Хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы



Pdf көрінісі
бет94/110
Дата10.02.2022
өлшемі2.25 Mb.
#455263
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   110
file20191226084701

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №4(59) 2019 г. 

79 


артынан  кӛп  қайталайды және  ӛзі  сӛздерді  айтады  ,  бұл  ретте  дыбыстарды  шатастырады ,  олардың 

орын  ауыстырады,  бұрмалайды,  түсіреді.  Бір  жарым  жылдан  бастап  сӛз  жалпылама  сипатқа  ие 

болады. 

Баланың  2-3  жас  аралығында  сӛздік  қоры  молынан  дами  бастайды.  Бала  2 жасқа  толғанда  10-15 

сӛз білсе, 2 жастың аяғына қарай 300-ге жуық сӛз біледі. Оның ішінде зат  есім 75% құраса, етістік 

20%  құрайды.  Ең  бірінші  сын  есім,  үстеу,  есімдік  сӛздері  қолданыла  бастайды.  3  жастың  аяғына 

қарай баланың сӛздік қорында 1000-ға жуық сӛз болады, оның ішінде күніне қолданылатын сӛздердің 

үштен  бір  бӛлігі  етістіктер  болып  табылады.  Бала  күнделікті  қарапайым  сӛздерді  36%  қолданса, 

табиғат  заттарын  16%,  қимыл-қозғалыс  әдістерін  білдіретін  сӛздерді  15%  қолданады.  Сӛйлемде 

тұрлаусыз мүшелер мен шылаулар пайда бола бастайды [7]. 

2  жастағы  бала  ана  тілінің  кӛптеген  дыбыстарын  қате  дыбыстап  айтады  (физиологиялық  тілге 

байлану  деңгейуі).  Дыбыстау  қателіктерінің  сипаттамасы:  күрделі  сӛздерді  айту  кезінде  дауыссыз 

дыбыстарды  тастап  кету;  дауысты  дыбыстарды  дауыссыз  дыбыстардың  арасына  және  дауыссыз 

дыбысқа аяқталатын сӛздерге қосу;  егер сӛзде 2-3  дауыссыз дыбыс болса, күрделі дауыссыздар сол 

сӛз  құрамындағы  оңай  дауыссыз  дыбыстарға  айналады;  дауыссыз  дыбыстардың  жіңішкеруі; 

дауыссыз дыбыстарды құрамына қарай алмастыру; дыбыстардың орнын алмастыру [8]. 

3  жастың  басында  балада  грамматикалық  сӛздік  құрылым  қалыптаса  бастайды.  Алдымен  ол  ӛз 

тілектерін  бір  сӛзбен  айтып  білдірсе,  кейін  үйлестірімсіз  сӛз  тіркестерін  қолданады.  Есте  сақтау 

қабілеті  бар  2  жастағы  бала  зат  есімнің  жекеше  және  кӛпше  түрін,  мезгіл,  уақыт  пен  етістіктерді, 

кейбір  септік  жағдайларын  толық  меңгереді.  2-2,5  жас  аралығындағы  бала  5-8  сӛздерден  тұратын 

күрделі  сӛйлемде  пайдаланады.  Табыс  пен  кӛмектес  септіктері,  септік  жағдайларының  жекеше 

түрлерін меңгереді. Алайда, сын есім мен зат есімді бірге дұрыс қалыптастыра алмайды, сын есімді 

зат есімнен кейін жиі қолданады [9].  

Келесі  жарты  жылдықта  балада  сӛйлем  ішіндегі  шылау,  одағай,  еліктеу  сӛздерді  дұрыс  қолдану 

білу,  күрделі  сӛйлемді  құрастыру  процесі  жүреді.  Фонематикалық  есту  қабілеті  жағынан  келесі 

ӛзгерістер  болады:  бала  басқа  бӛлмедегі  сӛзді  естиді,  естігенін  қайталай  алады;  бір  фонемада 

ӛзгерістері  бар  сӛздерді  ажыратады;  оған  кітап  оқығанда,  айтылған  сӛзді  түсінеді;  біреудің  қате 

сӛздердін  дыбысталуын  байқайды.  Сӛйлеу  қабілеті  бұл  деңгейде  байланыстырып  сӛйлеу  сипатына 

ие. Диалогта, негізінен, екі кісі сӛйлеседі, егер үшінші кісі қосылса, алдыңғы екі кісінің біреуі кетеді, 

бұл үш немесе одан да кӛп кісі арасындағы сӛйлесу кезіндегі назарды ӛзіңе аудара алмаушылықпен 

тығыз байланысты. Диалог сұрақ-жауап, оның ішінде барлық сұрақтармен нақты жауаптар, қосымша 

ақпаратсыз және бір тақырыпта бірізділікпен толықтырылады. Сӛйлеу және белсенді сӛйлеуді түсіну 

дамиды.  Балалар  мәтінді  жақсы  түсінеді  және  сӛзбе  сӛз  айтады,  алайда  еркін  әңгімелеу  жоқ.  Қиын 

емес сюжеттік бейнелерді түсінед [10].  

Үшінші  (мектепке  дейінгі)  деңгей  3-тен  7  жас  аралығы.  Бұл  кезеңде  балалардың  сӛздерді  анық 

және  түсінікті  айтуында  үлкен  қадамдар  байқалады.  Бұл  кезеңде  кӛптеген  балаларда  әлі  де  ызың, 

ысқырық,  үнді  дыбыстарын  айтуда  дыбыстарды  дұрыс  дыбыстамау  ақаулары  кӛрінеді  [11]. 

Балалардың  сӛздік  қорының  біршама  кӛбеюі  жалғасады.  Сӛздердің  синонимін  анықтай,  оларды 

салыстырмалы  шырайда  қолдана  бастайды.  «Себебі,  ӛйткені,  егерде  т.б.»  сияқты  күрделі  шылау-

ларды  қолдануы  байқалады.  Балаларда  жалпылау  сӛздері  болады.  4  жаста  сӛздік  қоры  1900  сӛзді 

құраса, 6 жасында 3500-4000, 7 жаста 7000 сӛзге жетеді [3, 6].  

Фонематикалық  қабылдауының  дамуы  жалғасады.  4  жаста  бала  барлық  дыбыстардың  айтылуын 

ажырата  біледі.  Артикуляциядан  алыс  дыбыстарды  ажырату,  пароним  сӛздерді  қолдану  басталады. 

Ертегілерді айтуда дауыстарын әртүрлі интонацияға салып, дауыстарын ӛзгертіп айтуға үйренеді.  

Бес  жаста  бала  сӛздегі  дыбыстардың  санын,  сӛздегі  дыбыстардың  орнын  анықтай  алады  (басы, 

ортасы,  соңы  [12].  Алты  жаста  бала  сӛздің  интонациялық,  фонематикалық  және  ырғақ  құры-

лымдарын  түрлерін  пайдаланады.  3-7  жас  аралығындағы  балаларда  ӛздерінің  айтқан  дыбыстарын 

естіп,  бақылау,  және  оны  қателескен  жағдайда  түзету  дағдысы  пайда  болады.  Жеті  жаста  дыбыс 

деңгейі  жоғарылайды.  Балалар  сӛздегі  дыбыстардың  орнын,  оның  жазылуын,  жазатын  қолының 

бұлшық ет қозғалыстарын бір уақытта фонематикалық анализ, синтездеуді, яғни жазуды меңгереді.  

Сӛздік қордың кӛбеюі мен қатар сӛздердің грамматикалық құрылымының дамуы бірге жүреді [9]. 

Балалардың  сӛздерінде  неологизмдер  байқала  бастайды.  Сонымен  қатар,  осы  жаста  балалар 

грамматикалық қате жібермеуге, сӛздерді, сӛйлемдерді құрылымы, құрылысы бойынша дұрыс айтуға 

тырысады.  Күрделі  сӛйлемдерде  басыңқы  және  бағыныңқы  сӛйлемдерді  қолдана  бастайды.  Бұл 

деңгейдегі  балалар  байланыстырып  сӛйлеуі  меңгереді.  Бұл  күрделі  сӛйлем  құрылымын  қолдануға 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет