміз. Сонан соң қалай бұрылып бара жатқандарын көр! (Мұхаммед!) Оларға: «Аллаһтан өзге сендерге не пайда, не зиян келтіре алмайтынға құлшылық қыласыңдар ма? Негізінде, Аллаһ – бәрін Естуші, Білуші», – деп айт» 3 ;
Сондай-ақ:
1
Хадисті әл-Бұхари риуаят еткен.
2
«Мәида» сүресі, 17-аят.
3
«Мәида» сүресі, 72-76 аяттар.