Кюретаждау әдісін жүргізген кезде төмендегі шарттарды сақтау қажет: операция жүргізілетін аймақты (бір қабылдауда 3-4 біртүбірлі тістер немесе 2 көптүбірлі тістер пародонтын) тиімділікпен уақытша жансыздандыру, өңделетін тіндерге аса көп зиян келтірмеу, асептика қағидаларын және ұйыған қанды сақтау, операциядан кейін ауызды дұрыс күтуді қамтамасыз ету.
Кюретаждау үшін зарарсыздандырылған және өткір аспаптар: иілген әртүрлі ілмек аспаптар, аршығыштар (эксковаторлар) кюреткалар, рашпилдер пайдаланылады.
Кюретаждау тәсілі. Уақытша жансыздандырудан кейін қызылиек асты тіс тасын және түбір бетіндегі өзгеріске ұшыраған цементті алып тастайды және бұл шараны ультрадыбыстық скалердің көмегімен аяқтайды. Тіс түбірлерінің беттерін белгілі реттілікпен (ерін-ұрт, жанасу және тіл-таңдай беттері) тазалайды. Қалтаға түскен қатты тіндер қалдықтарын антисептиктер ертіндісімен шприцпен жуып кетіреді. Осыдан кейін кюреткалардың немесе аршығыштың көмегімен грануляциялық тінді қырып алады. Ең соңғы және жауапты кезең – қалтаның қызылиек жақ қабырғасын өскен эпителийден тазалау (деэпителизация кармана). Ол үшін сол қолдың басбармағымен қызылиекті тіске жабыстырып және қатты қыса отырып, аршығышпен немесе кюреткамен оның тіске қараған бетін эпителий қабатынан қырып тазартады.
Ол үшін аспаптың (кюретканың, аршығыштың) ойық бетін қызылиекке қаратып қалта түбіне дйін енгізеді де, өткір жиегін қалтаның қызылиек жақ қабырғасына тығыз жанастырып, онда өскен эпителий қабатын қырып шығарып отырады. Қырушы аспаптың қозғалысы сол қол баспармағының астында үнемі бақылауда болады. Қалта толық тазартылғаннан кейін қызылиек тіске қайта жабыстырылып, бетіне қатаятын емдік таңба қойылады. Емдік таңба 5-7 күнге дейін күнара ауыстырылып тұруы қажет. Осы уақыт ішінде науқас жұмсақ және сұйық тағамдарды ғана қабылдап, тістерді мәсуекпен тазаламай, ауызды антисептиктер, ас тұзы немесе ас содасының 1-2% ертінділерімен шайып тұруы (ас қабылдағаннан кейін) керек. Қатаятын таңбалар қояр алдында қызылиек қалталарын сүңгілемейді және жуып-шаймайды. Себебі, мұндай әрекет қалта қабырғасындатыртық тінінің құрылуына кедергі келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |