Атты халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет131/174
Дата02.07.2022
өлшемі6.73 Mb.
#459584
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   174
Сборник 2022 Жакыпов с обл

Кулсумакова Х.Ж. 
(Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы, Сарыкемер ауылы.
№1 мектеп-гимназиясы МАД тобының жетекшісі) 
 
БАЛАЛАРДЫ ЕҢБЕК ІС-ƏРЕКЕТІНЕ БАУЛУДЫҢ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ 
Білім беру жүйесін дамытудың негізгі факторларына білім беру парадигмасын өзгерту; 
оқыту, тəрбиелеу жəне білім беру сапасын арттыру; білім беру ұйымдарының материалдық 
базасын нығайту жұмыстарымен қатар, болашақ ұрпақтың социумда əлеументтенуі жəне 
олардың денсаулығын сақтау міндеттері де кіреді. 
Үстіміздегі ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Бұл 
педагогтардың алдында тұрған аса маңызды бірден-бір мақсат – балалар білім беру ортасында 
алған оқу-тəрбиесін жүзеге асырып, өздігінен əрекет ете алатын, оларды түрлі өмірлік 
жағдайда қолдана білетін, жалпы адамзаттың жəне ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген, 
өзіндік көзқарасы бар тұлғаны қалыптастыру мен Отанын шын құрметтейтін ұлтжанды əрі 
еңбекқор азамат тəрбиелеу. Бұл міндеттерді шешу үшін білім беру орындары, əр оқытушылар 
күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-


303 
қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, əдістері мен құралдарын одан əрі жетілдіріп, тиімді 
тəсілдерді нəтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері қажет. 
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті 
– ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде 
жеке адамды қалыптастыруға жəне кəсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті 
жағдайлар жасау – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, 
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіліерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан əрі 
дамыту міндеттерін көздейді. Сонымен қатар, Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілі оқу 
бағдарламасы, Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың типтік оқу жоспары əрбір педагог пен 
тəрбиешінің күнделікті ізденісі арқылы жаңартылған білім беру арқылы, барлық жаңалықтар 
мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту 
қажеттігі туындайды. 
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын 
күш тек білімде ғана. Қай елдің өсіп - өркендеуі, өркениетті өзіндік орын алуы оның ұлттық 
білім жүйесінің деңгейінде даму бағытына байланысты. Баланың физикалық дамуы 
генетикалық бағдарлама бойынша қаңқасының, бұлшық ет көлемінің өсуі арқылы нақты
көрнекті жағдайда өтіп жатады. əрекетіне қажетті өзгерістерді əр түрлі тəжірибелер 
жөнінідегі мағлұматтарды жаңа-тəсілдерді дер кезінде қабылдап дұрыс пайдалана білуі керек.
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы жайлы теория мен тəжірибе танымдық іс–əрекет пен 
белсенділіктің негізі болып табылады. Ол тұлғаның интеллектуалды дамуы мен 
шығармашылық қабілетінен көрінеді. Қазіргі таңда психология ғылымында кеңес 
психологтарының еңбектерінен жоғары психикалық қызметтің пайда болуы мен танымдық 
іс–əрекет (Л.С.Выготский, М.М. Мұқанов, Қ.Б. Жарықбаев, С.М. Жақыпов, С.Л.Рубинштейн, 
А.Н.Леонтьев), тұлғаның дамуы мен жеке тұлғалық ерекшеліктер (Б.Г.Ананьев, С.Қ.Берді-
баева, Н.Қ.Тоқсанбаева, Л.К.Көмекбаева Л.И.Божович, В.С.Мерлин) мен психикалық жаңа 
білімді қалыптастыру тəсілі жəне тұлғаның қалыптасу факторы екендігін көреміз. 
Балалық шақта, əсiресе когнитивтi қабiлеттiң сензитивтi даму кезеңiнде, творчестволық 
процестер ересектiк кезеңдерге творчествоның əсерiнiң этаптарымен салыстырғанда жүзеге 
асуы кем болмайды.
Білім мен тəрбиені қалыптастырудағы іс-əрекеттің əр қилы түрлерінің рөлі түрліше. 
Мысалы, заттық іс-əрекет (күрделі қозғалыс жəне орын ауыстыру) заттар мен құбылыстардың 
өз қасиеттерін «көрсетуі» үшін қажет, перцептивтік іс - əрекет (қабылдау мен бақылау) бұл 
қасиеттердің адамның қабылдаулары мен елестетулерінде бейнеленуі үшін, ойлау іс-əрекеті 
(анализ бен синтез) бұл қасиеттерді салыстырып, олардың ішінен ортақ қасиеттерді бөлу үшін 
сөйлеу іс-əрекеті (белгілеу жəне атау) бұл қасеиттерді абстракциялап белгілері ретінде 
қорытып, бекіту үшін қажет. Осыдан балалардың ақыл-ой қабілетінің дамуы арқылы 
танымдық қызығушылығын шығармашылығы оқу əрекетінде білімді оқытудың өзі бірнеше 
элементті қамтиды: 
- Балаларға белгілі бір кластағы заттарды не құбылыстарды көрсету (немесе олардың 
өздерінің аңғаруы).
- Балалардың заттарды не құбылыстарды бақылауы əр түрлі жақтары мен қасиеттерін, 
байланыстарын, іс -əрекеттерін анықтау. 
- Табылған қасиеттерді салыстыру, салғастыру жəне қарама –қарсы қою . 
- Табылған қасиеттерді терминде бекітіп алып жалпылау. 
- Терминді анықталған белгілері бар əр түрлі обьектілерге қолдану арқылы ұғымдарды 
қорытындылау. 
Зерттеулер бұл процестің көптеген маңызды белгілері мен механизмдерін ашты. 
Біріншіден, мəліметтерді өңдеу заттарды не құбылыстарды қабылдаудан кейін емес, 
қабылдаудың өзінің барысында басталады. Қабылдау бір обьектілерді іріктеп алып, 
басқаларын мүлдем елемейтін тəрізді. Одан арғы бүкіл ойша өңдеудің нəтижесі (салыстыру, 
қорыту) адамның нені байқағанына байланысты: 


304 
1) обьектінің өзінің құрылысына,
2) жеке тəжірибеге,
3) оқыту əдістемесіне.
Одан əрі білімді құрауға бастайтын қабылдағанды өңдеудің саналы жəне өрістейтін 
сипаты болуы міндетті емес екені анықталды. Оқу материалының ерекшеліктері тиісті 
білімдерді құру үшін қажетті заттың, перцептивалық жəне танымдық əрекетіне байланысты. 
Ғалымдар 
балалардың 
танымдық 
қызығушылығының 
дамуына 
математикалық, 
грамматикалық, географилық жəне басқа ұғымдардың қалыптасу процестерін егжей тегжейлі 
зерттеді. Тиісті білімді қалыптастыру үшін қажетті ақыл – ой қызметінің əдістері жəне осы 
əдістерді үйретудің тəсілдері анықталды. 
Баланы жеткілікті білім қорымен қаруландыру жəне өз бетінше ойлауға үйрету 
мəселесі, егер баланың білім алуға ынта – жігері, құмарлығы, қызығушылығы, білімдерді 
меңгеру əдістерін білуге құлқы болмаған жағдайда түпкілікті шешілуі мүмкін еместігі оның 
қызығушылық белсенділігін төмендетеді.
Тапсырманы шешу кезінде бір тапсырманы жан-жақты қарастыру маңызды. Шешімін əр 
түрлі əдістермен табады. Тапсырманың шешімін əр түрін əдістермен шешкенде тапсырманың 
дұрыстығына көзіңіз жетеді. Тапсырмадағы қарастырылатын шама арасындағы тəуелділікті 
терең ашуға ашуға мүмкіндік береді: Кейбір тапсырмаларды əр түрлі əдістерімен (ашу) шешу 
əр түрлі қасиет əрекеттері немесе олардың шығатын ережелерге негізделген. 
Оқу материалдарының ерекшеліктері тиісті білімдерді құру үшін қажетті заттың, 
перцептивалық жəне ақыл – ой əрекетінің əдістерін анықтайды. Демек, дұрыс білім мен 
ұғымдар қалыптастыру үшін мектепке дейінгі балалардың шығармашылық əрекетінің өз 
əдістеріне арнайы үйрету керек; осы əдістер арқылы оқылатын заттар мен құбылыстардың 
мəнді белгілерін байқауға, бөлуге, біріктіруге қол жеткізеді. 
Оқу үрдісінде танымдық қызығушылықты дамыту мақсатында баланы еңбек іс-əрекетіне 
баулудың жағымды жақтарына мыналарды жатқызуға болады:
- еңбек іс-əрекеті жалпылама оқытуға қарағанда, өз тəжірибесімен оқытуға мүмкіндік 
береді; 
- еңбек іс-əрекеті ойын түріндегі тəжірибесіне немесе дағдысына тəуелсіз
- еңбек іс-əрекеті эмоцияны басқаруға жаттықтырады, затты жасауға, қимыл-қозғалысты 
дамытуға, мəселені шешу қабілеттілігін жəне қажетті əлеуметтік мінез-құлықтың түрін 
таңдауға үрдістер мен құбылыстардың деректерін түсінуге, шешім қабылдауға, топты 
басқаруға үйретеді; 
- еңбек іс-əрекетіне баулу баланың шығармашылық қабілетін əрі қарай арттырады, 
əрқайсысы бір ойында өзінің қабілеттілігі мен қажеттілігіне қарамай көп нəрсеге үйренеді. 
Баланы еңбек іс-əрекетіне баулудың бастапқы ұстанымдары тапсырмалар балалардың 
ішкі сезімдерін, ойлары мен оқиғаларын, жеке қарым-қатынастары, өзіне деген сенімі мен 
өзін-өзі бағалауын арттыратын қызмет болып табылады. Оныің негізге ерекшеліктерін атап 
өтейік: 
- жаңа бейнелер жасау - бұл əдіс-тəсілдерін білуге, өз ойларымен, сезімдерімен бөлісу; 
- балалар сарапшы ретінде сияқты өз жұмыстарының сарапшысы болып саналады; 
- əр баланың үлесі маңызды: əр бала маңызды əрі ерекше үлес қосады. Олардың 
профессионадығына қарамастан əр жұмысты теңдей қарастыру керек; 
- өз жұмысы жайында əңгіме: балалардың əңгімесі, талабы, жұмысы жайындағы ойы 
шектеулі болмау керек. Балалардың жұмысын өзгертуге болмайды жəне балаларды өз 
шамаларынан тыс жұмыс істеуге қинауға болмайды; 
- балалардың барлығының еңбегін елеп, қоршаған орта қауіпсіз сезінетіндей, əрі барлық 
бала өзін жақсы сезіну үшін аса зор ынтамен орындау қажет. 
Қоғамымыздағы салауатты өмір салтын уағыздаудың жалпы сипатқа ие болуына орай, 
мектепке психологиялық дайындық - əлеуметтік орта саулығымен байланыстыра 
қарастырылады. Баланың көңіл – күйі - əлеуметтік орта саулығымен, салаутты қоғам 
табиғатымен сəйкестендіріледі. Ол бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып табылады. 


