Қазақ тілінің пунктуациялық



Pdf көрінісі
бет11/44
Дата16.01.2022
өлшемі0.88 Mb.
#454607
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44
Тыныс-белгі-ереже

Менің  білуімше,  ел  бір  заманда  қой  сияқты  болған  (М.Әуезов). 

Ұмытпасам,  курста  бізге  берілетін  сабақтардың  саны  он  (С.Мұқанов). 

Түнеугүні, әлі есімде, ауылдағы құс фермасына бардық. Жалған шығар бұл, кім 

біледі. 

§41. Қыстырма болатын сөздер мен сөз тіркестері көбінесе мыналар: 

а) Автордың түрліше сезімін: қуанышын, қайғырғанын, өкінішін, сенімін, 

күмәндануын т.б. білдіретін сөздер: амал қанша, несін айтасың, бәсе, әрине, рас, 

сірә,  тегі,  тегінде,  асылы,  бәлкім,  шамасы,  айтпақшы,  мүмкін,  бақытымызға 

қарай, соры қайнағанда т.б.: 

Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ (Абай). Бәсе, осы сөз менің құлағыма 

бір тиген еді (М.Әуезов). Көл, тегі, «Дос» болып сол кісінің ныспымен аталып 

кеткен болу керек. Амал нешік, келдім (С.Мұқанов). 

ә)  Айтылған  ойдың  кімнің  тарапынан  шыққанын  білдіретін  сөздер: 



...айтуынша, ...айтқандай, жұрт айтқандай, меніңше, менің байқауымша, менің 

аңғаруымша, біздінше, сеніңше, оныңша, оларша, ...ойынша, әлі есімде, шынымды 

айтайын, ұмытпасам т.б. Мысалдар: Менің аңғаруымша, сіз тарихқа көп ат 

салысқан  сияқтысыз  (М.Әуезов).  Горькийше,  бүкіл  азаматтық  ақыл-ой  мен 

көркемдікке жол салушы да, мәдениетті құрушы да, әлемді жаңғыртушы да – 

еңбек. 


б) Ойдың желісін, ретін (бастамасын, түйінін) білдіретін сөздер: біріншіден, 

екіншіден,...  әуелі,  алдымен,  демек,  сөйтіп,  қысқасы,  ақырында,  әйтеуір, 

керісінше,  мысалы,  негізінен,  негізінде,  сонсын,  сосын,  бір  жағынан,  екінші 

жағынан,..., бір сөзбен айтқанда, былайша айтқанда, сайып келгенде т.б.  

Мысалдар: Ең әуелі, жайдақ суға теңгердіңіз... Екінші, ел алатын тәсілді 



айттыңыз...  Үшінші,  орысты  айттыңыз  (М.Әуезов).  Өз  балаларына  сонша 

қатал  ол  мені  кісі  баласы  көре  ме,  әлде  әке-шешесі  жоқ  жетім  деп  аяй  ма, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет