бағыныңқылы, бір басыңқыдан құралған. Ол ұрса – құлашы көз тойдырады, ол
сыбанса – білегі көз тойдырады...Тағы бір мысал: Көзімнің оты жарқ ете қап,
дуылдай жөнелген мұрнымды алақаныммен тоса қойып ем, жып-жылы бірдеме
сорғалай жөнелді, байқасам – шұбырған қан! (С.Мұқанов).
§83. Бір мағынаны беретін, бірақ екеуі де ашық райда айтылатын күрделі
етістіктің арасында келген да шылауынан кейін үтір қойылмайды. Ол етістіктер
бірыңғай мүшелер болып табылмайды: олардың соңғысы өз алдына лексикалық
мағынасы жоқ көмекші етістік болады да, алғашқысын көсемше тұлғасына
салып айтуға келеді. Мысалы: Сол кезде сен егеуді ал да жөнел. – Сен сол кезде
егеуді ала жөнел. Жат та қой, бар болғаны сол. – Жатып ал, бар болғаны сол.
Шал шанасынан секіріп түсіп, жүгіре басып, жаяу жүрді де отырды. – Шал
шанасынан секіріп түсіп, жүгіре басып жаяу жүріп отырды. Мың жылқым қатар
тұрып су ішетін суат ойылды да қалды. – Мың жылқым қатар тұрып су ішетін
суат ойыла қалды (барлық сөйлемдер «Ертегіден»). Дауыл көтерілді де, төңірек
ұйытқыған қалың қар болды да кетті (С.Мұқанов). – Дауыл көтерілді де, төңірек
ұйытқыған қалың қар болып кетті.
§84. Не, немесе, я, яки, әрі, әлде жалғаулықтары қайталанбай, екі бірыңғай
мүшенің арасында тұрса, үтір қойылмайды. Мысалы: Есін жиғанын не
оянғанын Асқардың өзі де білмейді (С.Мұқанов). Бұл жердің топырағы –
Достарыңызбен бөлісу: