315
Балаңыз қиыншылыққа ұшырап, сіз оған уақытында көмектеспесеңіз, онда ол балаға
зиян келтіреді.
Кейбір ата-аналар, көбінесе əкелер балаларын қиындықтан қорықпауға
үйретеді. Егер сіздің ұлыңыз бен қызыңыз көмек сұраса, немесе бастаған істерін аяғына дейін
жеткізбей қалдырса- онда оларға көмек көрсету керек. Барлық ата-аналар үшін мектепке
дейінгі бала өзі түймесін тағып, қолын жуып, ойыншықтарын жинайтыны, бірақ өз істерін күн
ішінде ұйымдастыра алмайтыны белгілі. Сондықтан «алдымен барамыз, кейін...», «Енді біз...
боламыз» деген сөздерді жиі естуге болады. Бірақ баланың өзі атқаратын істері ол бұрын
ересектермен бірге атқарған істердің есебінен көбейіп тұрады [2, б.52].
Өз балаңды жақсы көре біл!
Балаңыздың сізбен бірге болғанына қуаныңыз. Балаңыз қандай, солай қабылдай біліңіз,
оны төмендетіп намысына тимеңіз. Өзіне деген сенімділігін арттыруға өз тарапыңыздан
жағдай жасаңыз, əділетсіз жазалауға жол бермеңіз. Балаңыз сіздің іс əрекетіңізден жылылық
пен махаббатыңызды сезіне білуі қажет.
Балаңызға қайырымды да, үлгілі бола біліңіз!
Балаңыздың бойына өз халқына, ұлттық дəстүріне деген құрметті дарытуда өзіңіз үлгі
болыңыз. Ол үшін шынайы сыйластық, кешірімді тату тəтті қарым қатынас, үлкенге құрмет,
кішіге ізет, жанұя мүшелерінің бір біріне
деген жанашырлық сезімдерін, баланың бойына
дарыта білудегі жауапкершілігіңізді естен шығармаңыз!
Өз балаңызбен ойнаңыз!
Балаңыздың қалауы бойынша ойнаңыз, əңгімелесіңіз, арнайы уақыт бөліңіз. Балаңыздың
ойынын шын ниетпен қабылдап, оның балалық əлеміне еніп, өзіне жəне өзгелерге балаңыздың
көзқарасымен бір кезек қараңыз. Бала ойын арқылы өмірдің қиыншылық сəттеріне қарсы
тұруға дағдыланады, адамдармен қарым қатынасты орнатуға үйренеді.
Баламен бірге еңбектен!
Балаңызға үй шаруасына қатысып, жəрдемдесуге рұқсат беріңіз. Еңбек ету алгоритімін
үйретіңіз. Берілген тапсырманы орындауда жауапкершілікті сезіне білуді қалыптастыру үшін,
еңбек ету кезіндегі жіберген қателіктерін емес, жетістіктерін айтып, қолдау көрсетіңіз.
Адам еркіндігінің шектелуі мен бала мүмкіндігін көрсете біл!
Əр адам өзіне де, өзгеге де кесір келтірмей өмір сүруі керек. Баланы тəрбиелеуде, оның
жеке тұлға болып қалыптасуында осы қағиданы есте тұтып, белгілі бір заңдылықтарды
орындай отырып, баланың тəрбиесіне аса ұқыптылықпен қарап, нəтижелігіне мəн беру керек.
Бала тəрбиесіндегі жазалау əдісі жəне шектен тыс еркелету оның тəрбиесіне кері əсерін
тигізеді.
Тағы бір ата-аналардың бала қараудағы жіберген қателіктерінің бірі – ата-ана баласының
немен шұғылдану керектігін, қай салада өзін көрсету керектігін өздері шешкенді дұрыс деп
санайды, əрі соны талап етеді. Алайда егер балаға істеп жүргені ұнамаса, ол кез-келген уақытта
оны доғарады. Себебі адам тек өз қалауымен таңдаған ісін сүйіп жасайды.
Осындай сəттерде қандай шешім қабылдаған дұрыс болады?
Бастапқыдан баланың қай
істі ұнататынын бақылау керек. Бұл кез-келген іс болуы мүмкін, тіпті қуыршақпен,
машиналармен ойнау, достарымен сөйлесу, əр түрлі модельдер жинау, футбол ойнау,
заманауи əндер... Аталған істердің
ішіндегілер сізге қажетсіз, тіпті зиянды болып көрінуі
мұмкін. Бірақ та осылар балаңызға маңызды жəне қызықты, сондықтан баланың көңілін
қалдырмау керек. Керісінше, баламен бірге отырып ойынына қатысқан жөн болар, сол кезде
сіз бір жағынан балаңыздың немен қызығатынын байқайсыз, сонымен қатар оған өзіңіздің
ақыл-кеңесіңізді бере аласыз. Осындай жағдайда бала
сіздің жақсы ниетпен келіп
отырғаныңызды, оған көмектесіп отырғаныңызды түсініп, оны қабылдайды. Мысалы, бір
əкенің қолданған тəсілін қарастырайық. Бас кезінде ол баланының бөлмесінен қатты шығатын
əндерден шаршайтын. Кейін əкесі баласына шетел əндерін талдап, оны жазып жүруге кеңес
берген болатын. Арада біраз уақыт өткеннен кейін баласынан өзгерістер көре бастады. Ұлы
музыканы ақырын тыңдап, ағылшын тіліне деген қызғушылығы пайда болды. Ол тіпті
ағылшын тілін оқып үйреніп, керемет деген аудармашы болып шықты. Əкесінің пайдаланған
тəсілі пайдалы болып шықты. Бірақ осы кезде ата-аналарда мынадай талаптар пайда болады:
316
«Бала тек бір нəрсемен ғана шұғылданбауы тиіс, міндеттер, дисциплина болуы керек!» Ата -
аналардың баламен қарым -қатынасын дұрыс орнату үшін, оларды түсініп дұрыс тəрбиелеу
үшін, ата ана қзімен жұмыс жасап, бала позициясын реттегені абзал.
Əдебиет
1. Жұбаназарова Н.С. Жас ерекшелік психологиясы. Оқулық. Алматы, Қазақ университеті, 2014.
2. Гиппенрейтер Ю.Б. Общатся с ребенком как? М.: Астрель 2007. – 238 с.
3. Обухова Л.Ф. Детская психология. М., 2010
4. Выготский Л.С.// Собр.соч.: в 6 т. М.,2008 Т.4
5. Ильин Е.П. Психология общения и межличностных отношений – СПб.: Издательский дом Питер, 2014.
– 576 с.
Достарыңызбен бөлісу: