«Сурет салу» стратегиясы – оқушылардың шығармашылығын шыңдау, суреттеген
оқиғаны немесе құбылысты еркін айтып беру үшін және олардың тілін дамытуда
қолданылатын стратегия. Мына сұрақтар негізінде жұмыс талданады:
- Идеялар қайдан келді ?
- Қаламды кім ұстады ?
- Суретті кезекпен салдыңдар ма?
- Келісімге келу жолын айт.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» жобасының стратегияларын
пайдаланып сабақ өткізу мұғалім мен оқушыларға үлкен көмек болады.
«Сын тұрғысынан ойлау» жүйесінің стратегияларымен жұмыс істегенде: сабақты
түрлендіруге болады; оқушы өзіне деген сеніммен оқушылар арасында еркін сөйлейді; өз
ойын жинақтай отырып, пікірталасқа қатысады; сабақта белсенді түрде
шығармашылықпен жұмысымен көзге түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |