Сөйлеймін десең өзің біл (Абай)
§37. Қаратпа сөзбен қатар келген одағайдан кейін үтір қойылады:
Уа,
Горький, халық ырысы – күнді сүйдің
(Жамбыл). Уәу, жігіттер! Сендердін
өлең жазамын деп қырқысқан таласың тіпті жақсы (М.Әуезов). Күннен күнге, уа,
халқым, құлаш жаздың өріске
(Жамбыл).
§38. Қаратпа сөзбен қатар келген
о деген одағайдан кейін де үтір
қойылады: О, күн-ау, төге түсші сәулеңді сен (Жамбыл). О, Жасаған! – деді
Савельич күңірене сөйлеп (А.С.Пушкин).
О, жалғыз сенерім – Жантығым! О,
сиқыр, тағы келдің бе қасыма? (Ғ.Мүсірепов).
Есіл өлкесінің құнарлылығы
туралы талай әңгімелер естіп ем, рас екен!.. О, Есіл!.. (С.Мұқанов)
§39. Қаратпа сөз сияқты, бірақ нақты біреуге арналып айтылмаған,
жалпылық-белгісіздік немесе одағайлық мағынасы бар сөздер сөйлем ішінде
үтірмен бөлінеді. Олар да күрделі, шылаулы болып келе береді: Менің
айтқаным да, естігенім де осы ғана емес пе еді, сығыр-ау! Жандарым-ау, не
білгендерің бар? Әй, кәпір, содан қосылған жау болды. Айналайын құдай-ау,
айнымаған Тоғжан! Жә, әлгі қайда жоқ боп кетті, батыр-ау! (М.Әуезов). Солай
ма еді, аңқау басым? (С.Мұқанов). Бар болғыр, жай болушы ма еді?
(Ғ.Мүсірепов). Көптен ұйқы көрмей сергелдең болып жүрген байғұс басым,
сол мезгілде ұйқы қысып қалғымаймын ба? Таң атқан соң қарасам, көзін
ашпағыр, май жағылмаған етігім өкпелеп қашып кетіпті (Ертегіден).
§40. Қыстырма сөздер (жалаң және күрделі) сөйлем ішіндегі басқа
сөздерден үтірмен бөлінеді. Қыстырма сөз сөйлемнің басында келсе, үтір одан
кейін, ортасында келсе, екі жағынан, соңында келсе, алдынан қойылады:
Достарыңызбен бөлісу: