(бірдей болмай) тұрса, не екеуі де атау тұлғада келсе, жалқы есімнен болған
айқындауыштан кейін сызықша қойылады: Менің інім Марат биыл мектеп
бітіреді. Оның бұл тұрған қалпын ағасы Балтабектің әйелі Айбаладан басқа
ешкім көрген жоқ (С.Мұқанов). Шойын кеуделі, аю жоталы...қара кісі Игілік би
паң да, тәкаппар да емес (Ғ.Мүсірепов). Бұл сөйлемдердегі Марат, Балтабай,
Игілік би, Айбала деген жалқы есімдер өздерінен бұрынғы інім, ағасы, қара кісі,
әйелі деген сөздерді дәлдеп атап айтып, айқындап тұр.
§118. Бірыңғай мүшелерден кейін сөйлем аяқталмаса, бірыңғай мүшенің
ең соңғысынан кейін сызықша қойылады: Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті:
Достарыңызбен бөлісу: