Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев, Т. Омар бе ков


Қазақ тарихы   №9 (186), қыркүйек, 2020



Pdf көрінісі
бет25/299
Дата02.01.2022
өлшемі1 Mb.
#452020
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   299
9-20

9

Қазақ тарихы  



№9 (186), қыркүйек, 2020

науқас  адамдарға  көшпелі  ортада  ежелден  орнық-

қан  «ата-баба  жолының»  ұстанымдарына  сәйкес 

кө мектескенде  ғана  сауабын  алуға  болады.  Егер 

осы  этикалық  мәнді  қағиданы  әрі  қарай  өрбітсек, 

«әйтпесе  обалына  қаласың»,  –  деген  «ата-баба 

жолының»  субъектіні  (субъектілерді)  қажетті  көмек 

беруге міндеттейтін қағидасының императивтік мәнін 

аңғару қиынға түспейді.

Түйін.  Сонымен  өзара  себеп-салдарлық  байла-

ныстағы «адал», «арам», «обал», «сауап» категория-

принциптері көшпелі қазақ социумының сан ғасырлық 

тіршілік  ырғағының  негізі  болған  тұлғааралық 

қатынастар жүйесінің үйлесімдігін қамтамасыз еткен 

тегеурінді  ішкі  факторлар  қатарына  жатады.  Бұл 

ретте  аталған  категория-принциптерінің  қоғамдағы 

сан  алуан  басқа  да  ұстанымдардың  да  этикалық 

мәнді  «идеологиялық»  негізі  һәм  негіздемесі  бол-

ғандығы  назар  аударады.  Мысал  ретінде  осы  ка-

тегория-принциптердің  дәстүрлі  қазақы  ортада 

ай  рықша  маңызды  реттеушілік  функция  атқарған 

«ұят», сондай-ақ, «көрші қақысы», «кісі қақысы», «мү-

сәпірдің  қақысы»,  «қазақтың  төреде  қақысы  бар», 

«қазақтың қазақта қақысы бар», сонымен бірге, қазақ 

өлкесінде  исламның  орнығу  үрдісінде  қалыптасқан 

«мұсылманның  мұсылманда  қақысы  бар»  сынды 

іргелі  ұстанымдардың  да  тиімділігінің  моральдық-

этикалық  негіздемесі  болғандығын  айтуға  болады. 

Алайда,  қазақ  қоғамының  Ресей  империясының, 

әсіресе,  ХІХ  ғасырдың  2-жартысынан  бастап  уытты 

уысына мықтап түскендігіне байланысты социумның 

байырғы тіршілік механизмдерінің, соның ішінде, әл-

бетте,  аталған  категория-принциптердің  де  бұрын-

ғы  әлеуметтік-институционалдық  әуселесі  мейлінше 

әлсіреп кетті. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   299




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет