Хабаршысы ғылыми журналы



Pdf көрінісі
бет101/180
Дата01.02.2022
өлшемі3.07 Mb.
#455016
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   180
 
Ключевые слова: право, культура, человек, ценность, педагогика, система. 
Key words: development of legal culture and human values in the pedagogical   system of 
higher institutions. 
 
         Еліміздің төл Конституциясында Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет 
болып жарияланғаны белгілі. Құқықтық мемлекет құру үшін қоғамның құқықтық 
мәдениеті болуы керек. Құқықтық мемлекет құру жас жеткіншектерден басталады, 
өйткені болашақ қоғам жастардың қолында. 
«Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болуы 
керек. Әрбір адамның өзі үшін жауапкершілігі жаратушының алдындағы 
жауапкершілікпен бірдей екендігі  сөзсіз. Білімді адам санатына қосылуы үшін қазіргі 
жастарға негізгі пәндерді игеру және талдау қабілетінің сауаттылығы аздық етеді. Ол 
өмірдің әр тетігіне  үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет», - деп жазды 
С.Назарбаева «Өмір әдебі» кітабында[1]. 
Қазіргі кезде ғаламдық өзгерістер мемлекеттің ішкі даму жағдайларына, қайта 
құрудың көптеген міндеттерін нәтижелі  шешуге, қоғамның әлеуметтік – экономикалық, 
материалдық – техникалық, идеологиялық, психологиялық ахуалына бейім екені мәлім.  
Жалпы алғанда «мәдениет» ұғымын адамдар қауымы жасаған, сондықтан оны 
дамудың белгілі бір деңгейін анықтап, сипаттайтын материалдық және рухани құндылық 
деп түсіну көзделген. Ал құқықтық мәдениет дегеніміз – өзінің құрамы, ерекшелігі бар 
қоғамдық мәдениеттің бір бөлігі. 


Студенттердің құқықтық мәдениетін  қалыптастыруда құқықтық мәдениеттің тар 
және кең мағыналары есепке алынып отыруы қажет. Тар мағынада: заңдылық, құқықтық 
шығармашылық және құқықты қолдану органдарының жалпы міндеті, қоғамның 
құқықтық жүйесінің даму деңгейі. 
Кең мағынада құқықтық мәдениет – қоғамның құқыққа деген нақты қажеттіліктері 
оның ішінде мемлекеттің құқықты бағалауы,  құқықтық ғылым дамуының деңгейі мен заң 
білімінің прогрессивтілігі және ақырында, елдегі заңдылық пен құқық тәртібінің жай-
күйін керек ететін қоғам  мәдениетінің ажырағысыз бөлігі. 
Құқықтың даму деңгейін бейнелейтін жеке азаматтар мен  барлық халықтың 
құқықтық санасы, оның қоғам өміріндегі орны мен рөлі. Кең мағынада құқықтық 
мәдениет  заң мамандарын даярлау немесе құқықтық мәртебелік,  заң қызметінің 
мемлекеттік  жүйедегі рөлі, құқық мәселелері  бойынша ғылыми басқармаларының дамуы 
«адвокатура» жағдайы  т.б. болып табылады.  
Құқықтық мәдениеттің басты элементтері құқықтық сауаттылық  пен азаматтардың 
заңды сыйлап, оны орындауы болып табылады.  Құқықтық мәдениет адамгершілік 
санаттарымен байланысты.  Ғалымдардың  айтуынша «қоғамда адамгершілік мәдениет 
болмайды. Адамгершілік нышандарынсыз әлеуметтік, экономикалық заңдар жүзеге 
аспайды, шешімдер орындалмайды, қазіргі ғылым өмір сүрмейді»[2]. 
Қалыпты жағдайдағы адамның тәртібі, іс-әрекеті саналы түрде қабылданатын 
шешімдер арқылы жүзеге асырылады. Бұл жерде сананың деңгейі сезімдік дамудағы 
адамның әрекетінің әсері бар екендігін мойындау шарт. Сананың өзі белсенді әлеуметтік 
іс-әрекет нәтижесінде қалыптасады. Мұның өзі сана және әрекет мәдениеті адамдар 
қатынасы мәдениетінің бір мағынасына саятынын көрсетеді. 
Үш қабаттан тұратын «үйді» көз алдымызға елестетіп, бірінші қабатта құқықтық 
білім және оны меңгере алу икемдігін орналастырамыз. Екінші қабатта құқыққа деген 
қатынас орын алсын. Ал үшінші қабатта құқықтық мазмұндағы әр түрлі жағдайдағы 
тәртіптер мен әрекеттер болсын.  Барлық басқа үйлердегі секілді біздің үйдің де 
«іргетасы» бар.  Адамның құқықтық мәдениетінің «іргетасы» болып оның саяси және 
адамгершілік  көзқарасының  ішкі нанымы саналады. Төмендегі аталған жағдайлар  
іргетастың қалай қаланғандығына байланысты болады. 
-  Заңға қатыстылық сипатталатын заңды сыйлау сезімі; 
-  Құқық нормасын орындауға, заңдылықты сезінуге дайын тұрушылық
заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту белсенділігі; 
-  Құқықтық білімнің сапасы және оның қолдану аясы; 
Яғни, құқықтық мәдениет – саяси, адамгершілік  нанымға негізделген, терең жан-
жақты құқықтық білім мен дағдының ажырамас бір бөлігі, заңды сыйлау  белсенді 
құқыққорғау әрекеттері[3]. 
Құқықтық мәдениетті қалыптастыру жұмыстары құқықбұзушылықтың алдын алып 
қана қоймай жас жеткіншектердің  берік моральдық  қағидаларын қалыптастырып, 
қоғамдық нормаларды ұғынып қабылдауға бейімделеді. 
Құқықтық мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын жүргізу барысында мыналарға 
мән берілуі керек. Студенттер тек қана өз құқықтары мен міндеттерін біліп қана қоймай, 
бостандық, тұлға, құқықтық мемлекет деген ұғымдармен де таныс болуы керек[4]. 
Қайырымдылық пен зұлымдық, әдемілік пен көркемсіздік және тағы да басқа 
құқық нормасымен байланысты елестете отырулары қажет. Құқықтық тәрбие  
адамгершілік және эстетикалық тәрбиемен байлнысты болуы міндетті. Заң туралы аса 
қызыға білгені абзал. Өйткені, құрғақ ақпараттар студенттердің миына жетіп, жүрегін 
елеңдететін  жеткіншектердің  жас ерекшелігін ескере отырып, олардың құқықтық 
жаңаруы мақсатында  әр түрлі шығармалар нысандары қолданылуы қажет. 
Еліміздің болашағы - ұрпақ тәрбиесінде. Өркениетті қоғам мен құқықтық 
мемлекеттің  қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін,  еркін 
ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін талап етеді. 


Құқықтық мәдениетті мәдениеттің соңғы нәтижесіне жетуге бағытталған қызмет 
ретінде де қарастырады, оған құқықтық мінез-құлықтың құндылықтарын өндіру, тұтыну, 
бөлу бойынша қызметтер жатады. Құқықтық мәдениет кейде оның  компоненттерінің 
даму деңгейінің түсінігі  арқылы айтылады. Онда құқықтық сананың деңгейлері  
заңдылықтар, заңның кемділігі, заңдық тәжірибенің кемелділігі айрықшаланады. 
Құқықтық мәдениет деңгейінің көрсеткіштері қатарында – құқықтық көзқарастардың 
дамығандығы, құқықтық кепілдігі мен кеңділігі, құқықты қолдану қызметінің деңгейі, заң 
білімін беру мен тәрбиенің деңгейі айтылады. Бұдан басқа да тенденциялар бар, ал 
құқықтық мәдениеттің қоғамның идеялы құқықтық жағдайы ретімен сипатталады, оның 
құқықтық өмір, құқықтық ұйым, құқықтық процесс және тағы да басқа құқықтық 
құбылыстары арқылы анықталады. 
Тұлғаның құқықтық мәдениеті құқықтық санамен өте тығыз байланысты. Тұлғаның 
құқықтық санасы өз кезегінде заңдылықтың, құқықтық тәртіптіліктің қағидаларын, 
өмірдің мәні туралы көзқарастарды, нанымдарды көрсетеді. Құқықтық мәдениет орны 
құқықтық сананың элементтерін қосады[5]. 
Құқықтық сана неғұрлым кең ұғым.  Ол әр түрлі объективтік және субъективтік 
факторлар әсерімен қалыптасқан, позитивтік  және негативтік көзқарастары, сенімдерді 
бағалауы қажет етіледі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   180




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет