Атты халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет122/174
Дата02.07.2022
өлшемі6.73 Mb.
#459584
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   174
Сборник 2022 Жакыпов с обл

Transactions on Engineering Management, 2021. 68(1): 301-316. DOI: 10.1177/000812561988515
18. Will Purcell. The importance of innovation in business. Northeastern University, October 31, 2019. 
19. Janssen, O.: Job demands, perceptions of effort-reward fairness and innovative work behavior. In: Journal of 
Occupational and Organizational Psychology 73, 2000. Nr. 3, p. 287–302 
20. Fritzsche, B. A., & Parrish, T. J. Theories and research on job satisfaction. Career development and 
counselling: Putting theory and research to work, 2005. 180-202. 
Қасымова Р.
(Қазақстан Республикасы, Жамбыл обл., Жуалы ауд.,
 № 25 Ақтөбе тірек мектебі (ресурстық орталық)) 
 
ОҚУШЫЛАРДЫ КІТАП ОҚУҒА БАУЛУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
Қазіргі ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда жас ұрпаққа заман талабына сай 
білім беруде оқытудың озық технологияларын меңгеру өте-мөте қажет. Ақпараттық кеңістікті 
кеңейту жəне əлемдік қоғамдастыққа ену, адами ресурстарды қалыптастырудағы білім берудің 
рөлін арттыру жағдайында мектеп кітапханасының жүйесін жаңа тəсілдерге бағдарлау мен 
заманауи тұрғыдан жетілдіру маңызды мəселе болып табылады. 
Кітап оқу мəдениеті дегеніңіз кітап бетін бүктемеу, белгілер жасамау, сызбау, кітапты 
тиісті орынға уақтылы өткізу секілді кітапханалық этиканың қарапайым элементтерін 
қамтиды. Оқу мəдениеттілігі сондай-ақ, алдымен оқуға деген дұрыс көзқарас 
қалыптастырудан, оқырманның кітап арқылы əлемді танып жəне оқудан өзіне қажет нəрсе 
алуға беталысынан басталады. Басқаша айтқанда, оқырман кітапты жəй ғана уақыт өткізу үшін 
емес, өздігінен білім алып, өз еңбегін ұйымдастыруға жəне жетілдіруге пайдаланады. Оқудың 
зор мəнін түсіне отырып, ол көркем əдебиетпен ғана шектеліп қоймайды, өзінің мəдени ой 
өрісін кеңейту мақсатында ғылыми кітаптар оқып, өндірістік біліктілігін көтеру үшін арнайы 
əдебиеттерді де қадағалап отырады. 
Жас ұрпақтың жан-жақты үйлесімді дамып қалыптасуына білім мен тəрбие аса маңызды 
қажеттіліктердің бірі екендігі мəлім. Жас жанның туа біткен мүмкіндіктерін дамытатын
қажеттіліктер оқуға деген ізгі қатынастан туындайды. Əрине жас ұрпақ табиғаттан, қоғамнан, 
жаратылыс əлемінен, отбасыдан, айналадағы дүниеден ақпарат алады. Дегенмен, қазіргі 
заман талабына сай баланың кітап оқуына үлкен көңіл бөлуде. Мемлекет басшысы Қасым-
Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сəйкес БҒМ 


281 
«Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Білім берудегі кітап оқуға үйрету 
мəселелері əрдайым маңызды болғанымен, оқу сауаттылығын дамыту тапсырмасы ҚР-ның 
мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи мектеп үшін жаңа сала болып 
табылады. Қазіргі кезде оқушылардың қітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды 
міндет болды.
Кітап — бөлек бір əлем. Сол əлемге топ етіп, ондағы əлемге саяхат жасаған адамның 
ақылы мен санасы қатар өсері анық. Кітап оқу — бұл тек бос уақытты қызық өткізу ғана емес. 
Сонымен бірге тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте пайдалы іс. Нақтырақ 
айтқанда, бұл процесс ойлау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорды ұлғайтады жəне сөйлеу 
мəдениетін дамытып, ми белсенділігін жақсартады. Сондай-ақ, əрбір адамның бойындағы 
шығармашылыққа деген сүйіспеншілігін оятуға итермелейді.
Кез келген адам таным көкжиегіне шығып, білуге деген құштарлығы арқылы көптеген 
пайдалы ақпараттарға бас сұққысы келеді. Оқырмандар да солай. Балалар əдебиетін шолып 
өтіп, ертең роман-эпопеяларды парақтай бастайды. Бірер күннен соң қолында бизнес 
кітаптары жүреді. Əрине, ниеті дұрыс. Дегенмен оқу барысында жүйелікке көп көңіл бөлген 
абзал. Бастауыш оқушылары жоғарыда айтылған кітаптарды оқымай тұрып «Абай жолы» 
немесе «Көшпенділерді» оқығанымен, толықтай түсініп, өзіне керекті дүниені ала алмайды. 
Демек, асқан жүйелікпен, жасына қарай авторларды таңдаған жөн. 
А.П.Примаковский оқырмандарға кітаппен жұмыс істеудің көп шығын шығармайтынын 
айта келе, кітап оқу мəдениетіне мынадай түсініктеме береді: «Бұл техника жетістіктерін жəне 
ой еңбегі гигиенасын есепке ала отырып, оқу жəне кітап мазмұнына, оқу мақсатына, уақытына 
байланысты кітаппен жұмыс істеудің əртүрлі əдістерімен дұрыс ұйымдастырылған оқу. Одан 
əрі ол «оқу мəдениеттілігі мəтінді дұрыс түсінуге жоғары талап қойылуымен, оған қажетті 
анықтамалық əдебиеттерді пайдалана білумен түсіндірілетіндігін» ескертеді. Оқығанды 
түсінуде – оқырманның үнемі ана тілін, сондай-ақ шет тілдерін тереңдете білуге тырысуы, 
өзінің сөздік қорын, ойын терминдермен байыту, есімдер мен атаулардың тарихына, шығу 
тегіне үңілу (ономастика), ұғымдар мен белгілердің жəне шығу эволюциясы тəрізді тіл 
мəдениеті үлкен рөл атқарады». 
Оқу мəдениеттілігінің ерекшелігі ретінде мəліметтерді түсіну, ең негізгісін, маңыздысын 
жəне бағалысын анықтап алуды ескерген жөн. Бұл ретте логиканы, заңдарды жəне дұрыс 
ойлау формаларын білу, оларды практикада жиі пайдаланып, ойлау қабілетін тəрбиелеуде 
елеулі көмек көрсетеді. Сонымен бірге, оқырманның неғұрлым тиімді жəне үнемді оқу үшін 
оқырманға кітаппен жұмыс істеудің техникалық дағдыларын білуі қажет. Мұндай дағдыларға: 
іштей оқу, өте баяу оқымау, оқығанды жоспарлай білу, үзінділер мен ең қажетті мəліметтерді 
жазып алу, мəтінді конспектілеу жатады. 
Білім беру жүйесіне білім алушының өздігінен оқу дағдысын қалыптастыру негізі 
қалыптасады. Баланың жас ерекшелігіне қарай, балалар əдебиетін таңдап оқи біледі, оқығанын 
саналы түрде түсініп зердесіне тоқуға үйренумен қатар, сол кітапты оқу барысында оның 
айналадағы өзін қоршаған өмірді тани білуіне, өзінің əлі де білмейтіндерін білдіруге 
жəрдемдесуі қажет. Балалардың қабілетіне қарай кітаптарды өздері оқу барысында олардың 
пікірлерін, ой-өрісін, тілін дамытуға айрықша көңіл бөлінеді. Оқушыларды өздігінен кітап 
оқуға қызықтырып, жаңа кітаптарды оқуға бағыт беріледі. Алғашында оқушы кітаптан өзіне 
ұнайтын мəтін тауып алады, содан кейін кездескен қиыншылықтарды байқап, жол көрсету 
қажет. Сыныптан тыс оқу құрылысының өзіндік ерекшелігі бар:
1) Балалардың оқу дағдысын жетілдіру; 
2) Балалардың оқыған кітаптарының авторлары жəне басты кейіпкерлері жөнінде əңгіме 
өткізу; 
3) Балалардың оқыған кітаптары бойынша көрме ұйымдастыру;
4) Балалардың функционалды сауаттылығын арттыру, яғни оқыған кітаптарын өмірмен 
байланыстыра алу. 
Тақырып таңдау балалардың еркіндігіне беріледі. 


282 
Бастауыш сыныптарда кітап оқытудың мəн-маңызы,салмағы зор екенін осыдан ақ 
аңғаруға болады. Бұл тұрғыда –тек əдебиеттің жүгін көтеріп тұрған жоқ, ол болашақ ұрпақтың 
терең де тұңғиық ойын арттыруға, көзқарасын кеңейту міндетін арқалап тұр.Сондай кітап оқу 
барысында тəлім –тəрбие алуды насихаттайтын эстетикалық танымдық рөл атқарады. 
Оқушылардың шығармашылық қабілеті мен ойлай білу шеберліктерін тек ізденумен өз 
бетінше шеше білуді үйрету мен жетілдіруге болады. Мұндай ізденуді іске асыруда 
оқушыларға тыңғылықты кітап оқытудың маңызы үлкен. Көп оқыған адамның көкірек көзі 
ояу,зейіні зерек келеді. Ұлттың сөзін сөйлер, турашыл, белсенді келеді. 
Оқушыларды кітап оқуға баулудың 7 пайдасы: 
1. Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені жəне өзін тануға көмектеседі.
2. Кітап оқу – жадыны жəне ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адам жады мықты, тез 
ойлап, тез қорыта алады.
3. Кітап оқу – талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді. 
4. Кітап оқу – көптеген табыс пен жетістіктің ең басты негізі.
5. Кітап оқу – адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, əдемі сөйлеу 
дағдыларын қалыптастырады. 
6. Кітап оқу – сөздік қорды байытады жəне жалпы сауаттылық деңгейін арттырады.
7. Кітап оқу – адам бойында бұғып жататын шығармашылық қабілеттерді дамытады.
Кітапхананың алдында тағы да өз оқырмандарына кітаппен, ақпаратпен жұмыс жасауға 
көмектесу, оқу мəдениеттілігіне тəрбиелеу міндеті тұр. Жоғары оқу орындарының 
«ақпараттық мəдениеттілік негізі» пəнімен ғана шектеліп қоймай, кітапхана өзінің 
күнсайынғы жұмысында оқырмандармен жұмыс жасаудың əр түрлі əдіс-тəсілдерін пайдалана 
отырып оқу мəдениеттілігін, өсіп келе жатқан жас буынды ақпараттық мəдениеттілікке 
тəрбиелеуге міндетті.
Сонымен, оқу мəдениеттілігі – бұл қажет ақпаратты таба алуды, оны дұрыс түсініп жəне 
бағалай білуді, өзінің жан-жақты дамуына шығармашылықпен пайдалануды қоса ақпараттық 
мəдениет кеңістігіндегі қызмет стратегиясы болып табылады. 
 
Əдебиет 
1. Кітап оқудағы кейбір ережелер. https://bilim-all.kz/article/8537-Kitap-oqudagy-keibir-erezheler
2. Добрынина Н.Е. По ступеням культуры чтения/ Н.Е. Добрынина// Библиотековедение. - 2000. - №3. - 
С.53-57 
3. Библиотечная энциклопедия/ Рос. Гос. б-ка. - Изд-во РГБ «Пашков дом», 2007 
4. Примаковский А.П. О культуре чтения: методы самостоятельной работы с книгой в свете научной 
организации умственного труда/ А. П. Примаковский. - М.: Книга, 1969. - 158 с. 
5. Пантюхова Т.В. Читательская культура в обществе коммуникаций/ Т. В. Пантюхова// 
Библиотековедение. – 2008. - №3. – С. 61-64. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет