Атты халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференцияның материалдары


Лиясова А.А., Адилова Э.Т



Pdf көрінісі
бет135/174
Дата02.07.2022
өлшемі6.73 Mb.
#459584
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   174
Сборник 2022 Жакыпов с обл

Лиясова А.А., Адилова Э.Т.,  
(Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) 
Бағыбаева М.И. 
(Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университеті)
АТА-АНА МЕН БАЛА ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ТҰСТАРЫ ЖАЙЫНДА 
 
Біздің заманымызда балалық шақ қашан аяқталады? Дəстүрлі түрде жас ерекшеліктері 
психологиясының бірінші бөлімі ретіндегі балалар психологиясы баланың туылғаннан 7 
жасқа дейінгі даму үдерісін қамтиды. Бірақ қазіргі балалық шақ мектепке барғаннан кейін де 
жалғаса береді, бастауыш мектеп оқушысы бала болып қала береді. Оның үстіне, кейбір 
психологтар жасөспірімдік шақты да «ұзап кеткен балалық шақ ретінде қарастырады. Қандай 
көзқарасты ұстансақ та, нағыз ересектіктің баланы тек мектеп табалдырығынан тыс, 15 немесе 
17 жаста күтетіндігін мойындауымызға тура келеді [1, б.8]. 
Қазіргі таңда əрбір білімді адам «балалық шақ деген не, - деген сұраққа бұл – даму, 
үйрену, өзгеру кезеңі деп жауап қайтарады. Алайда тек ғалымдар ғана бұл кезеңді – 
парадокстар жəне қарама- қайшылықтар кезеңі, жəне онсыз даму процесі болмайтындығын 


313 
атап кқрсетеді. Балалық шақ дамудың парадокстары жайлы В. Штерн, Ж.Пиаже, И.А. 
Соколянский жəне т.б. жазды. Д.Б. Элькониннің айтуы бойынша балалық шақ 
психологиясында парадокс бұл – ғалымдардың əлі де шешетін дамудың жұмбақтары. [1, б.14]. 
Адам дүниеге келгенде өмірді сақтай алатын элементарлы механизмдермен ғана 
шектеледі. Физикалық құрылымы, жүйке жүйесінің үйлесуі жағынан, іс-əрекет типтері жəне 
оны бақылауы жағынан табиғаттағы мінсіз жан болып есептеледі. 
Алайда эволюциялық қатарға дүниеге келген уақытысында мінсіздіктің айтарлықтай 
күрт төмендеуі байқалады, яғни балада дайын мінез – құлық формалары болмайды. Негізінен, 
тірі жан жанауарлар қатарында жоғары сатыда тұрған сайын, сол сияқты оның балалық шағы 
ұзаққа созылады, сол сияқты туылғанда ол əлсіз болады. Бұл табиғаттың бір парадоксы болып 
есептеледі. Тарихи даму барысында адамзаттың материалды жəне рухани мəдениетінің 
үздіксіз артуы байқалады. Мыңжылдықтардың ішінде адамдардың тəжірибесі мың есеге 
көбейді. Бірақ бұл уақытта туылған сəби еш өзгерген жоқ. Антропологтардың мəліметтері 
бойынша анатомо – морфологиялық ұқсатықты зерттей отырып, олар кроманьондықтармен 
жəне қазіргі европалық адамды салыстырады. Қорытынды бойынша қазіргі заманғы адамның 
жаңа туылған сəбиі он мың жылдар бұрын өмір сүрген сəбиден еш айырмашылығы жоқ.
Сонда табиғи шарттары ұқсас бола тұра психикалық дамудың деңгейі, қоғам дамуының 
тарихи кезеңдерінде бала əртүрлі жетістіктерге жетеді. Балалық шақ бұл жаңа туғаннан толық 
əлеуметтенгенге дейін жалғасатын жəне əрі қарай ержеткенге дейін; бұл кезең баланың адами 
қоғамның толық мүшесіне айналуы. Сонымен қатар, алғашқы қоғамдағы балалық шақтың 
ұзақтығы орта ғасыралдағы қазіргі күндердегі баланың шағының ұзақтығы мен тең емес. 
Адамның балалық шақ этапы- тарихи өнімі, жəне сол секілді олар мың жыл бұрын өзгеруге 
бейім болды. Сондықтан да баланың балалық шағын жəне оның заңдылықтарын, оның 
қалыптасуын адами қоғамның жəне заңдылықтарының дамуынан тыс қарастыруға болмайды. 
Балалық шақтың ұзақтығы қоғамның материалды жəне рухани мəдениетінің деңгейіне 
байланысты. Қазіргі таңда ата ана мен бала арасындағы психологиялық түсіністік барлық 
отбасында биз ойлағандай деңгейде емес. Дегенмен осы тақырыпты өрбітіп көрсек. 
- Балаңмен қалай жақсы қарым-қатынас құруға болады? 
- Оны мəжбүрлеп қалай тыңдатамыз? 
- Мүлдем шиеленісіп кеткен қарым-қатынасты түзеуге бола ма? 
Бала тəрбиелеу кезіндегі тəжірибеден осындай «шексіз» сұрақтарды көруге болады. 
Осындай шексіз сұрақтардың жауабын табуда – ата-аналарға, ұстаздарға, тəрбиешілерге 
психолог көмектесе ала ма? 
Соның бірі, баланың жетілуіне үлес қоса отырып, баламен жақсы қарым-қатынаста болу 
тəсілі. 
Балаға қарым-қатынас ауадай қажет. Балаға тамақ қаншалықты қажет болса, сөйлесу, 
яғни коммуникацияға түсу соншалықты қажет. Пайдалы тағамдармен тамақтанып, жақсы 
күтім көретін, бірақ ата-аналарымен қарым-қатынас жасамайтын бала – психикалық түрғыдан 
да, физикалық тұрғыдан да дамымайды, өспейді.десек қатеслеспеспіз. [2, б.7]. 
Тамақпен салыстыратын болсақ, тамақтың да зияны болатынын айтуға болады. Зиян 
тамақ баланың организмін улайды; дұрыс емес қарым-қатынас баланың психикасын улайды. 
Балалардың тұйық, сөзге шорқақ, бақытсыз болып өсуі – тікелей отбасындағы қарым-
қатынасқа байланысты.
Бірақ қазіргі таңда əлем психологтартары тəжірибелер жасай отырып, бұл мəселені 
болдырмау үшін, отбасындағы жақсы қарым-қатынас орнату тəсілдерін ойлап тапты. 
Гуманистік психологияның негізін салушы, америкалық психолог Карл Роджерс – 
«Орталықтандырылған тұлға» тəсілі деп атады. Яғни, қарым-қатынас орнатып тұрған 
адамыңды басты орынға қоясың. Бала тəрбиесінде қиналып,психологтың көмегіне жүгінетін 
көптеген ата-аналардың өздері бала кезінде басынан ортақ қарым-қатынас таба алмау 
мəселелерін бастан кешірген.


314 
Психологтар, ата-ананың қарым-қатынасы мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастап 
баланың психикасына жазылады деген байламға келген. Бұл мəселе бала өзі ер жетіп, ата-ана 
болған кезінде көрініп, қайталанады. Осылайша ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады.
«Маған ешкім қарамаса да, мен ержеттім» деген əке, өзінің баласымен жақсы қарым-
қатынас орната алмай жүргенін де байқамайды. Ата-аналардың екінші бөлігі тəрбиелеудің 
дұрыс жақтарын жақсы біледі, бірақ тəжірибеде қолдана алмайды. Ата-аналарға бала тəрбиесі 
жөніндегі түсіндіру жұмыстарын ғана жүргізу аздық етеді, оларды үйрету керек деген 
психологтар тарапынан тұжырымдар жасалған. Сонымен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет