«Біз сені қуанышты хабар жеткізуші әрі ескертуші етіп барлық адамдарға жібердік» 1 , – дейді және осы мағыналас
аяттар өте көп.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «(Өзге) пайғамбарлардан алты нәрсе арқылы артық етілдім: маған қысқа сөйлеп, көп мағына беру қасиеті дарытылды, үрей арқылы жәрдем алдым 2 , маған олжа алу халал етілді, жер беті мен үшін таза және мешіт болды, барша халыққа жіберілдім және менімен пайғамбарлық тоқтатылды», – деген
3
.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен үмбеті өзге пайғамбарлардың
қауымына дінді жеткізгеніне куәлік береді. Әбу Сағид әл-
Худриден (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбар
(с.а.с.): «(Қиямет күні) Нұх пен қауымы келеді де, Аллаһ тағала (Нұхқа): «(Дінді, таухидті) жеткіздің бе?» – дейді. (Нұх): «Иә, Раббым», – дейді. Аллаһ тағала(оның қауымынан): «Сендерге (дінді, таухидті) жеткізді ме?» – деп (сұрайды. Қауымы): «Жоқ! Бізге пайғамбар келген емес», – дейді. Аллаһ тағала (Нұхтан): «Кім саған куәлік береді», – деп (сұрайды. Нұх): «Мұхаммед пен оның үмбеті», – дейді. Сөйтіп, біз оның жеткізгендігіне куәлік береміз. Аллаһ тағаланың: «Осылай сендерді (артық-кемсіз) орташа бір үмбет қылдық. Адамдарға куә болуларың, сондай- ақ пайғамбардың сендерге куә болуы үшін», – деген сөзінің мәнісі осы», – деп айтқан
4
.
Аллаһ тағаланың: «Кезінде Аллаһ пайғамбарлардан: «Мен сендерге Кітап, хикмет бердім, содан кейін сендерге