Хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы



Pdf көрінісі
бет93/110
Дата10.02.2022
өлшемі2.25 Mb.
#455263
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   110
file20191226084701

Keywords: hearing impaired children, correction, development, rehabilitation. 

 

Кохлеарлы  имплантацияның  теориялық-әдіснамалық  аспектілерін  зерттеу  –  есту  қабілеті  нашар 



тұлғаларға  арналған  есту  және  сӛйлеу  дағдыларын  дамытудағы  заманауи  құрал  ретінде  оны 

зерттеудің  маңызды  ажырамас  бӛлігі  болып  табылады.  Сонымен  қатар,  есту  қабілеті  нашар 

балалардың  бұл  дамудың  айырмашылықтарын  талдау  үшін  есту  қабілеті  нашар  және  есту  қабілеті 

сақталған балалардың сӛйлеу дағдыларын дамытуға назар аудару. Бұл екі топтағы балалардың есту, 

сӛйлеудің  даму  кезеңдерін  қарамас  бұрын,  нақты  зерттеу  нәтижелеріне  байланысты  негізгі 

анықтауларға глоссарий жасаған жӛн. 

Есту,  сӛйлеу  қабілетінің  дамуы  есту  арқылы  қабылдауды  -  жеке  функционалды  операция  және 

ауызша тіл дамыту ретінде қарастырады. Есту арқылы қабылдау- сӛйлеу тілінде және сӛйлеу тілінен 

тыс (тану, түсіну, ажырату, табу, анықтау)  есту  операцияларының анализі мен синтезінде және  осы 

дағдыларды  ауызша  сӛйлеу  тілінде  қолдану.  Мектеп  жасына  дейінгі  интеллектісі  сақталған  бала 

кохлеарлы  инплантациядан  кейін  есту  және  сӛйлеу  оңалтуы  дұрыс  ұйымдастырылған  жағдайда  1-

1,5жыл  уақыт  ӛткен  соң  қалыпты  ести  бастайды.  Л.М.  Шипицына  баланың  есту  функциясының 

онтогенезіне толық сипаттама берді. Баланың есту арқылы қабылдауы баланың есту функциясының 

сақталғандығына,  баланың  естуінің  қалыпты  ӛту  немесе  ӛтпеуіне  тікелей  тәуелді  болып                 

табылады [1]. 

Есту  функциясы  бала  ананың  құрсағында  жатқаннан  бастап  дамиды.  Яғни  есту  органдарының 

қалыптасуы  бала  шаранада  болғаннан  бастап  қалыптаса  бастайды.  Естуі  қалыпты  жаңа  туған 

нәрестенің  перенаталды  спецификалық  есту  тәжірибесі  болады:  сыртқы  ортадан  қатты  дыбыстар, 

анасының  жүрек  соғысы  [2].  Бала  ӛмірге  келгеннен  кейін  13-ші  күннен  бастап  барлық  дыбыстарға 

ӛзіндік  реакция  бере  бастайды:  кӛздің  жыпылықтатуының  сиреуі,  тыныс  алудың  ақырындауы,  кӛз 

қарашығының үлкеюі, жылау, іс-әрекеттердің бәсеңсуі және т.б.  

Нәрестенің  1  айында  есту  жүйесі  толық  қалыптаса  бастайды:  бала  дыбыстарды  қабылдап, 

анасының  дауысын  басқа  адамдардың  дауысынан  анық  ажыратады.  2-3  айда  естуі  қалыпты  сәбиде 

дыбыстардың  арасындағы  интервалдарды  ажырата  бастайды.  Бұл  қабілет  баланың  сӛйлеу  тілінің 

дамуына  үлкен  түрткі  болады.  Сонымен  қатар  бала  ӛмір  жасының  осы  алғашқы  айларында 

интонация,  екпін,  темпті  ажырата  алады  [16].  Содан  кейін  де  бұл  балалар  тобы  ӛзінің  жақын 

адамдарын  кӛрмей-ақ  дауысынан  таниды.  4  айдан  6  айға  дейін  балада  есту  сӛйлеу  дамуымен 



Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Арнайы педагогика» сериясы №4(59) 2019 ж. 

78 


байланысты  3-ші  есту  реакциясы  қалыптасады.  Ол  кеңістіктегі  дыбыстардың  локализациясы.  Осы 

кезден  бастап  бала  сӛйлеу  тілінен  тыс  дыбыстарды  дифференциялау  қабілеті  қалыптасады.  Бұл 

баланың  ӛзіндік  сӛйлеуін  қалыптастырып,  сӛйлеу  дабылын  оятады.  11  айда  бала  сӛйлеуге  реакция 

бере бастайды, алайда сыбдыр дыбысты естісе де реакция бермейді. Екі жастың аяғы мен үш жаста 

баланың  ӛмірінде  негізгі  сӛйлеу  дыбысын  және  жанамалы  түсініктерді  ажырату  қабілетін 

қалыптастырумен аяқталады.  

Осы  нәтижелерді  ескере  отырып,  есту  қабілетінің  дамуының  негізін  мына  кезеңдерін  бӛліп 

қарастыруға  болады:  1-кезең  адам  организмінің  қоршаған  ортадағы  дыбыстарға  және  сӛйлеу 

дыбыстарына негізгі есту реакцияларының дамуы (туғаннан 6 айға дейін); 2-кезең адамдардың негізгі 

сӛйлеу  дыбысын  және  жанамалы  түсніктерді  ажырату  қабілетінің  қалыптасуы  (2  жасқа  дейін);  3-

кезең сӛйлейтін адамдардың сӛзінің мағынасын түсінуді меңгерудің нәтижесі ретінде сӛз сӛйлеуден 

толық  сӛйлеуге  дейін  даму  (7  жаста  сӛйлеу  тілінің  барлық  компонеттерін  игеру).  Шмид-Джованни 

есту  қабілетінің  дамуын  мынадай  кезектілікпен  орналастырған:  туу,  дыбысты  аңғару;  есту  назары; 

локализацияның қалыптасуы;  есту сезімін тану;  есту жүйесінің кері байланысы; ӛз дауысын танып-

білу; ауызша сӛйлеу тілінің түсінігі [3]. 

Ауызша  сӛйлеу-  бұл  лексикалық,  грамматикалық,  синтаксистік  компоненттері  есту  қабілетіне 

сәйкес  дыбыстық  жасына  және  есту-сӛйлеу  оңалту  міндеттеріне  сәйкес  келетін  баланың  қолда-

нылатын ауызша сӛйлеу тілінің жүйесі жүйесі. Сӛйлеу дамуының негізгі мақсаты - баланың сӛйлеу 

арқылы  қарым-қатынасы,  танымы,  ӛзін-ӛзі  тану  құралы  ретіндегі  уақтылы  және  тиімді  дамуын 

қамтамасыз ету арқылы ӛз ана тілін меңгеру негізінде әртүрлі іс-әрекет түрлерін қалыптастыру [4].  

Ғылыми  әдебиетте  сӛйлеудің  онтогенезін  қарастырудың  түрлі  тәсілдері  қарастырылады.  Яғни, 

баланың  интеллектуалдық  және  сӛйлеу  дамуының  қатынасын  ескере  отырып,  И.Н.  Горелов,                       

К.Ф.  Седов  мектепке  дейінгі  жастағы  баланы  дамытудың  алты  сатысын  анықтайды:  былдыр  және 

ӛзінің аты мен анасының атына алғашқы реакция болуы (5-7 ай ); алғашқы сӛздер – сӛйлем (9-12 ай); 

алғашқы  сӛйлем  (екі  жасқа  қарай);  басқа  біреудің  сӛйлеуін  түсіну  және  жағдайдан  тыс  ӛз  сӛйлеуін 

пайдаланудың алғашқы тәжірибесі (үш жасқа қарай); еркін сӛйлеу, ӛздігінен ертегі құрастыру (тӛрт 

жасқа  қарай  );  тіл  ережелеріне  деген  саналы  кӛзқарас,  басқа  адамдардың  сӛзіндегі  қателіктерді 

түзету, омоним сӛздерін түсінуі (жеті жасқа қарай). 

Баланың сӛйлеуінде  осы немесе басқа да жаңа білім дағдыларының пайда болуы [5].  А.А. Леон-

тьев балалардың сӛйлеуін дамытудың тӛрт кезеңін кӛрсетеді [18]: Дайындық кезеңі (туғаннан 1 жасқа 

дейін);  мектеп  жасына  дейінгі  кезең  (1-ден  3  жасқа  дейін);  мектепке  дейінгі  кезеңі  (3-тен  7  жасқа 

дейін); мектептегі кезең (7-ден 17 жасқа дейін). 

Бірінші  (дайындық)  кезеңі,  ӛмірдің  бірінші  жылына  сәйкес  келеді.  Осы  уақытта  сӛйлеуді 

меңгеруге  дайындық  болады  ,  жақсы  есту  қабілеті  бар  балада  дауыстық  реакциялар  пайда  болады: 

айқайлау мен жылау. Шамамен 2 айда гуілдеу пайда болады, кейін 3 айға қарай – былдырлап сӛйлей 

бастайды.  Еліктеу  арқылы  6  айда  бала  жеке  ритмикалық  буындарды  айтады.  10-11  айдан  бастап 

сӛйлеушінің  интонациясына  қарамастан,  сӛздерге  деген  реакциялар  пайда  болады.  Қазіргі  кезде 

балаға  басқа  адамдардың  дұрыс  сӛйлеуі  ӛте  маңызды.  Баланың  ӛмірінде  бірінші  жылдың  соңында, 

сӛйлеу  тілінде  және  оның  құрылымында  бұзылыстар  болса,  сӛздік  қорында  алғашқы  сӛздер  пайда 

болды. Пайда болатын сӛздер саны 12-ден 20-ға дейін, кӛп зат есімдермен (шамамен 80%), сонымен 

қатар  алғашқы  етістіктер  де  пайда  болады  (20%).  Басқа  сӛз  таптары  жоқ.  Сӛздікті  селқос  меңгеріп 

алу, яғни баланың жанында жиі айтылған сӛздерді меңгереді. Балада пайда болған алғашқы сӛздер, 

сӛйлем функциясын атқарады . Сӛйлем сӛздерінің мағынасы баланың айтқан кезіндегі жағдайы мен 

қажеттіліктеріне  толық  байланысты.  Әр  баланың  сӛздік  құрамы  терең  жеке  және  отбасының  ӛмір 

салтына, оның мәдени деңгейіне, анамен қарым-қатынас стиліне байланысты [6]. 

Тілдің  фонематикалық  жағы  просодиядан  дами  бастайды:  бастапқыда  балада  әуенді  сӛйлеу  (4-6 

ай),  одан  кейін  ырғақты  (6-12  ай),  одан  кейін  дыбыстық  құрамы  дамиды.  Алдымен  сӛз  біртұтас, 

бӛлінбейтін тұтас ретінде қабылданады, біртіндеп бала сӛйлеушінің дауысына жауап бере бастайды. 

Екі  аптада  сӛйлеу  тілін  естігенде,  бала  кеудені  емуді  тоқтатады,  жылауды  тоқтатады.  Бір  айында 

ананың  дауысын  таниды.  Одан  әрі  үш  айда  бала  басын  сӛйлеушінің  жағына  бұрады,  оны  кӛзімен 

бақылайды. Тӛрт  айда  дауыс  жоғарылығына  ,интонацияға  жауап  береді.  Ӛмірдің  бірінші  жылының 

соңына қарай бала қысқа уақыт оның сӛзін тыңдай алады. Осы уақытта ересектермен эмоционалды 

қарым-қатынас барысында болашақ байланыстырып сӛйлеу негіздері қалыптасады. 

Екінші (мектеп алды) кезең-бірден үш жасқа дейін. Белсенді сӛйлеудің қалыптасу кезеңі, балада 

қоршаған  ортаның  артикуляциясына  ерекше  назар  аударудың  пайда  болуы.  Бала  сӛйлеушінің 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет