та, сайып келгенде, Гаврила секілді, жеке меншіктің құрбаны болған адам
(«Қазақ әдебиеті»). Бөжей де, Құнанбай сияқты, феодалдық-рушылдық
қоғамның мықты болғанын тілейтін феодал (М.Әуезов).
§108.
Мақал-мәтелдерде,
афоризмдерде,
өлеңдерде
сөйлемнің
баяндауышы түсіріліп, ықшамдалып айтылады. Мұндай сөйлемдер түсінікті
болу үшін, бастауыштан кейін сызықша қоюға болады: Ер – егесте (сыналады),
нар – кешуде (сыналады) (М.Әуезов). Асыл – тастан (шығады), ақыл – жастан
(шығады). Қой – қозыдан (өреді) (Мақалдар). Біреуі – көк (тағысы), біреуі – жер
тағысы (Абай).
§109. Ол – ол ма, бұрынғы – бұрынғы ма, бұл – бұл ма сияқты қыстырма сөз
тіркестері араларына сызықша қойылып жазылады: Бұрынғы – бұрынғы ма,
оның салтанаты тіпті артып кетті. Ол – ол ма, әңгіме одан сайын күшейе
түсті.
§110. Бастауыш пен баяндауышты байланыстырушы дегеніміз, деген
(дегенім, дегенің, дегені) деген сөз тұрса, бастауыштан кейін сызықша қойылады:
Достарыңызбен бөлісу: |