305 
Сондықтан, баланың мектепке дейінгі кезеңі ата-ананың балаға деген қамқорлығы мен оның 
жан-жақты өнерге деген қызығушылығы арылы дамытудың тиімді ережелері: 
- баланы сүю, құрметтеу, табиғи қабілетін ескеру; 
- балалаға əсер ететін құрғақ сөз емес, оның қалай айтылғаны, шын көңілден 
шыққандығы мəнді; 
- баламен қарым-қатынаста оның жасерекшелігімен, шамасымен шар болуы қажет. 
Сонда ғана үлкендер мен кішілер арасында қақтығыс жағымды шешіледі; 
- баланың пікірін соңына дейін тыңдау, не айтқысы келгендігін түсіну, асығыс 
қорытынды жасаудан алдын алу; 
- жазалауды баланың дамуына əсер етпейтіндей етіп жасау (бала жаман емес, оның іс-
əрекеті дұрыс емес); 
- балаға үйрететінді ең бірініші ата-ананың өзі толық меңгеруі қажет. 
 
Əдебиет 
1. 
Қалиұлы С. Əйəй əліппе. – Алматы: Аруна Itd, 2016 
2. 
Қазақ балалар əдебиетінің хрестоматиясы. Астана, 2004 
3. 
Тұрлыбаева Ж.А., Нұрмаханова Ж.Б. Суретті қазақ тілі. - Алматы: Palitra Press, 2012. – 224 б. 
4. 
Қазақ ертегілері / Суретші Г. Ф. Алматова. – Шымкент: Шикула и К ЖШС, 2018–104 бет.
5. 
Петровский А.В. Педагогикалық жəне жас ерекшелігі психологиясы. – А., 1987.
6. 
Дүкенбаева Ғ. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тəрбиелеу. – А., 1992, 
2016
7. 
Тоқсанбаева Н.Қ. Танымдық іс-əрекетке кіріспе. - А.: Қазақ университеті, 2007 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет