§10. Сүйсіну, таңырқау мәнінде келген қандай, неткен, не деген т.с.с. сұрау
есімдіктерінен кейін леп белгісі қойылады:
§11. Ғажап! Керемет! Тамаша! т.с.с. сүйсіну мәнді білдіретін бір ғана
сөзден тұратын сөйлемдерден кейін леп белгісі қойылады.
§12. Сәлемдесу барысында сөйлемдер ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларымен
келсе, одан кейін леп белгісі қойылады: Амансың ба! Сәламатсыз ба!
§13. Ұрсу, жекіру мәнді сөйлемдер ма, ме, ба, бе, па, пе сұраулық
шылауларымен келсе, олардан кейін леп белгісі қойылады: Көзіңді ойып
алайын ба! Басыңды жарып қояйын ба!
§14. Сүйсіну, таңдану, мақтан ету, тіксіну т.б. мәнді сөйлемдер сұрау
есімдіктерімен немесе ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларымен келсе (жауапты қажет
етпейтін болса), одан кейін леп белгісі қойылады: Бұған қайтіп шыдайын!
Тәттілігі қандай сол судың! Салқындығы қандай! Мөлдірлігі қандай!
(С.Мұқанов).
§15. Ерекше интонациямен айтылған лепті сөйлемдер бірыңғай мүше
түрінде келсе, әр бірыңғай мүшеден кейін леп белгісі қойылады.
§16. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келіп, ерекше интонациямен айтылса,
одан кейін леп белгісі қойылады.
§17. Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келіп, сөйлем ерекше интонацияға
бітсе де, сөйлемнің соңынан леп белгісі қойылады.
§18. Дәйексөз (цитата) ретінде алынған мәтіннің ішіндегі тұжырымға
автордың келіспейтінін, кекесінін білдіру үшін жақшаға алынған леп белгісі
қойылады:
§19. Кекесін, ирония түрінде жақшаның ішінде берілген қыстырма сөздің
соңынан леп белгісі қойылады: Еміс-еміс естуімше, қыздың бір дұшпаны (неге
Достарыңызбен бөлісу: |