Қазақ тілінің пунктуациялық



Pdf көрінісі
бет14/44
Дата16.01.2022
өлшемі0.88 Mb.
#454607
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44
Тыныс-белгі-ереже

мысалы  қаз  бен  үйрек,  келе  бастайды. Географиялық атаулар, айталық  тау 

аттары, бас әріппен жазылады. 


§48.  Қыстырма  сөзбен  келген  оңашаланған  мүше  жақша  ішінде  тұрса, 

қыстырмадан кейін үтір қойылады. 

§49.  Мағынасы  жағынан  қыстырма  сөздерге  ұқсас  келетін,  дауыс 

кідірісімен  айтылатын  мынадай  сөздер  сөйлемнің  басында  не  жай  сөйлем 

ішінде  үтір  арқылы  бөлінбейді:  ал,  тіпті,  дегенмен,  алайда,  бірақ,  сонымен 

қатар, сондай-ақ, әсіресе, тек.  

Мысалдар:  Ырғызбай  ішінде  әсіресе  осы  Қарашоқыға  қызығушылар  көп 



болатын. Тек не бұйырсаң да, тезінен бұйырғайсың. Абай бірақ қайындап кетті 

(М.Әуезов). Дегенмен мен жаңылмаппын. Мен оған күлімсірей қараймын. Ал ол 



өзінің келешегіне күлімсірей қарайды (М.Иманжанов). Ал Әмір болса, сол балалар 

ішіндегі әнші, өнерлісі болып келеді (М.Әуезов). Ол тіпті көшелі кісі боп қапты 

(С.Мұқанов). 



Ал,  бірақ,  алайда,  дегенмен,  сонымен  қатар,  сондай-ақ  деген  сөздер 

жалғаулық  шылау  ретінде  екі  бірыңғай  мүшенің  немесе  екі  жай  сөйлемнің 

арасында келсе, алдарынан үтір қойылады (§105-ты қараңыз). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет