Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №4(59) 2019 г.
35
Сурет-2. Оқытудың интербелсенді әдісі
Кӛру қабілеті зақымдалған балаларды ағылшын тіліне оқытуда белсенді әдістерді сабақ
барысында қолдануда, кӛру қабілеті зақымдалған балалардың сӛйлеу тілінің ерекшелігіне назар
аудару қажет.
Бірінші ерекшелік – балалардың сӛйлеу тілінде дыбыстарды дұрыс шығарудағы кездесетін
қиыншылықтар. Бұл баланың ересек адамның сӛйлеу барысындағы ерін қозғалысын, белгілі ырғаққа
сай бет мимикасының қозғалысын кӛріп, бақылай алу мүмкіндігінен айырылғандықпен негізделеді.
Сондықтан кӛру қабілетінен айырылған балалардың сӛйлеу тіліндегі дыбыстары түсініксіз, анық
емес, кӛп жағдайда мәнерсіз болады. Артикулляциялық аппараты (ерін, тіл) аз қозғалмалы болады.
Ызың және шуыл дауыссыздарда, сондай-ақ «р», «л» дыбыстарын айтуда қиыншылықтар кездеседі.
Екінші ерекшелік – кӛру қабілеті зақымдалған балалардың сӛйлеу тілінінде вербализмнің
байқалуы. Яғни, бала белсенді сӛздік қорында белгілі бір сӛздер жиынтығын түп мағынасын түсінбей
қолданады. Бұл баланың танымдық даму аясына байланысты. Кӛру қабілетінен айырылу салдарынан
қоршаған ортадан алынатын заттық және құбылыстық мәліметтердің аздығы, сақталған сезім
мүшелерінінің кӛмегімен жеткілікті деңгейде ақпарат ала алмауымен де байланысты.
Адамның зерттеу объектілері мен құбылыстарын түсіну деңгейін, оның суреттей алуымен
бағалауға болады, яғни тілдік модель – мәтінді құрастыра алу. Мәтін арқылы тек жүйелі ауызекі
сӛйлеу сапасын ғана анықтамай, сондай – ақ ойлау қабілетіне де тоқталуға болады. Ойлау сӛйлеу
тілінде қалыптасады, рәсімделеді [7].
Кӛру қабілеті зақымдалған балаларды шет тіліне үйрету аз зерттелген сала болып табылады.
Теориялық материалдардың жеткіліксіздігі оқытушыларға дағдарыс туғызады, олардың шығарма-
шылық потенциалдарын қолдануға мәжбүр етеді. Аз зерттелудің себебінің біріне кӛру қабілеті
зақымдалған балалардың шет тілін меңгере алмайды деген кӛзқарастың болуы жатады. «Кӛру
қабілеті зақымдалған балалардың шет тілді меңгеру деңгейі кӛру қабілеті қалыпты балалармен бірдей
бола алмайды» - деп ойлайтын кейбір зерттеушілер кездеседі [8, 62 б.].
Оқытушы білім беруде кӛру қабілеті зақымдалған балалардың белгілі ерекшеліктері мен
ынталарын ескеру қажет. Кӛру қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнайы метептерде ағылшын
тіліне үйретуде 4 бағытта білім беруді талап етеді: тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым.
Оқытушы оқушыларды ауқымды мәліметтермен қамтамасыз ету қажет. Олар тек сынып жұмысында
ғана емес, сондай-ақ ӛзіндік жұмыстарда да қолданылуы қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Кольс Г.Л. Методы обучения иностранному языку. – М., 2013.
2 Газман О.С. В школу – с игрой. – М., 2010.
3 Земцова М.И. Пути компенсации слепоты в процессе познавательной и трудовой дея-
тельности. – М., 1956.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Арнайы педагогика» сериясы №4(59) 2019 ж.
36
4 Покутнева С.А. Развитие учебных возможностей слепых и слабовидящих учащихся младших
классов. – К.: Институт дефектологии АПН Украины, 1996.
5 Ловина Н.А. Современные образовательные методы: учебное пособие. – М.: Народное
образование, 2000.
6 Гальскова Н.Д. Интерактивные методы обучения // Воспитание и обучение слепого
дошкольника / под ред. – М., 1967.
7 Best A. Teaching Children with Visual Impairments. Open University Press, 2004.
8 Nikolic T. Teaching a Foreign Language in Schools for Blind and Visually Impaired Children //
Journal of Visually Impairment and Blindness. 2014. February.
9 Рахманов И.В. Обучение детей английскому языку: учебное пособие. – М.: Народное
образование, 2000.
УДК 376-056.3
МРНТИ:14.29.21
Сардарова З.О.
1
, Борисова Е.С.
2
1,2
КазНПУ имени Абая,
г. Алматы, Казахстан
Достарыңызбен бөлісу: |