Арнайы жер аударылғандардың мәселелерін
шешудің бір жолы ретінде олардың жер ау да
рылғанға дейінгі қызметтерін анықтап, қоныс
тандырылған жерлерінде сол кәсіп бойынша
қолдану 1946 жылы да жүзеге асырылды. Сол
бағыттағы аудандық есеп хаттан Сары-Ағаш ауданы
бойынша арнайы жер аударылған қарашайлардың
кейбірінің алдыңғы қызметін көре аламыз [19].
Есеп хатта қарашай мен шешен халқы өкілдері қа-
тар көрсетілген. Солардың арасынан арнайы жер
аударылған қарашайлардың басым бөлігі өз елде-
рінде мұғалім лауазымында болғаны анықталды,
олар: Салпагаров Азрет, Тибуева Файруза, Урусов
Борис, Семенов Хасанби, Бастанова Сафи,
Катчиева Айша. Екеуі есепші болып қызмет еткен:
Салпагарова Марва мен Семенова Хаджая. Бір
аудан меңгерушісі – Айбазов Умар, бір зоотехник –
Салпагаров Д. Бұл ақпараттар қарашайлардың өз
ортасынан арнайы жер аударылғандар арасында
жергілікті әкімшілікке кө мектесетін мамандарын
жасақтауға мүмкіндік берді.
Достарыңызбен бөлісу: |