«Ей, Кітап иелері! Діндеріңде артық кетпеңдер және Аллаһ
туралы шындықтан басқаны айтпаңдар. Шын мәнінде
Мәриям ұлы Иса Мәсих Аллаһтың елшісі, Оның Мәриямға
түсірген сөзі және Оның тарабынан болған бір рух.
Сондықтан, Аллаһқа және Оның елшілеріне иман
келтіріңдер әрі «үшеу» деп айтпаңдар. Өздеріңе жақсылық
болуы үшін (одан) тыйылыңдар. Шын мәнінде Аллаһ жалғыз
құдай. Ол баласы болудан пәк. Аспандар мен жердегілердің
бәрі Оның иелігінде. Аллаһ қамқоршы болуда жеткілікті.
Мәсих (Иса) Аллаһқа құл болудан арланбайды. Сондай-ақ
(Аллаһқа) жақындатылған періштелер де. Ал кім Оның
ғибадатынан бас тартып, тәкаппарлық қылса, таяуда Ол
оларды түгелімен Өз құзырына жинайды»
1
;
«(Қиямет күні) Аллаһ: «Ей, Мәриямның ұлы Иса!
Адамдарға: «Мені және анамды Аллаһтан басқа екі тәңір етіп
алыңдар деп айтқан сенсің бе?» – дегенде, (Иса): «Сен
(кемшілік атаулыдан) пәксің! Өзімнің құқығым болмаған
нәрсені айту маған лайық емес. Егер айтқан болсам,
ақиқатында Сен оны әлбетте білетін едің. Сен менің
ішімдегіні білесің, ал мен Сендегіні білмеймін. Әлбетте Сен
Өзің ғана ғайыптарды Білушісің. Мен оларға «Менің Раббым
әрі сендердің Раббыларың Аллаһқа ғана құлшылық
етіңдер», – деп, Сен бұйырғанды ғана айттым. Әрі олардың
ішінде болған кезімде, оларға куә болдым. Ал Сен мені Өзіңе
алғанан кейін, оларға Өзің бақылаушы болдың. Сен әр
нәрсеге куәсің. Егер оларды азаптасаң, әлбетте олар Өзіңнің
құлдарың. Ал, егер оларды кешірсең, ақиқатында Сен аса
Үстем, өте Данасың», – дейді. Аллаһ: «Бұл шыншылдарға
шындықтары пайда беретін күн. Оларға астынан өзендер
Достарыңызбен бөлісу: |