Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №4(59) 2019 г.
21
тұрмыстық дамуда, сӛйлеуде, оқу пәндерін және ӛндірістік дағдыларды меңгеруде. Ресми түрде
әдістің тиімділігі жеткілікті жоғары: 50-60%-ға дейінгі шәкірттер қабілетті болады. Сонымен қоса
бұқаралық мектептің бағдарламасын меңгере отырып, олар тіршілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті
табысты жұмыс істеуге мүмкіндік алады, ал кейбір жағдайларда тіпті колледждер мен ЖОО түседі.
Сонымен қоса оқыту барысында алынған дағдылар басқа шарттарға әрең ауыстырылады, қатты,
азды-кӛпті деңгейде механикалық «роботталған» сипаты бар және қоғамдағы ӛмірге икемді
бейімделудің қажетті деңгейіне жету жүзеге аспайды, ал жүзеге асқанның ӛзінде белгілі бір деңгейде
қолданылған әдіске де байланысты болып келеді.
ТЕАССН бағдарламасы 70 жылдары Э.Шоплер, Р.Райхлер және Г.Месибовтың басқаруымен
Солтүстік Королина штатында дамыған, қазіргі кезде сол және басқада штататарда мемлекеттік
болып есептелінеді, ол Европа, Азия, Африка мемлекеттерінде кеңінен тараған.
ТЕАССН бағдарламасы және оперантты оқыту арасында кейбір жекелеген методикалық
ерекшеліктерінің ұқсастықтарында тұжырымдамалық тәртібі бойынша айырмашылықтары бар.
Аутизммен ауыратын балалардың психикалық ерекшеліктерін мұқият зерттеу кӛптеген шетелдік
авторларды мынадай шешімге келтірді, аутизм кезінде ойлау, қабылдау және психика мүлдем
басқаша, қалыпты жағдайға қарағанда: қабылдау айтарлықтай бір қалыпты сипатта болады, балалар
сабақтастықта ұйымдастырылған процестерді үйренбейді немесе қиындықпен үйренеді, оларда ойлау
ерекшеліктері мүлдем басқаша.
Бұл психикалық ерекшеліктер қоршаған ортаға бейімделуді қиындатады, ал ауыр жағдайларда
қоршаған ортаға бейімделу мүмкіндігінен айырылады, ТЕАССН – бағдарламасының жақтастарының
ойынша, күшті баланың қоршаған ортаға бейімделуіне емес, оның негізгі ерекшеліктеріне сай ӛмір
сүру жағдайын жасауға бағыттау керек.
Күш ауызша қарым-қатынастың түрлерін дамытуға, қарапайым тұрмыстық дағдыларды қалып-
тастыруға жұмсалуда.
ТЕАССН бағдарламасы іс-жүзінде шынайы ӛмірге бейімделуді ешқашан жеткілікті жоғары
деңгейде қамтамасыз етпейді, бірақ ол тіпті аутизмнің ауыр жағдайларымен жұмыс жасауда да
тұрақты оң ӛзгерістерге ӛте тез жетуге мүмкіндік береді. Ӛмір сүру мүмкіндігіне «тәуелсіз және ӛз
бетінше» қол жеткізу мақсаты орындалады, бірақ тек арнайы, шектелген немесе жасанды жағдайлар
жасалғанда. Ӛмір сүруін және жетілуін отбасылық жағдайда ұйымдастыру ӛте ыңғайлы болып
саналады, ӛйткені отбасы – аутизммен ауыратын бала үшін «табиғи ӛмір сүру ортасы» болып
табылады. Бұл тезис ата-анамен жұмысты ӛте маңызды етеді.
Ресейлік аутизмді түзету тәсілдерінің ішінде К.С. Лебедин және О.С. Николайдың ұсынған
әдістері кең тараған, бұл аутизмді ең алдымен аффективтік бұзылу ретінде кӛрсеткен кешенді,
медико-психо-педагогикалық түзету әдістері. Шетелдік әдістерге қарағанда айырмашылығы –
педагогтар, психологтар мен психиатр-дәрігерлер арасындағы тұрақты ӛзара әрекеттестікке кешенді
мән беріледі. Негізгі күш эмоциялық жағын түзетуге, баланы эмоционалды сергітуге бағытталған.
ЕБА-ның жеңіл түрімен жұмыс жасағанда әдіс біршама тиімді болып табылады, ауыр аутизмдік
ауытқулар кезінде оны пайдалану ӛте қиын болып келеді [1].
Сонымен қатар, аутист балалар суды ӛте жақсы кӛреді. Сондықтан оларды «жаңбыр балалары»
деп атайды. Себебі мамандардың күнделікті жұмыс барысында байқаулары бойынша, бұл балалар
суды кӛргенде қуанып эмоциялық үлкен әсер алады. Ата-аналардың айтуы бойынша да, үйлерінде
суға түскенді ұнатады екен.
Дамыған елдерде арнайы терапия бар. Ол дельфиндермен емдеу. Дельфинотерапия арқылы аутист
балалардың 70%-ы жазылып кетеді деген тұжырымдаманы ғалымдар дәлелдеп отыр. Ӛкінішке орай,
Қазақстанда емнің бұл түрі жоқ. Жылқымен серуендеу емін қазақтан артық білетін жан жоқ десек,
біздің елде Астана қаласындағы түзету мекемелерінде стационар балаларды жазғы кезде арнайы
ипподромға апарып осы жылқы терапиясын арнайы мамандармен қолданып келе келеді екен [2].
Ресми дерек бойынша Қазақстанда 1099 бала аутизмге шалдыққан деген пайымдаулар бар. Бірақ
бұл цифр одан да кӛп, себебі, жанұя мүшелерінің ғана қарауында отырған, мемлекет кӛмегіне
жүгінуге әлеуметтік жағдайы мүмкіндік бермейтін отбасылар да баршылық. Елімізде аутизмге
шалдыққан балалардың сандық кӛрсеткіші соңғы он шақты жылда жүзден астам есе ӛскен. Қазақстан
Республикасының 11.07.2002 жылғы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педа-
гогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» №343 Заңын іске асыруда дамуында ауытқушылығы бар
балалардың диагнозын анықтау, емдеу, оңалту, оқу-тәрбие үрдісін жан-жақты қарастырудың
қажеттігі маңызды. Дегенмен, отандық мамандар Қазақстанда мұндай пациенттер үшін арнайы білім
беру және бейімдеу орындары жеткіліксіз деген пікірлерін білдіруде.
|