Хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы



Pdf көрінісі
бет26/110
Дата10.02.2022
өлшемі2.25 Mb.
#455263
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   110
file20191226084701

Keywords: autism, childhood, correction, rehabilitation, recovery. 

 

Бала аутизмі 3-5жас аралығында анық кӛрінеді. Нақты кӛрсеткіштері: аутист бала кӛзін бір жерге 



тоқтатпайды, әсіресе қарама-қарсы отырған адамның түріне ол адамның бет-әлпетіне, тікелей (кӛзбе-

кӛз  тура)  қарамайды.  Нақты  адамға  қарап  күлмейді,  қуанбайды  және  басқа  да  қуаныш  белгілерін 

білдірмейді.  Кӛбінесе  аутизмі  бар  бала  айналасындағы  адамға  немқұрайлық  танытады:  қолға 

сұранбайды,  кӛбінесе  ӛз  тӛсегінде  отыра  беруді  жӛн  кӛреді,  ӛзіне  ыңғайлы  отырысты  іздемейді. 

Аутизмі бар бала ӛз жақындарын таниды, бірақ ұзақ эмоционалды іс-әрекет жасамайды, еркелетуге 

әртүрлі  қарайды,  кейде  немқұрайлы  немесе  жақтырмай,  кейде  ұнатса  да  тез  жалығады.  Мысалы, 

тамақ  ішу  уақыты  бұзылса  мазасызданады  немесе  немқұрайлық  білдіреді.  Жақын  адаммен  қарым-

қатынаста болуы да әртүрлі, кейде оны қажет етеді, кейде қарым-қатынастан қашады, әдетте күрделі 

жағдайда немқұрайлы мәнсіз қарайды. 

Немқұрайлылық ойындарда да пайда болады, бір іс-әрекетті бірнеше рет қайталап мәнсіз ойнайды. 

Мысалы: бос шӛлмекті айналдырады, саусақтар арасынан жіпті ӛткізеді. Ойыншықтармен ойнаса да 

мәнсіз  ойнайды.  Аутизмі  бар  балалар  бір  ыдыстан  екінші  ыдысқа  суды  құйғанды  немесе  құмды 

ыдыстарға құйып ойнағанды ұнатады, бірақ ойындары мәнсіз, құммен ойнағанда оны тӛгіп отырады, 

ешнәрсе жасамайды, құрастырмайды. 

Қимыл-қозғалыс  дамуында  да  ауытқушылық  білінеді.  Аутист  балалардың  жүруінде  ебедейсіздік 

кӛрінеді.  Кейде  бала  қиын  деңгейдегі  қимылдарды  жеңіл  қимылдарға  қарағанда  сәтті  орындайды, 

кейде  қолдың  қимыл-қозғалысы  жалпы  қозғалыстан  ерте  дамиды.  Ӛздігінен  қимыл  жасағанда 

баланың қимылдары епті болады, ал арнайы жасағанда қорқыныш сезімі ерте оянады, нақты немесе 

түсініксіз болуы мүмкін.  

Қорқыныш  тудыратын  заттардың  тізімі  шексіз  (қолшатыр,  электр  құралдардың  жұмсақ 

ойыншықтар,  иттер,  ақ  заттар,  машиналар,  жер  асты  жолдары және  т.б.). Қорқынышты  аутизмі  бар 

бала ауыр қабылдайды. Егер сау баланың қорқынышы бірте-бірте  қайтып кетсе, керісінше аутизмді 

балада ол қайтпайды, қайта үдейе түседі. 

Мысалы: шприцтен қорқатындықтан, ақ халатты медбике  бейнесі  есінде қалады, сӛйтіп ақ түске 

қорқыныш пайда болады. 

Аутизмі  бар  баланың  ішкі  әлеміндегі  және  бір  ерекшелігі  –  аутистикалық  қиял.  Олардың  негізгі 

сипаты-шынайылықтан ауытқу, қоршаған ортамен толық емес әлсіз байланысы. 

Омыраудағы баланың сырт келбетінде мимика байқалмайды, күлу, ренжу, басқа эмоциялар. Басқа 

балалар сияқты белсенді емес, ӛзіне кӛңіл аудармайды. Кӛп жағдайда ол белгілі бір затқа үнемі қарап 

тұрады. Бала қолға талпынбайды, оған күліп қараса күлмейді. Оған қызықты заттарға қол созбайды, 

кӛрсетпейді. Ӛз атына мән бермейді, гуілдеп сӛйлемейді. Аутист бала артық проблема туындатпайды, 

ӛте  байсалды  бала  ретінде  байқалады.  Кӛп  сағат  бойы  ӛз  бетімен  ойнайды,  қоршағандарға 

қызығушылық танытпайды. 

Баланың  сӛйлеу  қабілетінің  дамуы  жӛнінде  авторлардың  кӛпшілігі  әртүрлі  айтқанмен,  кӛбінесе 

сәйкес келетіні мыналар: 

1. Мутизм – сӛйлеу қабілетінің жоқтығы. 

2. Эхолалия – сӛздерді, сӛйлескенде басқа адамның сӛзін қайталау, сӛзді біршама уақыт ӛткен соң 

түсіну.  Кӛбінесе,  сӛзді  қайталауы  сӛйлеу  қаілетінің  және  есте  сақтау  қабілетінің  дамуының 

кӛзбояушылығы болып табылады. 

Кӛптеген  психологиялық  зерттеулер  мұндай  балалардың  ата-аналарының  қамқорлығын  қажет 

ететінін, олардың да үнемі адамдармен бірге болғысы келетіндіктерін анықтап отыр. 

Аутизммен ауыратын адамдарға кӛмек жүйесі ең алғаш 60 жылдардың ортасында АҚШ пен Батыс 

Европада  қалыптаса  бастаған.  Европадағы алғашқы  аутизммен  ауыратын  балаларға  арналған  (бүкіл 

әлемдегі алғашқы) «Sofienskole» мектебі психиатрияда да, арнайы педагогикада да «балалар аутизмі» 

түсінігі  әлі  қалыптаспаған  кезде  1920  жылы  Данияда  жұмыс  істей  бастады.  ЕБА-мен  ауыратын 

балаларға  кӛмек  жүйесінің  тарихы  50  жылдардың  аяғында  қызметтері  психиатрияның  түрлі 

нұсқаларының принциптеріне негізделген аздаған жеке мекемелер пайда болуымен дамыған.  

Оперантты оқыту (мінез терапиясы) АҚШ және кейбір басқа елдерде (Норвегия, Оңтүстік Корея, 

бірқатар  араб  елдері,  белгілі  бір  деңгейде  Германияда  да)  ӛте  кең  таралған.  Әдіс  түрлі  аспектілері 

бойынша  қажетті  мінез-құлықты  қалыптастыратын  сыртқы  шарттарды  болжайды:  әлеуметтік-






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет