(Жамбыл). Менің жазып отырғаным – теңіз үстінде кездескен көріністерден,
жолыққан адамдардан білгендерім (С.Мұқанов).
Абайды таң еткен – сол екі
жігіт (М.Әуезов).
Ән шырқаған – сол. Станцияға ең
кеш келген – осы.
§99. Бастауыш зат есімнен не сілтеу есімдігінен, баяндауыш есімшеден
болғанда, екеуінің арасына сызықша қойылмайды, өйткені мұнда есімше өзінің
етістік қызметінде қолданылады: Мектеп үйі жаңадан салынған. Сол екі жігіт
Абайды таңдандырған.
§100. Баяндауыш болып тұрған есімше зат есім мағынасында қолданылған
болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Осы кездік – саған тартқаным
(соңғы есімше тұлға «тартқан сыйым» деген заттық мағынада қолданылып тұр).
Енді осы – тоқтатқаны (Ғ.Мүсірепов).
§101. Бастауыш бірі, біреуі, біріншісі, екіншісі, алдыңғысы, соңғысы деген
заттанған сан есім, сын есімдерден және көбі деген сөзден, баяндауыш атау
тұлғадағы зат есімнен не -у жұрнақты етістіктен (және керісінше) болғанда,
бастауыштан кейін сызықша қойылады: Пьесада («Шыңырау түбінде») бір-
біріне қарсы екі түрлі идея түйіседі: оның бірі – көнбістікті, төзе берушілікті
уағыздайтын аяушылық идеясы, екіншісі – адам күшіне сену, оны өмір үшін
күреске шақыру идеясы («Қазақ әдебиеті»). Жаяу Мұса – Біржан бастаған
Арқадағы әншілер тобының көрнектілерінің бірі (М.Әуезов). Горькийдің
реалистік шығармаларында суреттелетін образдардың көбі – өмірдің азабын
шеккен, қорлық, зорлық көрген таптың өкілдері («Қазақ әдебиеті»).
§102. Бастауыш бірі, біреуі, екіниіісі, біріншісі, көбі деген сөздерден,
баяндауыш атау тұлғадағы зат есім мен -у жұрнақты етістіктен басқа сөз
таптарының бірінен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Ойыл екеу:
Достарыңызбен бөлісу: