ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек (Абай). Бұл өлең жолдарының
қара сөзбен айтылатын құрылымы мынадай болар еді: Адамның қасиеті – үш-
ақ нәрсе: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Мұнда жалпылауыш сөз –
үш-ақ нәрсе (баяндауыш).
§119. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден кейін келсе, жалпылауыш
сөзден бұрын сызықша қойылады. Бірыңғай мүшелерден кейін жалпылауыш
сөз болып келетіндер, көбінесе, бәрі, барлығы, баршасы, күллісі, бірі деген
есімдіктер және сан есім аралас басқа есімдер болады: Ортасында Құнанбай,
Бөжей, Байсал, Қаратай, Сүйіндік, Майбасар –бәрі бар (М.Әуезов). Жылаған
Тоғжан, жылаған Бөжей қыздары, барлық қаралы көш... қаралы киім, тұл ат –
Достарыңызбен бөлісу: |