1947 жылдың 2 ақпанында Қазақ КсР Минис
трлер Кеңесі арнайы жер аударылғандардың
баспана мәселесін шешу үшін жоспар құрып, об
лыс басшылықтарына жолдады. Қазақ КСР Ми-
нистрлер Кеңесінің жоспары аясында 1947 жылдың
4 мамырында ОҚО еңбекші депутаттар Кеңесі атқару
комитетінің шешімі жарияланды. Шешім «1947 жылы
арнайы жер аударылғандарға арналған жеке тұрғын
үй құрылысы және сол құрылысты несиелеу жоспары
туралы» [20] деп аталды. Облыс бойынша ағымдағы
жыл ішінде 5500 мың рубльге 1100 жаңа үй салу, 456
мың рубльге 228 үйдің құрылысын аяқтау жоспары
жасалды. Құрылыс материалдары қоры болмауы
себепті облыс басшылығы Қазақ КСР Министрлер
Кеңесіне келесі құрылыс материалдары бойынша
көмек көрсетуге, құрылыс ағашы – 7436,8 кубометр;
шыны – 10 624 текше метр; шеге –13 280 кг жіберуге
өтініш білдірді:
Республика басшылығы арнайы жер аударыл-
ғандар бойынша облыс, аудандардағы жағдайды
әрдайым бақылауда ұстауға тырысты. Мысал үшін,
1949 жылдың 15 қыркүйегіндегі Мақта-Арал ау-
данының арнайы жер аударылған неміс, грек, қа-
рашайлар бойынша мәліметтеріне сәйкес [21] есепті
атасақ болады. Ауданда 2517 арнайы жер аударылған
қарашай, оның ішінде 7 коммунист, 27 коммунистік
жастар одағының мүшесі болды деп аталады.
Аудан басшылығы бұл есеп хатқа арнайы жер
аударылған қарашайлардың коммунистік карточ-
каларының деректерін де қосымша етіп ұсынды
[22]. Мақта-Арал ауданындағы коммунистік партия
мүшелігіндегі арнайы жер аударылған қарашайлар:
Шаманов Магамет Гамалаевич, чотчаев Исмаил
Байгораевич, Козбаев Магамет Аскирович, Джашиев
Добай Аубекирович, Акбаев Сафарби Джанбаевич,
Акбаев Дабай Хамзатович, Эрикенов Шамиль Аза-
матович.
1943 жылы қарашай халқының жер аударылуымен
басталған тарихи үдерістер қырқыншы жылдардың
соңына қарай бірнеше кезеңдерді басынан өткеріп
үлгерді. Аз халықтар санатындағы түркі тілді қа-
рашай халқын тарихи отандарынан күштеп жер ау-
дару олардың ұлт ретінде жойылып кету қаупін
туындатты. Қарашай халқының тарихында Оңтүстік
Қазақстан және Жамбыл облыстарында арнайы жер
аударылғандар ретінде өткізген он жылдан астам
уақыт ерекше ауыр кезең болып сақталуда.
Елуінші жылдары әкімшілік қадағалаудан босаған
соң қарашайлардың негізгі легі туған жерлеріне
оралғанымен, Қазақстанда өмір сүруге қалғандары
да болды. 1989 жылғы жалпыодақтық санақ [23]
бойынша Қазақ КСР аумағында 2057 қарашай ұлт
өкілі тіркелген, олардың 26,1%-ы Оңтүстік Қазақстан
облысында, 46,2%-ы Жамбыл облысында қоныс
тепкен.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается депортация большей
части тюркоязычного карачаевского народа в
Южно-Казахстанскую область. Основное внимание
уделяется их расселению, хозяйственному и тру-
довому устройству. А также сопутствовавшим проб-
лемам здоровья, жилищным вопросам и социальным
положениям спецпереселенцев карачаевцев.
Достарыңызбен бөлісу: |