Пародонт қабынуын емдеу. Пародонт ауруларының терапиясы өте қиын болып табылады, емдеу мақсаты


Пародонт қабынуларын жергілікті емдеу



бет4/11
Дата17.12.2022
өлшемі2.98 Mb.
#467410
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
пародонтит емі презентация 2021-

Пародонт қабынуларын жергілікті емдеу үшін пайдаланылатын дәрілер тізбегі.
Антисептиктерден жиі қолдануға болатындары; иодинолдың 1% судағы ертіндісі, 0,02-0,1% калий перманганатының, 0,02%-0,05% фурацилиннің, 0,02% этакридин лактатының (риванол), 0,5-1% этонийдің, 0,02-0,06% хлоргексидин биглюконатының, 1% диоксидин, 0,5% декамин ертінділері.

Жергілікті емдеу үшін антибиотиктер, сульфаниламидтер, бактерияға қарсы дәрілер жақпалар немесе ертінділер түрінде қолданылады. Олар: тетрациклин, эритромицин, гентомицин, линкомицин жақпалары, 5% стрептоцид және синтомицин линименттері, «Дермазин» жақпасы, салазопиридазиннің 5% суспензиясы, норсульфазол-натрийдің 5-10%, натрий-сульфацилдің 20-30% ертінділері.




Қатты қабынуға және домбығуға қарсы құрамында глюкокортикоидтар бар жақпалар жақсы әсер етеді (1% гидрокортизон, 0,5% преднизолон, 0,025% синафлан жақпалары).


Өте тиімді әсер ететін және бірнеше дәрілер қоспасынан тұратын официоналды препараттарды: «Оксизон», «Гиоксизон», «Дермазолон», «Оксикорт», «Фторокорт», «Синалар-Н» жақпаларын және «Префузин» гелін (құрамында антибиотиктер мен кортикостероидтар бар) қолдануға болады.



«Левосин» жақпасының құрамында левомицитин, сульфадиметоксин, метилурацил және тримекаин, ал «Левомикольдың» құрамында левомицетин және метилурацил бар. «Фастин» жақпасының құрамында фурацилин, синтомицин, анестезин, стеарин («Фастин-I») немесе спермацет бар («Фастин-IІ»).



Қабынуға қарсы әсер ететін стероидты емес препараттардан мефенамин қышқылының натрий тұзының 0,2-1% ертіндісі, 5% бутадион, 3% аспирин жақпалары пайдаланылады. Олар қабынудың белсенді медиаторы болып саналатын простогландиндердің құрылуын тежейді (Лемецкая Т.И., 1989). Простогландиндердің күшті ингибиторы (тежеушісі) индометацин болып саналады.




Оны 3% жақпа түрінде немесе димексидтің 10% ертіндісіндегі 1% сүзбе түрінде (взвесь) қолдануға болады.


Пародонттағы қабыну үрдісі кезінде клеткалардан протеаза, гидролаза және басқа лизосомальды ферменттердің бөлінуін тежеу үшін пантрипин, контрикал, трасилол, ингитрилді ертінді түрінде (10 000 ЕД-ы хлорлы натрийдің изотониялық ертіндісінде ерітеді), жақпалардың құрамында (контрикалдың 10 000 ЕД немесе пантрипиннің 30ЕД 2мл физиологиялық ертінді, 50 мг лизоцим зәйтүн майына араластырылады) қолдануға болады.

Протеаза ингибиторларын қызылиекке аппликат қойю, емдік таңбалардың, арнаулы жабыстырылатын жарғақтардың құрамына қосып немесе электрофорездеу тәсілімен сіңіруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет