адамдардың өмірімен өмір сүріңіз, – деп жазды Толстой, – әр образда оның ішкі
түйсінулерін суреттеңіз; сонда олардың өздері өз мінездеріне лайық қимыл-
әрекеттерді өздері жасайды...» (З.Қабдолов).
Е с к е р т у. Сөйлем ішіне оның бір мүшесі ретіңде кіргізілген дәйексөзге
(олар толық алынбаса да) көп нүкте қойылмайды: Қазірде де кейбір талантты
жазушылар қаламынан шыққан «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиерліктей» сөз
түйдектерін кездестіруге болады (К.Аханов).
§27. Көп нүкте қойылуға тиісті сөйлем лепті не сұраулы болып келсе, әуелі
леп белгісі (сондай-ақ сұрау белгісі), одан кейін қатарынан екі нүкте қойылады:
Ой, тәйір алғыр!.. Бұл кім өзі? – деп ашумен сырт айнала беріп Абайды көрді де:
– Ой, Абай, сенбісің?.. Ай, шырағым-ай, бір тыныш жерде отырсаң етті!.. – деді
(М.Әуезов).
§28. Кейде көп нүкте қойылуға тиісті сөйлем әрі лепті, әрі сұраулы болып
келсе, әуелі мағынасына қарай не леп, не сұрау белгілері, олардан соң бір нүкте
қойылады: Ән салған жылқышының дауыстары да кейде шырқала, кейде баяулай
естіліп жатады... Ол да маған таныс түндер... Көл ше?!. Алуа ше?!
(С.Мұқанов).
§29. Лептік те, сұраулық та мәні бар сөйлемдерден кейін екі белгі қабат
қойылады. Сұраулық мәні басым болса, әуелі сұрау белгісі және керісінше
қойылады:
Кешіре көр, тақсыр балық,
Не кылмақсың бұл ессізге ?! (А.С.Пушкин).
Отаным, еркелегем өзге кімге?
Өзіңмен нені болсын көргем бірге!
Қалайша қабырғама батпас менің
Басыңа қатер бұлты төнген күнде!?(Ғ.Орманов).
Достарыңызбен бөлісу: