Атты халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференцияның материалдары


Тубаева Г.С., Тымбаева Ж.А



Pdf көрінісі
бет162/174
Дата02.07.2022
өлшемі6.73 Mb.
#459584
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   174
Сборник 2022 Жакыпов с обл

Тубаева Г.С., Тымбаева Ж.А. 
(Қазақстан Республикасы, Тараз қ. 
№ 28 бөбекжай – бақшасы)
 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ЕКІНШІ ТІЛДІ ҮЙРЕТУ 
МƏСЕЛЕСІ 
Шетел тілін білу өмірдің өзекті мəселесіне айналды. Бірақ ең алдымен бала өзінің ана 
тілінде толық сөйлеуі қалыптасып, барлық дыбыстарды анық айтқаннан кейін басқа шетел 
тілін үйрету қажет. Сондықтан, өскелең ұрпақты шетел тіліне оқытуда əр түрлі əдістемелік 
жаңа əдістерді түрлендіре, күрделендіре түсу қажеттілігі туындап отыр. Осыған орай əр 
оқытушы шетел тілін оқытуда жаңа əдістемелік технологияларды қолданып жас ұрпақтың 
тілге деген ынтасын, көзқарасын, біліктілігін арттыру мақсатын алға қояды. Əрине, тілді 
меңгертуде əлі де көптеген қиыншылықтар жетерлік. Соның бірі сөйлеу əрекеті. Ол негізінен 
жеке тұлғаны түрлендіріп оқытудың жетіспеушілігінен туындайды.
Тілді дамыту мен шет тілін меңгерудегі ойынның рөлі туралы Б.Шварц, Д. Берген, 
З.А.Кочкина, Т.Н. Ушакова жəне т.б. еңбектері орын алған. Бəрімізге мəлім шетел тілін 
оқытудың негізгі мақсаты – коммуникативтік қатынасты дамыту. Тілді меңгертудің негізі - 
есту, көру қабілеттілігінің байланысын түрлі жаттығулар арқылы дамытып, бала мен жеке 
жұмыс дағдысын қалыптастыру. Ендеше əр баланың өмірлік қадамына жол ашудың ауыр 
салмағы мектеп мұғалімінің шағына түседі. Сонымен қатар қазіргі замандағы ғылым мен 
техниканың күрт дамуына қарай мамандардың да қоғамға сай, болашаққа қабілетті, бейімді, 
икемді болу қажеттілігінен туып отыр. 
Мемлекетімізге шет тілін білетін жоғарғы деңгейдегі мамандардың санын арттыру 
мектеп қабырғасында басталуы тиіс. Шет тілі оның ішінде ағылшын тілі қазіргі қоғам 
дамуында үлкен рөл атқарып отыр. 
Ендеше əр баланың өмірлік қадамына жол ашудың ауыр салмағы мектеп мұғалімінің 
шағына түседі. Сонымен қатар, қазіргі замандағы ғылым мен техниканың күрт дамуына қарай 


375 
мамандардың да қоғамға сай, болашаққа қабілетті, бейімді, икемді болу қажеттілігінен туып 
отыр. Мемлекетімізге шет тілін білетін жоғарғы деңгейдегі мамандардың санын арттыру 
мектеп қабырғасында басталуы тиіс. Шет тілі оның ішінде ағылшын тілі қазіргі қоғам 
дамуында үлкен рөл атқарып отыр. 
Сондықтан өскелең ұрпақты шетел тіліне оқытуда жаңа əдістерді ұтымды қолдану
оқытушының жас ұрпақтың тілге деген ынтасын, көзқарасын, біліктілігін арттыру мақсатын 
ең алдымен қояды. Əрине, тілді меңгертуде əлі де көптеген қиыншылықтар кездеседі. Соның 
бірі сөйлеу əрекеті. Ол негізінен жеке тұлғаны түрлендіріп оқытудың жетіспеушілігінен 
туындайды. Тілді меңгертудің негізі – танымдық іс–əрекетінің байланысын түрлі жаттығулар 
арқылы дамытып, бала мен жеке жұмыс дағдысын қалыптастыру. 
Баланың оқудағы негізгі психологиялық түрткісінің бірі – тілді үйренуге деген 
қызығушылығы. Əрине пəнге деген қызығушылық болмаса, шет тілін меңгеру бала ға қиынға 
соғады. Ал баланың қызығуы бір нəрсеге асыра зейін қоюдан, оған құмартудан, соны үнемі 
ойлаудан көрініп отырады. Бала бойына осындай пəнге деген қызығушылықты ұялату, əрине 
ең алдымен мұғалімнің кəсіби педагогикалық шеберлігі мен психологиялық сауаттылығына
байланысты [1].
Бастауыш сынып жасы шет тілін оқытуға өте қолайлы кезең, өйткені бұл жастағы 
балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді жəне өзінің сөйлеу 
тəжірибесін, тіл «құпияларын» байқау қызығушылығы пайда болады. Олар лезде берілген 
шағын материалды меңгеріп алып, оны өте жақсы кері айтып бере алады. Бірақ ол ең алдымен 
өз ұлтының ана тілін толық жəне дұрыс меңгеруі қажет. Сондықтан ана тілін толық 
меңгермейінше өзге тілді қабылдау бастауыш сынып бала сы үшін қиындық туғызуы мүмкін.
Тілді меңгеруді үйрету мен оқытуда сөйлеу, тыңдап түсiну, оқу талаптарымен қатар 
аударма жəне жазу техникасы бойынша арнайы бiлiктер жоспарланып мiндеттi түрде берiледi. 
Тілді терең меңгерту бағытындағы мектептерде оқу мен сөйлеу басты əрекет бола отырып, 
оқытудың тəрбиелiк, бiлiмдік, дамытушылық мақсаттары төмендегiдей бөлімдерде нақтылана 
түседi: 
 
жаттығулардың негiзгi компоненттерiн меңгерту (жалпы дамытатын жəне арнайы 
жаттығулардың кейбiр түрлерiн қоса); 
 
тілді қабілдауда баланың саналы түрде қатынасы, өзiнiң болашақ өмірінде шетел 
тiлдерiн күнделікті қажеттілікпен қолдана бiлу икемділігін сезiнуге бағыттау; 
 
баланың өз біліміне деген қажеттi жалпы мəдени ой-өрiсiн кеңейту; 
 
таным процесiнде баланың ойлауы, есте сақтауы, тiл мəдениетi, сөйлеу мəдениетiн 
дамыту; 
 
бала ларды ауызша жəне жазбаша түрде тұрмыс тіршілігіне байланысты өзара мəдени 
қарым-қатынас жасай бiлуге дайындау [2]. 
Білім беру жүйесін ұйымдастыру, балалардың өздігінен білімді меңгеру əрекетіне 
жағдай жасау деп қарастыру керек. Оқу сабақтастығы, психологиялық ахуал, педагог пен 
бала арасында орнатылған ерекше карым-қатынас. Оқытушы тілді үйретуде тек дайын 
білімді түсіндіріп коюшы, бақылаушы немесе бағалаушы емес, танымдык іс-əрекетті 
ұйымдастыратын топтық жұмыстың ұйтқысы. Тек осындай білім беру мен оқыту ғана бала
интеллектісін дамытып, оның творчествалық қабілетін қалптастыру. 
Білім беру орындарында шетел тілі - ерекше пəн. Басқа елдің тілін игеруде бала лар ұзақ 
үйрену жолынан өтеді. Ал педагог балалардың сол əрекетті қиындықсыз меңгеруіне тікелей 
ықпал етеді. Күнделікті жаңа сөздермен танысу жəне оны жаттау, аудармен сөздіктермен 
жұмыс, грамматикалық конструкцияларды талдау т.б.
Оқу үдерісіндегі технология ерекшелігі, оқу əрекетінің негізгі себебі танымдық 
қызығушылығымен сипатталады. Ал білім беру оқу орындарында көптеген нұсқауларды 
жəне оқытудың жаңа технологияларын пайдалануда. Бірақ, кеңінен колданылатын жаңа 
технологиялар өзінің жүйелілігін, сонымен қатар жүйелі ұйымдастырып, бір жақты 
топтастыруын қажет етеді. Осы мəселені кеңес зерттеушілері В.М. Максимова, Г.К. Селевко, 
А.Я.Савильев т.б. еңбектерінде қарастырған. 


376 
Осы орайда оқудың жаңа технологиясын В.М. Максимова төмендегідей топтастырған: 
 Əр түрлі пəндік білімнің интеграциясы - интеграциялық технология; 
 Құрылымды- логикалық технология; 
 Ойын технологиясы; 
 Психологиялық тренингтік технология; 
 Ақпараттық-коммуникативтік технология; 
 Диалогтік технология. 
Қазіргі білім беруде жоғарыдағы оқуты технологияларын ұйымдастыру, бұрынғы кезге 
қарағанда жекеленген, кеңейтілген жəне жүйеленіп, бір бағытқа топтастырылған. Сол 
сияқты жоғары оқу орнындағы жаңа педагогикалық технологияның жаңа жүйесін 
қалыптастыру бұл оқытушымен студенттің белсенді іс-əрекетіне жəне олардың ұйымдастыру 
қабілетіне байланысты. 
Ал Г.К.Селевконың еңбектеріндегі оқытуды ұйымдастыру мазмұны басқа 
технологиялардың мазмұны жəне қолданылу тəсіліне ұқсас келеді. Олай болса жаңа 
технологияларды талдай келе мынандай қорытынды жасауға болады: əр мұғалімнің өзіндік 
кəсіби шығармашылығы педагогикалық үдерісте жарияланып отыруы қажет, ал осыдан 
мынадай анықтама белгілі болады: «жаңа педагогикалық технология – ол педагогикалық 
үдерістің теориялық жəне қолданбалы жақтарын қалыптастыратын, педагогтің жəне білім 
алушьның жеке тұлғасын дамытуға əсер ететін олардың білім мен тұлғалық қасиетінң даму 
нəтижесін байқауға, кезең бойынша өлшеу мен бағалауға болатын үрдісті» айтамыз. 
Адамды өзінің таңдаған мамандығы бойынша жеткілікті кəсіби білім қорымен 
қаруландыру жəне өз бетінше ойлауға үйрету мəселесі, егер оның білім алуға ынта – жігері, 
құмарлығы, қызығушылығы, білімдерді меңгеру əдістерін білуге құлқы болмаған жағдайда 
түпкілікті шешілуі мүмкін еместігі оның ақыл–ой белсенділігін төмендетеді. Жаңа 
педагогикалық технологияны таңдау критерийі туралы Н.Д.Хмель ұсынған келесі 
көрсеткішті қарастырамыз: 
 теориялық жəне практикалық ойлау; 
 зерттеушілердің əдістемелік ұстанымы; 
 жүйелі бағалау; 
 педагогикалық технология үдерісінің екі жақтылығы; 
 алынған нəтижелердің диагностикасы; 
 субъектіні зерттеу, оқу–тəрбие үдерістегі педагогикалық қарым-қатынас; 
 оқу–тəрбие үдерісінде шығармашылық технологияны қолдану. 
Оқу-тəрбие үдерісі - бұл білім алушылардың бірлескен қызметі, педагогтар мен 
психологтардың жетекшілігімен қоғамдық өмірге, кəсби іс–əрекетке дайындық, рухани жəне 
мəдени білімді маманның бойына қалыптастыру бағытында іске асатын əрекет. 
Баланың жаңадан қабылдаған заттары мен түсініктерін талдау жəне саралау 
мүмкіндіктері онда заттардың жекелеген тікелей қасиеттерін анықтау мен айырудан гөрі 
күрделілеу қызмет түрінің қалыптасуымен байланысты. Ал мектептегі оқу үдерісінде бақылау 
деп аталатын бұл іс–əрекет түрі қалыптасады. Оқу қызметі барысында бала қандай да бір 
пəннің жаңа материалдарын қабылдау міндеттерін алып, ал одан кейін өзі де кең түрде 
тұжырымдайды. Осының арқасында қабылдау арнайы жоспарланған мақсатқа бағытталады. 
Сондықтан педагог бұл құбылыстарды көру немесе есту əдістерін (олардың қасиеттерін 
анықтау ережесі, қол көмегі мен көздің қимыл бағыттарын жəне т.б.), бекітілген қасиеттерді 
жазу құралдарын бала ларға үздіксіз көрсетіп отырады. Ол түрлі əдіс–тəсілдерді қолданғанда 
ғана көздеген мақсатына жете алады [3]. Оқу үдеріс жұмысының жемісті болуы – бала да 
білімге деген қызығушылықтың нəтижесі болып табылады. Қызығушылықты келесі 3 
маңызды процес анықтайды: 
1. Оқу материалының мазмұны мен жаңалықтар; 


377 
2. Оқытудың проблемалық сипаты, балалардың шығармашылық жəне практикалық 
жұмыстарды өздігінен орындау, көрнекі құралдар мен техникалық құралдар т.б. бұл оқудың 
əдістері мен формалары. 
3. Педагог пен балалар арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық 
ерекшеліктері. Оқу қызметінде балалар үйлесімді педагогикалық қарым-қатынастың болуы, 
мұғалімнің жағымды эмоциялық күйі, мейірімілігі, бала лардың бірін-бірі қолдауы, өзара 
жағымды байланысты ұйымдастыру. 
Балаларға тілді меңгертіп, оқуды, жазуды, сөйлеуді, бір тілден екінші тілге аударуды т.б 
біліктілікті үйреткенде, біз оларға басқа халықтың мəдениетіне жол ашамыз, яғни басқа 
халықтармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туғызамыз. 
Əдебиет 
1. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. - М.: Логос.- А., 2005. – 453 б. 
2. Зимняя И.А. Психология обучения иностранным языкам в школе. - М., 1991. 
3. Щацкий С.Т. Энциклопедия современного учителя. - М.: АСТ.- 2000. -200 с. 
4. Бəкірова А. Байланыстырып сөйлеуге арналған көрнекіліктер пайдалану жолдары. // Бастауыш мектеп 
№10, 1997 ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет